ҚОРҚЫТ АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА
ОҚЫТУШЫСЫ
БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА
Қазақстан Республикасының екінші
деңгейлі банктерінің бүгінгі таңдағы
проблемаларын жетілдіру жолдары
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның
елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды
рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында
отандық банктер отандық экономикалық жүйенің
ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында
дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін
қалыптастырды. Соңғы он жылдықта
Қазақстаннның банк жүйесi үлкен
өзгерістерді бастан кешірді. Нарықта спекулятивтi операциялардан
қомақты пайда табушылардың кезi өттi, банктер бизнестi
дамытудың жаңа жолдарын iздеуде. Банк күшiн
толғандырған стратегияда: әмбебап, кiшiгiрiм, сенiмдi
және ең негiзгiсi рентабельдi болу. Ол үшiн қызметтердi
әртараптандыру, өзiнiң клиенттерін iздеу керек және
оның қажеттiлiктерiне зерттеп толық
қанағаттанарлықтай болу қажет. Табыстың
құпиясы дәл осы қарапайым қызметтердi
дәстүрлi емес жолмен ұсынуда жатыр, яғни сөйлесу
мәдениетінде, клиент қамын ойлауда, оған қажеттi
және уақытылы ұсыныстар көрсетіп кеңес бере
білуде.
Қазiргi уақытта елдiң барлық банктерiнде
халықаралық банк тәжiрибесiнде қабылдаған
стандарттарға өту жүргiзiлуде.
Батыстың мамандарының ойынша, Қазақстандық
банктердiң электронды қызметтердi дамытуы бойынша жұмысы
техникалық жаңаруға бiздiң елдiң белсендi
қатысуға талпынысын және осы сферада халықаралық
қызмет байланыстарын дамытуға құлшынысын куәландырады [1, 23 б.].
Отандық банктердiң банктiк қызметтердi
кеңейту сферасындағы одан әрi күштi жұмысы,
жаңа өнiмдердi өңдеу және енгiзу. Бұл
құбылыс Қазақстандық банктерге әлемдiк
нарыққа шығуға мүмкiндiк бередi. Соған
орай, банктер банктiк қызметтiң шетелдiк тәжiрибесiне
көп көңiл бөлуi қажет.
Экономиканың
дамуындағы қазiргi кезеңінде банктiң ресурстарын
қалыптастыру проблемасы банктер үшiн бiрiншi кезектегi мәселе
болып табылады. Банктердiң қызметi ауқымды ресурстар жиынтығының
көлемiне байланысты болып келедi. Мұндай жағдай
банктердiң арасындағы ресурстарды тартуға деген
бәсекесiн күшейте түседi.
Жоғарыда тiлге тиек етiлген жағдайлар
банктiң тиiмдi депозиттiк
саясатын жасаудағы жалпы көзқарастарды бiрiктiруге
мүмкiндiк бередi. Алайда iс жүзiнде депозиттiк саясатты
қалыптастырып, жүзеге асыру үшiн көптеген факторларды
ескере отырып терең талдау жұмыстарын жүргiзiп отыру
маңызды шарт болып табылады.
Сонымен, банктер
бүгінде сырттан қаржыларды тартып, оларды өзiнiң ресурстары
ретiнде қолдануға бағытталған депозиттiк саясат
жүргiзiп отыруы тиiс. Олар банктiк шоттарда клиенттердi өз
қаржыларын сақтауға ынталандыра бiлiп, салымшылардың
мүдделерiне қызығушылығын арттыруы тиiс. Салымшыларды
ынталандырушы ең маңызды фактор, әрине, депозиттер бойынша
төленетiн, инфляцияның деңгейiнен жоғары болып келетiн
сыйақы мөлшерi болып табылады. Сонымен бiрге банктердiң
депозиттiк саясатын жүзеге асырудағы шешушi жағдай бұл
сырттан тартылып, банктiң өзiнде шоғырландырылған
ресурстарын тиiмдi пайдалану болып табылады. Банк пен оның
клиенттерiнiң арасындағы өзара тиiмдi
қарым-қатынас депозиттiк саясатты жүзеге асырудың
iргетасы болып саналады. Салымшылардың санын арттыру үшiн, банк олардың
мүдделерi мен талаптарын ескергенi жөн.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың
ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін
сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және
орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық
кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім
артуда.
Жасыратыны жоқ, біздің Елбасымыз,
қаржы жүйесіндегі мұндай олқылықты әлемдік
дағдарыстың алғашқы бастау сәттерінде-ақ
көре білді. Сол дер кезінде көре білгендіктің
нәтижесінде мемлекет 2007 жылдың өзінде екінші
деңгейдегі банктерге Ұлттық қордан 4 миллиард доллар
көлемінде несиелік көмек-қаржы берді. 2009 жылы
Елбасының тікелей нұсқауымен өмірге келген мемлекеттік
«Самұрық – Қазына» әл-ауқат қоры еліміздегі
«БТА банк», «Альянс банк», «Халық банк», «Қазкоммерц банк» секілді
ең ірі қаржылық құрылымдардың басқару
акцияларын мемлекетке сатып алды. Сөйтіп, екінші деңгейдегі
жекеменшік коммерциялық қаржы капиталына мемлекеттік қаржы
капиталы араласып, дер кезінде қолға алынған бұл шара
тұтастай қаржы жүйеміздің аман сақталуын
қамтамасыз етті.
Осылайша Ұлттық банк алтын
валюталық активтерін айналымға сала отырып ақша-несие
саясатын іске асырады.
Көптеген елдердің 2012-2014 жылдары қабылдаған
бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы
шараларының арқасында әлемдік экономика ғаламдық
дағдарыстан туындаған рецессиядан шыға бастады. Жақын
жылдары, әсіресе, 2014 жылы дағдарысқа қарсы шараларды
аяқтау жөніндегі «шығу стратегиясын» іске асыру дамыған
елдердің де, дамушы елдердің мемлекеттік органдарының алдында
тұратын негізгі мәселелердің бірі болып қала береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. http://www.rusnauka.com/14_ENXXI_2014/Economics/1_169669.doc.htm Экономические науки /13.Региональная экономика, Бұхарбаева А.Ж. «Коммерциялық
банктердің қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдары»
2. А..Г. Мельников “О
необходимости целостной системы гарантирования вкладов ”/ Деньги и кредит, 2007