Оспанова Гуьлпат Айбасовна статистика магистрі, аға оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
Республика
экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға
қойған талаптарына және де мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні
құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп,
көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа
байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру
заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында
нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы
көлемін дұрыс бағалай алады [1, б.52].
Құрылыс өндірісі
технологиясының шаруашылық субъектілерінің
аналитикалық және
синтетитикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне
тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей
байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін қнім сол
орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс
техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс
техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап
етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін
монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан тиісті
кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді [1, б.52].
Құрылыстағы
тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол
өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл
өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда,
құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын
көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына
бағаның өсу
жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен
байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді
өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан
ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді
қамтиды.
Басқа өндірістерге
қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің
ұзақтығына және көптеген объектілерде бір
мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты
аяқталмаған өндірістің қалдықтары
үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық
жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс
процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды
өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек
ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп
пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті
түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс [1, б.52].
Құрылыс алаңында
көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде
сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде
сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен
сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну
құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға
құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте
дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу
жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың
шығынын және табиғи шығынды шығыстау үшін
қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс-монтаж жұмысы
күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс
істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр
құрылғыларының желілеріне жақын орындарда
жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа
да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де
ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы
құрылыстар, мамандандырылған және де басқа
жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық
процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынның
басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық
жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып,
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін
басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл
субмердігерлік деп аталды. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас
мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың
өзара қарым-қатынастарының күрделі
жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп
жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс
[2, б.142].
Құрылыс өндірісіндегі
нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады,
бұл нормативті құжаттарды құру мен оны
қолдануы күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен,
дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің
талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни
автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген
құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай
алады.
Құрылыс
өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен
тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа
байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің
халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады.
Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік
келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті
анықтайды:
-
біріншіден, түскен түсім келісім бойынша
және байланысты болуы;
-
екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен
шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі
бөлінуі тиіс.
Есептеудің
тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
1.
Бекітілген баға бойынша келісім, яғни
баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
2.
Шығындарды қосу арқылы немесе
шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен
анықтау.
Келісім
әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл
құрылыс нышанының түріннің өзіне тән
ерекщелігінің болуына байланысты.
Капиталды
құрылыста өндірістің жұмысын
ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып
саналады [2, б.142].
Құрылыс өндісінің
күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір
шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі,
құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың
қызметін белгілі бір іске қосқанда
қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар
бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.
Орындалатын жұмыстың түріне
байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы
құрылыстық және мамандандырылған болып
бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының
сипатына байланысты құрылыс-монтажды кәсіпорындар бас
мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік
байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар
тұрақты және жылжымалы субмердігерлер деп бөлінеді.
Тұрақты кәсіпорындар ұзақмерзімді
өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі
қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі
құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда
құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір
аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Құрылыс-монтаж кәсіпорындары
«өмірлік циклына» байланысты құрылыстың
соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге
бөлінеді:
- құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
-жобалау-құрылыс
фирмалары;
- ғылыми жобалау-құрылыс
фирмалары;
- барлық жұмыстарды
құрайтын және конструкциялар мен құрылыс
материалдарын өндіретін мекемелер.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән.
Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі
келесідей түрлерден тұрады [2, б.142]:
- негізгі өндіріс –
құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен
қондығыларды капиталды жөндеу;
- қосымша өндірістер;
- өндіріс пен шаруашылыққа
қызмет ететін сала.
Өндірісті бағыты бойынша классификациялау – негізгі
және қосымша өндірістің, әлеуметтік
сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін
туғызады.
Бұл мақсат үшін
қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі
шоттарының жұмыс жоспарындағы синтатикалық шоттар
тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары – «Өндірістік
есептің шоттары», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай
фабрикаттары», 8310 «Қосалқы өндірістер», 8410 «Үстеме
шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін
бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс
бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне
байланысты топтастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец
В.В., Шмидт О.И./ Ұйымдағы бухгалтерлік есеп./ Алматы 2002 жыл.
2.
Тасмағамбетов Т.А, Абленов
Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау /Оқу
құралы.-Алматы:Дәуір,2002.-416б.