Педагогические науки /2.Проблемы
подготовки специалистов
Ст.препод. Даулетбекова Б.Д.
Международный казахско-турецкий университет им.Ясави,
Казахстан
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
жолдарын жетілдіру
Қазіргі әлемдік білім саласындағы өзгерістер ол,
білім сапасын арттыру қажеттілігі
туындайтыны анық. XXI
ғасыр білім ғасыры, тұлғаның
ой-өрісінің даму бағыттарының заман талабына сай дамыту әрбір ұстаздың
міндеті. Сондықтан оқушымен
жұмыс істеудің тиімді және жеңіл, жаңа
үлгісін жасауға жол ашады. Оқушылардың логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту олардың субъект ретіндегі дамуының
алғы шартының бірі деп қарастыру өзекті мәселе.
Оқушылардың логикалық
ойлауын дамыту өте ауыр,
біржүйелілікті талап ететін жауапты іс. Оқушыға логикалық ойлау бірден ауыр тиеді,
сондықтан оны біртіндеп, жеңілден ауырға, қарапайымнан
күрделіге басқыштап түсіндіріп, көрсету керек.
Бастауыш сынып
математикасының оқу
материалдары концентрлі түрде, бөліктеп, оқушылардың
логикалық ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін
ескере отырып берілген, олардың ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптың
оқулықтарындағы әр сабақтың материалы түрлі-түсті суреттермен
безендіріп тапсырмалар берілген, суреттер оқушының жанына дұрыс
әсер ететіндей, оқушыны оқуға, білімге деген
ынта-жігерін оятатындай келтірілген.
Бастауыш сынып - оқушының логикалық
ойлауын дамытудың негізгі кезеңі болып табылады.
Өйткені, логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде
қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді. Бастауыш сынып
оқушысының елестету қабілеті дамымаған. Сыныбы
жоғарылаған сайын оқулықтардағы
түрлі-түсті суреттердің саны азая түседі.
Сондықтан да мұғалім оқушының әрдайым
ойланып оқуға бағыттауы тиіс, ол үшін оқу
үрдісін жүйелі ұйымдастырып, сабақта
оқушының логикасын дұрыс дамыта алатын
әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады. Ендеше
логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін
логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалану
үшін оқушы салыстыра алуы, оны
талдай білуі, жинақтап, қорытындылап жүйелей алуы, яғни
мұғалім осы
бағыттарда жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана оның логикалық
ойлау қабілеті қалыптасып, ойлау белсенділігі артып,
өзбетінше жұмыс істеу қабілеті дами түседі.
Оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары екі кезеңнен
тұрады:
1)
1-2сыныпта ойлау әрекетінде көрнекі әсер ету, яғни
нақты заттарға сүйенеді;
2)
ал 3-4-сыныпта жүйелі оқу әрекеті негізінде бастауыш сынып
оқушысының ойлау сипаты өзгереді. Өйткені, осы
сыныптарда жаңа ұғымдар арасындағы байланысты
көрсететін тапсырмалар көлемі ұлғады, оқушылар
ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы
тектік-түрлік қатынасты, яғни салыстыра, топтай,
жинақтай және қорытындай алу қабілетіне ие болады.
Бастауыш сыныптың
математика пәнінің әр сабақ материалының
соңында оқушыларды шығарамашылық
іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, «Атамұра»
баспасы бойынша оқулықта жасыл түсті қоршауға, ал
«Алматыкітап» баспасы бойынша әр сабақта қалыптан тыс
және қызықты жаттығулар, шығармашылық
деңгейге арналған логикалық есептер, тапсырмалар беріледі. Оқулықтағы
шығармашылық тапсырмалар
оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күнделікті
өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты
білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың
байқағыштығын, ойлауын және қиялын дамытуға
негізделген. Шығармашылық тапсырма – бұл нақты
мәні берілмеген, есепті шартты математикалық
заңдылықтар арқылы орындау, шешу белгілі әдіспен шыға қоймайды. Шығармашылық есепте арнайы формула
қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау
жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Шығармашылық
тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы,
яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың
авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән
төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне
тарта, баули түседі. Оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес
тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз.
Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы
жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген
қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да
дамыта аламыз.
Мектеп тәжірибесінде шығармашылық
жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың
бір жолы — шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату. Кейбір
мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті
деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды, орындағанымен
сабақ соңында асығыс шешуін оқушыларға
жалпылама айтқыза салады және талдау жүргізілмейді. Мұғалім ол тапсырманы үйге түсіндіріп жіберуі
қажет, бірақ тапсырма міндетті үй тапсырмасына жатпайды,
бірақ талап ету қажет.
Сыныптағы
оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде
математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор
оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай
жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан
мұғалім оқушыларға міндетті емес
тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс. Оқушының ой-қиялын дамытуда
логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек. Мысалы:
1.
Жеті (7) таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2
шаршыны қалай құрастыруға болады?
2.Түнгі сағат 10-да жауын
жауып тұрса, бір тәуліктен
кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
3.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада
қалды. Бұл қалай болғаны?
4. Үстел
үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин
тұрған.Үстел үстіндегі барлық
көкөністер қанша?
5. Дарина мен
Кәусәр әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.
Дарина Кәусәрға өзінің
жаңғақтарының 4- еуін берді.
Кәусәрдің жаңғақтары қаншаға
артық болды?
6. Екі
стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін
тарелкаға төңкердің.
Қайсы стаканда су көп?
Мұғалім
әр сабақта логикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды
қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру
дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық, ойын
және ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті
шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен
шығару, өздігінен есеп құрастыру кіреді. Есеп
зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға,
тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу тәсілдерін
меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді
шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын
көзбен қарауға, бақылағыштыққа
машықтанады.
Математикадан
бастауыш сыныпта берілетін есептер бірақ қиын шығарылатын
есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып келеді. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына
шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіріп,
математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл
және тиімді, қысқа жолын табуға жаттықтыру абзал.
Сонымен, әр
сабақта мұғалім оқушының логикалық ойлауын
дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелеп,
ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері
айқындалса, онда дамыту
жұмыстары бір шама арттады – деген ой түйіндейміз.
Әдебиеттер
1.Жарықбаев
Қ. Психология. – Алматы, 2002.
2.Ильина
Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977.
3.Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық
жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы, 2005.
4.Абилкасымова
А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности студента. — Алматы,
1998.
5.
Глазырина Л.Л. Математика пәні бойынша
бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және
есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы
(2,3,4 сыныптар). –Алматы, 2010.
6. Ерешова
К., Ыдырысова Ш., Әбенова Г. Логика әлемі. 2-3-4 сынып.–Алматы, 2010.