Музыка.
Изучение и преподавание.
Сыдыкбаева
Айгуль Байбосынова
музыка пәнінің мұғалімі
№13 М.Мақатаев
атындағы орта мектеп
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті
Музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым
арқылы өнерге баулу
ерекшеліктері
Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар.
Музыка пәні мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері
бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып,
оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін,
мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес,
өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары
тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек.
Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің де мұраты өзгеріп,
халықтың мәдениеті мен идеологиясына байланысты.
Сондықтан мұғалім жан-жақты білімділігі, жан дүниесі,
ақыл-ойы, жылы жүзді, өнегесі баланың музыка
сабағында қызығушылығын арттырады. Олардың
бұл іске белсене араласуы дағдысын қалыптастырады.
Мектептегі музыка сабағының пән ретінде музыка
мұғалімі тағдырын шешетін негізгі тұлға деп
айтуға хақылымыз. Музыка
мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен
ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың
оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала
бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу,
оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында
баланың музыкалық музыкалық шығармашылық
қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал
ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Дауысымен,
аспаппен жақсы меңгеру, дирижерлық шеберлікті жетілдіре
отыра, музыканың теориялық дайындығы, халықтың
мәдениетін, тарихын, музыка тілінің заңдылықтарын,
ерекшеліктерін білу қажет. Мұғалім жұмысында
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл
атқарады. Музыканың іс-әрекетінің барлық
түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім
төзе отырып, жігерлі болуы тиіс.
Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті
қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет
Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді,
әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін
мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де
өз мәнін жойған жоқ.
Жас ұрпақ тәрбиесінің бір саласы –
музыкалық-эстетикалық тәрбие болып саналады.
Жас баланың жан дүниесіне музыканың құдіретті
сазымен әсер етіп, музыкалық қабілет тәсілдері
арқылы парасаттылық, жоғары талғампаздық,
адамгершілік, патриоттық сияқты ұлы сезімдерге
тәрбиелейді.
Музыка пәні мұғалімі үшін бірнеше кезеңнен
тұратын ұзақ оқыту процесінде мынадай міндет
қойылады: оқушылардың музыка өнеріне
қызығушылығын ояту, дамыту, олардың музыканы
қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде
ұйымдастыру және халықтық мұра –
орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі –
ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене
бағытта жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің
оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және
ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын
іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі
формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б. Бұл үшін мұғалім
мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың
негізгі формаларын;
ә) ұлттық
бағдарламаның
мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін,
дидактикалық принциптері мен әдістерін;
б) музыкалық шығарманың көркемдік және
тәрбиелік мәнін;
в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ормалары
мен дістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;
Танымдық бағыт мұғалімнің,
оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты
құралады. Бұл үшін мұғалім:
а) ғылыми-теориялық,
әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық
негіздерін білуге;
ә) білім мен дағдының дидактикалық
принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және
ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы
басқаруға;
в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер
арқылы құра білуге;
г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім
беруге;
ғ) өткен метериал мен өтілетін материалды байланыстыра
отырып логикалық шешімдер жасауға,
д) сабақта оқушының
шығармашылық қабілетін, музыкалық білімді
алуға өз еркімен ұмтылысын тәбиелеуге,
Эмоционалдық бағыт –
мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқара-
сына және оның
оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін
қалыптастыруы- на байланысты анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
а) мектептегі музыкалық
тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі
рөлін;
ә) эмоционалдық тәрбиенің жеке адамның
жан-жақты қалыпта-
суындағы маңызын;
б) музыка өнерінің
адамға тигізер әсер ерекшеліктерін.
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыка эмоционалдық көзқарасты
тәрбиелеуге, эстетикалық талғамды және музыкалық
форманың ең жетілген түрлері мен идеялық –
образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға
міндетті және музыка өнері арқылы патриотизм,
интернационализм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды
толық игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық
қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін
терең ұғынуы ұшін эстетикалық толғаныс
әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыс жасауға
міндетті.
Ізденушілік бағыт - мұғалімнің оқу процесін
жетілдіру арқылы және профессионалдық шеберлігін
көтеруі арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің
музыкалық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат
педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық
қызметке енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық
негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге
тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына
талаптар қойылады:
а) оқу процесін бақылауға және талдауға;
ә) педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
б) кез-келген педагогикалық ситуацияға музыкалық
білімін, педагогикалық
біліктілігін қолдана білуге;
в) музыка сабағының құрылымына жаңа формалар,
әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болу;
г) сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес
қосымша материалдар қолдануға;
ғ) өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
д) оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
е) үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін,
музыкалық репертуарды толықтыруға, оқушылармен
сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
Өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске
адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары
моральдық қасиеттері болған жағдайда ғана
мұғалім бұған лайықты бола алады. Мұғалімнің
оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары көбінесе оның
шеберлігіне байланысты. Ол өздігінен келмейді. Қайта
мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда, мәдени
және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды
және күнделікті жұмісінің нәтижесі болып
табылады.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін ізгілендіруде,
оқытудың тәрбиелік сипатының басымдылығына,
сондай-ақ тұлғалық бағдарына назар аударыла
бастады. Бір қунарлығы қазіргі балалар өте алғыр.
Олардың қай-қайсысының бойынан дарындылықты
табуға болады. Тек тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беру талабын
қанағаттандырып отыруда мұғалімнің асқан
шеберлігі қажет: кәсіптік шеберлік өздігінен келмейді. Ол
педагогикалық мамандығын арттыру жөніндегі мәдени
және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да
күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады.