Экономические науки/ 5.Управление трудовыми ресурсами
к.э.н.,Казбайкызы А., магистрант Орынбаева А.
Кызылординский государственный
университет им. Коркыт-Ата
Еңбек көш-қонын реттеудің экономикалық мәселелері
Еңбек көші-қонын реттеу
жөніндегі көші-қон саясаты мемлекет стратегиялық
басымдық деп айқындаған салаларда (нанотехнология,
биотехнология, ақпараттық жүйелер, көлік пен коммуникация
және қызметтің басқа да индустриалдық-инновациялық
салалары) жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары
кадрларды тартуды көздейді. Келісімшарт негізінде жұмыс істеу үшін елдің
даму мүддесі мен мақсаты үшін қатер төндірместен
көптеген қазақстандық мамандардың шетелге
шығуы көзделеді. Сонымен қатар халықаралық
еңбек нарығына кіру жағдайында республикада қайталама
еңбек нарығына және жұмыспен қамту саласына
біліктілігі жоқ еңбек көшіп-қонушылары тартылатын
болады[1].
Аталған
бағытты іске асырудың негізгі мақсаты еңбек
көшіп-қонушыларының көмегімен
Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын
күшейту, атап айтқанда:
-
ғылымның, экономиканың жоғары технологиялық
және инновациялық секторларының зияткерлік еңбек
ресурстарына ұзақ мерзімдік сандық және сапалық
қажеттіліктерін бағалау және оларға жүйелік
мониторинг жүргізу;
-өңірлік
еңбек нарықтарының мүмкіндіктерін ескере отырып,
халықтың көші-қон ұтқырлығын арттыру
тетіктерін жетілдіру;
-жергілікті
кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды жүзеге
асыратын шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар үшін
экономикалық ынталандыру шараларын жасау;
-Қазақстан
Республикасынан шетелге жұмыс күшін заңды және тіркеу
жүргізіп әкетудің тетіктерін жетілдіру болып табылады.
Ішкі
көші-қонды реттеу- ауылдық аудандардан қалаға
көшіп-қону облысаралық аумақтық орналасудың
басым нысаны болып табылады, мұның өзі урбанизация процесі
күшеюінің дәлелі.
Перспективасы
жоқ өңірлерден перспективалы өңірлерге
халықтың көші-қоны байқалып отыр. Ішкі
көші-қон саясаты, ең алдымен:
-
жұмыс күшінің аумақтық
ұтқырлығын арттыру үшін экономикалық жағдай
жасауға (тұрғын үй нарығы мен еңбек
нарығының тең дамуын қамтамасыз етуге);
-
өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін
қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты
аумақтық қайта бөлуді ынталандыру тетігін
әзірлеуге;
-
өңірлердің экологиялық жағдайының, атап
айтқанда таза ауыз судың болуының, қоршаған
ортаның ластануының, сондай-ақ оның әлеуметтік
және экономикалық күйзелуінің мониторингіне;
-
ішкі көшіп-қонушыларды тең де теңгерімді
орналастыруға бағытталған шараларға негізделеді.
Тұтастай
алғанда, халықтың ішкі көші-қон мәселелерін
шешу Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
аумақтық даму стратегиясын іске асыруды ескере отырып
жүзеге асырылатын болады.
«Көші-қон
үдерісі» түсінігі адам ресурстары өндірісі,
үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары
тұрғысынан алғандағы қоғамдық
қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең
ауқымын қамтиды[2].
Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы
экономикаға өту үдерісіне ықпалы ұлғая
түскен сайын, осы үдерісті реттеудің біртұтас
жүйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен
мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін,
әдістемелік ұстанымдарын зерттеудің көкейкестілігі арта
түседі.
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың
қазіргі жағдайларында болашақ дамудың:
көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған
дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап,
көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз
әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға
дейінгі кең спектрі бар.
Көші-қонның қазіргі заманғы экономикаға
ықпалының өсуі мен кеңеюі жағдайында, оның
табиғатын, құрылымын жүйелі талдап-зерделеудің
көкейкестілігі қазақ қоғамының,
сондай-ақ кеңестік дәуірден кейінгі
мемлекеттердің практикалық қажеттіліктерімен байланысты
болып отыр. Бірқатар елдерде көші-қон
үдерістерінің ақылға сай келмейтіндей
ұлғайып кетуі осы мемлекеттердің
тұрақтылығына және демографиялық,
экономикалық өмірінің беріктігіне әсер етуі
мүмкін.
Халық
миграциясы қоғамдық өндірістік
қатынастардың халықтың қозғалысымен
байланысты белгілі бір тарапы болып табылады. Өндірістік
күштердің дамуы халықтың миграциялық
қозғалысының ең басты, ең терең себебі
болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі
неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік
өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының
деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне
әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда,
бұл өз ара қатынастар еңбек бөлінісі
саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады.
Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби
және аумақтық жылжымалылығының өсуіне
негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін
көтеретін өндірістің және көліктің,
коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың
құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп,
тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының
сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп
шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
2.Назарбаев Н. «Бәсекеге қабілетті
Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика
үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». № 5
мамыр 2004 ж, 54 бет, Ақиқат журналы
3.Қазақстандағы
еңбекші-мигранттардың құқығы:
ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттарды
және тәжірибені талдау. Халықаралық еңбек
ұйымы. Алматы, 2012ж.