ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 

БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА

 

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесін жетілдірудің отандық тәжірибесі

 

 

Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:

1)  өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліге қарай алғашқы шығындардың бейнеленуі;

2)  өндірістік шығындар туралы мәліметті қызмет түріне, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;

3)  өндірістік шығындарды пайда болу уақытында және өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да уақыт кезеңдері, өткен шығындар, есепті кезең және болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;

4)  кәсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу;

5)  қызмет көрсетуші (көмекші) өндірістің өндірістік шығындарын оның аяқталмаған және дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірісінің өнімдерін, жұмысшылары мен қызметтерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу;

6)  аяқталмаған өндірісті және өндіріс процесінде алынған қалдықтарды анықтап, бағалау жән тауарлы өнімнің барлық көлемі мен жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтау.

Осылайша, өндірістік есеп өндіріске жұмсалған шығындар есебі (1-5 кезеңдер) мен калькуляциялық есепті (4-6 кезеңдер) қамтып, өзіндік құнды басқаруда ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграциялық жүйе ретінде көрінеді.

Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жиынтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық:

1)  шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады;

2)  шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстардың санын сипаттайды;

шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнім өндірісі, қандай да бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшемдегі шамасы [1, 179 б.].

Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.

«Әртүрлі мақсат үшін - әртүрлі өзіндік құн» негізгі принципі өзіндік құнның 3 түрімен жүзеге асырылады:

1)       толық өндірістік өзіндік құн, ол қалыпты жағдайда оперативті шешімдер қабылдау және бағаны белгілеу үшін қолданылады;

2)       тікелей өндірістік (ішінара) өзіндік құн арнайы жағдайларда оперативті шешімдер қабылдау және баға белгілеу үшін қолданылады;

3)       жауапкершіліктің орталығы бойынша өзіндік құн. Ол жауапты атқарушылардың қызметін бақылау және жоспарлау үшін қолданылады [2, 67 б.].

Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайды. Ол шығындар есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орталығына қарай, алдын ала таңдалған базалар мен коэффициенттер бойынша дайын өнімдерег бөлінеді. Бұл бөлініс өндіріс көлемі мен аяқталған және аяқталмаған болып анықталады.

Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру қалыпты шығын мөлшерін бағалау болып саналады.

Нормаларға сәйкес, келешекте пайда болуы тиіс шығындарды бағалау нормативті шығындар жүйесі деп аталады. Бұл жүйенің шығындарды бағалауының қолдануының бастапқы кезеңінде шығындардың тікелей және жанама түрлерге бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығындардың тұрақты және айнымалы түрлеріне бөлінуі қарастырылмайтын. Мұндай жүйе стандарт-кост деп аталады. Өндіріс барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы және бағаның өзгеруі деп бағаланады. Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау үшін қолданылып, өндірістік қуаттарды пайдалануды бақылаумен байланыссыз болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға сәйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды (нормативтерді), ал жанама шығындар үшін сметалар (бюджеттерді) қарастырады. Шығындарды бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жанама шығындар тұрақты және айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады.

Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                     Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник / И.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред. В.И. Стражева. – Минск: Высшая школа, 2005. – 179с.

2.                     Сафронов Н.А. Экономика предприятия. Москва: Юрист,  2002 г. – 67б.