Ф.Е. Елемес,
Р.А. Жумагалиев
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ
Елбасы Жолдауы
Қазақстан халқының және билігінің
алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Осындай нақты
жоспарлар еліміздің дамуына қол жеткізеді. Елбасымыздың
көрегендігінің арқасында аз уақытта еліміз
көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жалпы тәуелсіздігіне
жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемегендігінің тарихына
үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы
тыныс-тіршілігінің дамына бірден-бір ықпал еткен фактор – бұл
Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне
көз жеткізер едік.
Елбасымыздың Жолдауы – халқымыздың қолдауы болып
табылады. Елбасының «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің
жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екені
баса айтылады. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін,
ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел »
ұлттық идеясы жарияланды.
Президент Н.Ә.Назарбаев 2015 жылға
арналған Қазақстан халқына Жолдауын 30 қарашасына
жасады. Бұрынғы Жолдауларға қарағанда осы Жолдау
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы ертерек
жарияланды. Оның себебі, осы жылдағы дағдарысқа
байланысты. Биылғы Жолдаудың ең басты мақсаты –
дағдарыстың алдын алу, халықтың экономикалық даму
үрдісін сақтау, Қазақстан халқының
материалдық жағдайы нашарлап кетуіне жол бермеу. Қазақстанның
мақсаты айқын. Біз мемлекеттігімізді нығайтып,
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыруға тиістіміз. Ол үшін
барша қазастандықтар бай-қуатты өмір сүруі
қамтамасыз етлуі тиіс. Сонда ғана халық пен билік бірігіп
топтасады.
Дағдарыстық үрдістер
Қазақстанның ішкі дамуынаан шығып отырған
жоқ. Оның басты себебі, экономикадағы ахуалдың
нашарлауы. Нақты айтсақ, әлемдік нарықтағы
мұнай, газ, түсті металдар бағасының арзандай бастауы.
Бюджеттің қомақты мөлшерін мұнай, газ сатудан
жинақтайтын Қазақстан мемлекеті үшінде бұл
жағдай ауыр шығын болып отыр. Соның шешімі ретінде Елбасы
Қазақстанды шикізатқа тәуелді болудан алып
шығатын жаңа экономикалық саясат ұсынып отыр. Президент
Жолдауында Үкіметке 14 нақты тапсырма берілген.
1. Шағын, орта және ірі бизнесті
қолдауға 100 млрд. теңге. Бұл ашқа орта
таптың қалыптасуына көмектеседі. Қазір 20 пайыздан
асқан орта тап келешекте 50 пайыз болады.
2. Банк секторын сауықтыру үшін.
Проблемалы несиелер қорын капиталдандыруға 250 млрд. теңге.
Бұл дегеніміз елдегі банк жүйесін дағдарыстық
жағдайдан алып шығуға көмектесу, елдің
қаржы жүйесін жаңаландыру болмақ.
3. Мұнай-химия технопаркі,
Қорғас-Шығыс қақпасы арнай экономикалық
аймақтарды дамыту, жаңа инвестициялар тартуға – 81 млрд.
теңге. Бұл дегеніміз жаңа индустриалды инфрақұрылымның
үлгісін жасау деген сөз.
4. ЭКСПО-2017 кешенді құрылысына –
40 млрд. теңге. Жаңа кешен Астананың көркін
толықтырып, бүкіл Қазақстан халқына мәдени,
әлеуметтік қызметтерін көрсетпек.
5. Астана әуе жайын кешенді
жаңартуға- 29 млрд.
теңге. Әуежайдың өткізу қабілетін жылына 7,1 млн.
адамға жеткізу.
6. Ішкі және стратегиялық жолдарды
жөндеу және салу. Астана-Алматы, Астана-Өскемен,
Астана-Ақтөбе-Атырау, Алматы-Өскемен,
Қарағанды-Жезказған-Қызылорда жолдарын сапалы
жөндеу қосымша 200 мың жұмыс орнын ашуға
көмектеседі.
7. Елдегі
барлық арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымдарын
жаңартуға көмектесу, индустриалды аймақтар
құрудың жұмыстарын аяқтау.
8. Жаңадан
Екібастұз-Семей-Өскемен,
Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы
бағыттарында жоғарғы
вольтті электр жүйелерін тарату. Бұл шаралардың
оңтүстік-шығыс аймағындағы электр
қуатының жетіспеушлігі мәселесін шешеді.
9. Тұрмыстық кешен
шаруашылығын (ЖКХ) жаңарту, су және, жылу
құбырларын жаңалау да кезек күттірмейтін шара.
Соңғы 6,7,8,9 тапсырмаларды орындауға үкімет 100 млрд.
теңге жұмсамақ.
10. Халықты арендалық
тұрғын үймен төменгі пайызбен қамтамасыз ету
мәселесі шешіледі. Халық тікелей пайда табады. Делдалсыз, несиені
төмен пайызбен өтеу арқылы тұрғын үйе ие
болуға мүмкіндік беріледі.
11. Апатты мектептер мен үш аусымда
оқитын мектептерді болдырмау, балабақша дефицитін жою міндеттері
2-3 жылда шешіледі.
12. 10 жетекші университеттің ғылыми
және кадрлық базаларын жақсартуға 10 млрд. теңге
бөлінеді.
13. Шағын және орта бизнесті экономикалық дамудың драйвері ету.
14. Халықтың зейнетақысын,
студенттердің шәіртақысын, бюджеттік сала
қызметкерлерінің жалақыларын өсіру туралы мемлекеттік
міндеттемелерді толықтай орындау. Міне, осы 11,12,13,14 міндеттерді
шешуге Үкіметке 70 млрд. теңге қаржы жұмсау тапсырылды.
Жолдаудың басты жаңалығы –
бүгіннен бастап еліміздің дүниежүзілік сауда
ұйымына ресми түрде мүше болғандығы. Бұл
дегеніміз – экономикамыздың өрге басып, жаңа өндіріс
орындары ашылып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі арта
түседі деген сөз. Ал экономикасы мықты ел – қуатты
мемлекет.
.
Елбасының әр
Жолдауы – толғауы терең қайталанбас дүние.
Елбасының Жолдауы – жарқын істердің бастауы.
Болашаққа арналған доспарлардың орындаларына
кәсіл сенеміз.
Әдебиет:
1. Сарап журналы №135
(12852), 1 жлтоқсан, 2015 жыл.
2. Егемен
Қазақстан газеті №231 (28709) ,
2 желтоқсан, 2015 жыл.
3. Ақ жол газеті №148
(18182), 1 желтоқсан, 2015 жыл.