Карманова Ж.А., Манашова Г.Н., Төлеутай Г.,
Нариман Ж.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕКТЕП
ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯсы
XX
ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде
қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен
бір уақытта пайда болып, тарала бастайды. Мұндай
зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына
қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына
дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас
аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас
адамның өзара әрекеттестік және өзара
қатынас жасауының ерекше формасы. Қарым-қатынас
мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік
соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып
көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа
анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
«Қарым-қатынас»
ұғымының көп анықтамаларының арасында біз
«коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен синоним деп
қарастыратын (А.Н.Леонтьев, М.И.Лисина, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова,
Д.А.Исмаилова, Ж.А. Абишева және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.
Лисинаның анықтамасын арқау етеміз.
Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым –
қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық
өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары
адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы
капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында,
адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық
жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда,
жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады.
Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі
халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б.
факторлардың күшті ықпалында болды [1]. Барлық кездесетін қарым –
қатынастарды үш түрге бөлеміз: -
Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан
арасындағы қарым -қатынас); - Міндетті қарым –
қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен
сырқат); Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы
достар арасындағы қарым - қатынастар).
Осы
қарым – қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс
үстінде көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым – қатынас
түріне жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипаатынан
байқасақ, онда жеке (ресми емес) қарым – қатынас
түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым –
қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген
тәртіпті орындаумен байланысты.
Осыған
орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған
ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда
болады. Іскерлік қарым – қатынастар жеке бас қарым –
қатынасына айналуы мүмкін.
Сонымен
қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен
күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін
көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің
қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті
деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп
жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды.
Қарым
– қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық
білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі,
яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін -
өзі ұстау мәнері, т.б. міндетті топпен , ұжыммен шешу,
әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым –
қатынас, т.б. жатады. Қарым – қатынас мазмұны
қарым – қатынас құралы арқылы түрлі
тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының
негізгі құралына тіл жатады.
Тілдік қарым –
қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен
қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне, т.б. Сонымен
қарым-қатынас деп – екі (немесе одан да көп) адамның
қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды
мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара
әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде
қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет
жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы
балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас
байланысын анықтауға баса назар аудардық. А.Н. Леонтьев
іс-әрекеттің қай түрін болмасын
қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол
іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты
ретінде қарастырады. Балалардың ересектермен және басқа
балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми
позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін
«бала (лар) мен ересек (тер)» жүйесіндегі қарым-қатынас «бала
– бала (лар)» жүйесіндегі зерттелген көне үлгері
жан-жақты қарастырылған [2].
Психология мен
оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас
құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А.А.Леонтьев).
М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының
үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік
және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы
маңызды.
Қарым-қатынас
құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де
талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі
деп танылады (М.И. Лисина, Д.А.Исмаилова т.б.) әдебиеттерде
қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада
«коммуникациялық біліктілік» (Т.В. Антонова) десе, ал А.А. Бодалев
қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық,
эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің
зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру
ең негізгі мәселе болып табылады.
Әдебиеттерге
талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін
қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара
түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық
құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С.Агеев, А.А.Бодалев
қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға
эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизацияны
жатқызады.
Қарым-қатынастың
қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары,
формалары, стильдері мектеп жасына дейінгі балалардың
қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері
үшін аса мәнді.
Қазіргі кезде
нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін
диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі
кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің
коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау
мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу
жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер үшін
айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы
қарым-қатынас себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс
қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде
қарым-қатынастың әрі құралы, әрі
мақсаты болып табылатындығы. 5-6 жастағы балалардың
қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды: оқушылардың
ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен
қарым-қатынас жасауы, оқушылардың басқа
балалармен өз қатарластырымен, өзінен кіші және
ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы.
Балалардың
қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер
негізінен байқауға, әңгімелесуге,
сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық,
сапалық жағынан бағалауға, эксперттік
бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас
ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар
табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда
техникалық құралдар – аудио, видео, жазба, таспа,
аппаратураларын – қолдану аса тиімді. Бұл зерттеу сенімділігімен
дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі
қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне
мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын
анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны
жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті
іс-эрекетін диагностикалау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз.
Алайда барлық
қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс
тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт
шеңберіне симайтындығы даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір
бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б.,
Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой –пікір антологиясы.
– Алматы, Мектеп, 1994. – 252 б.
2. Алдамұратов
Ә.Ж. Жалпы психология. – Алматы, Білім, 1996 – 224 б.