Оспанова Гуьлпат Айбасовна статистика магистрі, аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Шетел банктерінің тәжірибесінде коммерциялық банк қызметінің рейтингін бағалау

 

 

 Рейтингтік  агенттіктердің бірінің талап  етілген  деңгейдегі  рейтингі бар.  Қазақстан Республикасының резиденттері емес – заңды тұлғалар банктік  холдинг немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге өкілетті  органның келісімін  ала алады. Банктік холдинг  -  өкілетті  органның  жазбаша  келісіміне  сәйкес  банктің үлестірген акцияларының  25%  немесе  одан  да  көп  бөлігіне тікелей не жанама түрде иелік ете алатын, банктің акцияларының  25%-ті  не одан көп бөлігі бойынша дауыс беруге құқылы, банк  қабылдайтын шешімге ықпал ете алатын заңды тұлға. Банктің ірі қатысушысы - өкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің акцияларының 10%-тін не одан  көп бөлігін тікелей немесе жанама иеленетін, банктің акцияларының  10%-ті  не одан көп бөлігі бойынша дауыс беруге құқылы, банк қабылдайтын шешімге ықпал ете алатын заңды немесе жеке тұлға. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банк холдингі, банктің ірі қатысушысы бола алмайды.              

  Белгілі бір кезеңдегі банктер иерархиясын анықтайтын жыл сайын жиын кесте жасау, осындай бағалау нәтижесі болып саналады. Осындай кестелер халықаралық, сол сияқты ұлттық дең халықаралық, сол сияқты ұлттық деңгейлерде жасалады; оған абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер, сондай – ақ жыл ішіндегі көрсеткіштердің өзгеруі кіреді.

Халықаралық деңгейдегі аса ірі банктер құру мен ранжирлеу сол бойынша жүзеге асатын көрсеткіштердің қатарын мыналар жатады:

- банктің шоғырландырылған балансы бойынша күнтізбелік (қаржылық) жылдың соңына активтердің жалпы сомасы;

- сол уақытқа (күнге ) депозиттердің жалпы сомасы;

- берілген несиелер бойынша жалпы берешек;

- банктің меншікті капталының көлемі;

- өткен жылдағы таза пайданың(салықты шегергендегі пайда) көлемі;

- капиталдың табыстылығы (меншікті капиталды жылдық орта мөлшеріне таза пайданың қатынасы);

- жыл соңындағы активтерге капиталдың қатынасы;

- меншікті акциялар бойынща кіріске пайданың қатынасы [1. 185 б.].

Банкке сапалық тұрғыдан баға беру қаржылық жағдайы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне талдау жасау негізінде, оның сенімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте осындай баға берудің екі тәсілі қолданылады.

Бірінші тәсіл банк аралық қатынастарды ұйымдастыру кезінде пайдаланылады. Ол банктер арасындағы есеп айырысу мен несие операцияларының жағдайларын анықтау үшін, негізінен, жеке талдау әдістемесіне негізделеді.

Екінші тәсілге бүкіл немесе коммерциялық банктердің басым көпшілігі соған тартылатын коммерциялық банктер қызметіне тәуелсіз сараптама жасау тән. Оларды рейтингтік бағалау, сараптаманың нәтижесі болып табылады. Коммерциялық банктерге рейтингтік баға беруді тәуелсіз рейтингтік агенттерге, сондай-ақ елдің үкіметі атынан банктік қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізе алады [2. 42 б.]

Рейтингтік агенттіктер бағалауды жүргізу үшін, негізінен, ашық түрде баспасөзге жарияланатын банктер есептілігінің материалдарын пайдаланады. Агенттіктер коммерциялық банктерден сенімдігін бағалаудың өзіндік әдістемелерін әзірлейді. Бағалау нәтижелері баспасөзде жарияланады.

Мемлекеттік банктік қадағалау органдары жүзеге асыратын рейтингтік бағалау коммерциялық банктердің сенімділігі туралы барынша толық  және терең түсінік береді.

Банктік қадағалау елдің экономикалық өсуінің, банктерге деген салымшылар сенімін арыттырудың маңызды факторы ретінде, банк секторының қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін қандай бір болсын елдердің үкіметі пайдаланатын жүйе болып саналады.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын банктер қызметін бағалаудың әдістемелерін коммерциялық банк қызметінің зерттелін жақтарының санымен, талданатын параметрлер мен көрсеткіштер санымен, оларды сипаттайтын бағалаудың таңдап алынған стандарттарымен, бағалау  үшін пайдаланылатын әдістеріне(статистикалық, математикалық және т.б.) ажыратылады.

Шетелдер тәжірибесінде, осы уақытқа дейін коммерциялық банктердің сенімділігін рейтингтік бағалаудың бай тәжірибесі жинақталған. АҚШ–та қолданылатын және қадағалау органдарының көптеген бағалау жүйесінің негізіне жататын СAMEL рейтингтік жүйесін мысал ретінде келтіруге болады.

1997 жылдың 1 қаңтарынан САМЕL жүйесіне нарық тәуекелдеріне сезімталдық жаңа элементі - S енгізілген болатын, осымен байланысты аталған жүйе CAMELS атауына ие болды.

Жүйенің жаңа элементі нарық тәуекелдерінің табыстылық пен банк капиталына тигізетін ықпалын бағалауға арналған; оған сондай-ақ нарық тәуекелдерін (бағалы қағаздарды сату кезіндегі пайыздық, валюталық баға тәуекелдерін) бағалау, сондай-ақ оларды басқару жүйесін бағалау кіреді.

Англия банкі 1997 жылдан банктердің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін RATE жүйесін қолданады. Аталған жүйеге өзара байланысты үш блок: тәуекелді бағалау, қадағалау құралы, қадағалау құралдарын қолданудың тиімділігін бағалау кіреді.

Коммерциялық банктердің сенімділігін бағалаудың рейтингтік жүйесін құрудың шетелдік тәжірибесін қорытып жинақтау келесі сипатты белгілерді анықтауға мүмкіндік береді:    

- талдау мен бағалаудың құрамды бөліктерінің (компонеттерінің) қатарына; біріншіден, несие ұйымдарының қызметі соған тартылған банк тәуекелдерін енгізу, екіншіден, банк тәуекелдерін басқару сапасы (АҚШ пен Англияның тәжірибесі);

- коммерциялық банктің ағымдағы қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың болашаққа болжау жасаумен үйлесуі (АҚШ тәжірибесі);

- коммерциялық банктің қаржылық жағдайын бағалаудың проблемалы банктерге қатынасы бойынша қадағалау органдарының қызметін талдаумен үйлесуі (Англия тәжірибесі)

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Ә.Д.Шелекбай, Н.А.Әлмереков. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі» // Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2007 / 185 б /

2. Р.Р. Булатов «Деятельность коммерческих банков на фондовом рынке»// Деньги. Кредит. Банки. — 2005. №12 /42 с./