Балабақшадағы тірі
табиғат нысандарының экологиялық жағдайы
Академик
Е. А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті,
Қазақстан,
Қарағанды қаласы
Балабақшада
жәндіктер өсіру, оларға экологиялық жағдай жасау
– бұл олардың әрқайсына лайықтап табиғи
ортаның көшірмесін жасау, қажетті бөлме температурасын
сақтау, азық дайындау деген сөз.
Өлі
және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық
өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін
байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл
құмырсқалар илеуін қалың шөптегі
кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың
көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер,
түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар,
иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын
қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса
дәмін көруге тырысады.
Әдетте балабақшада
балық аквариумы көп кездеседі. Бұл балаларға
балықтардың өмір сүру салтын бақылатуға
өте ыңғайлы. Аквариумға
өсімдік пен жануарларды орналастырудан бұрын оны ұқыпты
түрде жуып, таза сүлгімен не қағазбен
құрғатып сүрту керек. Содан соң аквриумның
түбіне 5 см етіп, алдын-ала шайылмаған өзеннің
ыстық құмын төсеу керек. Құмның
үстіне тастар, қауамақтар (ұлу) қоюға болады.
Құнарлы топырақ даярлау үшін шым топырақ пен торф
қосындысын алып, кішкене аквариум гаршоктарына салады да оған
өсімдіктер отырғызады.
Балалар бақшаларында ұсақ аңдардан тиіндерді,
кірпілер мен теңіз шошқаларын ұстайды.
Тиін – ұзынша жұқа денесі, кішкене басы, сүйір
тұмсығы бар әдемі аң. Үстіңгі екі
айырылған. Көзі қара, дөңес қырағы.
Екі құлағының үстінде шоқ жүні бар.
Алдыңғы аяқтары артқысынан қысқа,
сондықтан да жануар ағаштардың бойымен өте жақсы
және тез-тез секіріп, түсіп-шығады. Алдыңғы
аяқтарының – төрттен, ал артқы аяқтарының
бестен саусақтары болады, барлық тырнағы да өткір,
сондықтан бұл кішкене аң ағаштардың
қабығына жабысып тұра алады. Ол артқы аяқтарына
отырып, тамақты артқы аяқтарымен ұстайды. Тиін осы
кезде ұзын мамықты құйрығын арқасына
қарай иіп, тіпті басына дейін жеткізеді.
Бұтақтан-бұтаққа секірген кезде ол парашют
қызметін атқарады. Тиіннің жүні жазда
қоңыр-қызыл, сарғылт, ал қыста сұр болады.
Кішкене ақ тиін ағаштардың басында, әсіресе
қылқан жапырақтың арасында өмір сүреді.
Кірпі насеком қоректілер тобына жатады, оның денесі
қысқа да, жуан, үстін ұзын, инедей өткір
тікенетер басқан. Тұмсығы ұзынша, өткір, аузы
үлкен, құлақтары жалпақ, ал көзі кішкентай,
қара түсті. Бұл аңның аяқтары қысқа,
мықты, қатты тырнақтары болады, жүргенде қатты
тырслдатып жүреді.
Теңіз шошқасы кемірушілер қатарына жатады. Бұл,
баяу қимылдайтын, тыныш және момын жануар, мұны балалар
өте жақсы көреді. Теңіздік деп аталатын себебі, ол
теңізден әкелінген, ал шошқа аталатыны – шығаратын
дыбысы торайдың шыңқылын еске түсіреді.
Сүт қоректілерді асырау. Торлы немесе сымнан торлап жасалған
қақпағы, ысырылмалы түгі бар. Кез-келген жәшік
кірпі мен теңіз шошқасына арналған орын бола алады.
Тиінді торлы үйшікте ұстйды. Онда оған мақтадан
немесе мүктен ұя жасап, секіріп ойнайтын жуан да қатты
бұтақтарды бекітіп қояды. Торлы үйшікті күнбе-күн
тазалап, еденіне ағаштың жаңа үгінділерін сеуіп
тұру керек.
Ұсақ аңдарға арналған жемдер. Кірпіні шикі етпен, жаңа
аулаған етпен, сүтпен, алмалармен, піскен картоппен,
ұнтақталған сәбізбен азықтандырады.
Тиінге орман мен самырсын жаңғақтарын, шырша мен қарағай
тұқымдарын, ағаштың бұтақтарын
әзірлеп қояды. Оған анда-санда күнбағыс
тұқымын, кептіріліп, жібітілген
саңырауқұлақтар, сәбіз, алмалар, шикі жұмыртқалар
береді. Бұл аңға су мен сүт қажет. Тиінді
тәулігіне екі рет азықтандырып: таңертең (8-10
сағатта) жаңғақтар немесе шырша бүршігін;
күндіз (4-6 сағатта) жаңғақтар мен
күнбағыс, сәбіз түйірлерін береді. Тамақта
витаминдер жетіспегенде тиіннің артқы аяқтары жансызданы, сал
болып қалады. Мұны болдырмау үшін азық
құрамына қайнаған ыстық суға салынған
саңырауқұлақтармен алманың түйірлерін
қосады теңіз шошқасына арпа, жеміс тамырлары, шөп,
бұршақ пен бақ-бақтың жапырақтар.
Талдың, теректің, шыршаның (жас бұтақтарын
және ұнтақталған сұлының бидайдың
кебегі мен қара бидайдың кебегі мен қара бидайдың
жармасын қайнаған суға былғап, қоспа жем жасап
беруге болады. Сүтке былғанған нанмен де
азықтандыруға болады. Үйіліп жатқан сулы шөп
тиінге зиян келтіреді.
Қазіргі
таңда балалардың дамуында экологиялық
біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше.
Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте
тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау,
түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді
қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі
де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен
санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың
орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын
қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті
балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің
маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.
“Ағаштың
жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала
тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге,
айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді,
көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді,
әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды
гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен,
пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер
әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты
бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне
өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Балаларды
үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер,
аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып
болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не
өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады.
“Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа,
жауаптылыққа үйретеді, табиғатты
қорғауға тәрбиелейді.
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда
ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын
тәрбиешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу
әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады.
Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы
болуы.
Экологиялық
біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке
қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту
– тәрбиелеу үрдісімен байланысты. Осы
оқу іс-әрекеттерді тиімдідұрыс пайдалануы мектеп жасына
дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге
қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу
іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде
өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа
қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.
Баланың айнала
қоршаған табиғатқа қызығушылығын
ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік,
қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең
маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны
балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды
балаға түсіндіруіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Есеналина Н.Т.
«Экологиялық тәрбие көзі-халықта» атты оқу
әдістемелік құралы, 2004.
2. Николаева С.Н. Методика
экологического воспитания дошкольников. М.: Академия, 1999.
3. Богданец
Т. «Экологические знания – первое представление о мире» // Дошкольное
воспитание, 2003, № 12.