Педагогика. Современные  методы  педагогики

Тұңғышалиева  Сауыткүл   Мадимарқызы

Ағылшын  тілі  пәнінің  оқытушысы

Орталыққазия  техника-экономикалық  колледжі

 Алматы  қаласы, Қазақстан  

 

 Ағылшын  тілін  оқытуда  жеке  тұлғаға  бағытталған  әдістерді  қолданудың  ерекшелігі

 

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.  

 Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда, ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынуда.

Қазіргі таңда шет тілді  меңгеру қандай да салада болсын,  білімнің барша қазынасын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыруға бірден-бір ізгі ықпалын тигізеді. Ал, шет тілі сол елдің мәдениеті, өнері, білім беру жүйесі туралы адамдарға  ақпарат  алуға мүмкіндік береді және олардың қабілеттерін дамытуға әсер етеді, яғни басқа халықтардың мәдени игіліктерімен қатар ұлттық салт – дәстүрлерін ой – санаға дарытуға жәрдемдеседі. Өзге тілді үйренуді өз елінің тұрмысымен байланыстыра отырып үйрету, бұл әлемдік тәлім – тәжірибилерден, қажетті пікірлерден алынған ақиқат.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. . Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты.

 Кәсіптік оқу орындарында студенттердің жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру,қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш – жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді. 

   «Студент» термині латын тілінен  аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді. Студенттің жеке басының қалыптасып, дамуына психологиялық, әлеуметтік, биологиялық  факторлар әсер етеді.  Сонымен  қатар,  тілді  үйретуде  ұстаздың тәжірибесі  мен  кәсіби  шеберлігі маңызды  рөл  атқарады.

Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сәйкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, студенттердің  өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  студент етіп даярлау қажет болып отыр.

Жеке тұлғаға  бағытталған тәсiл - педагогтың    тұлғаға  бiртұтас  адам, тұлғаның тек ақыл- ойын дамытып қоймай   сонымен бірге азаматтық жауапкешілікті сезіну және де эмоционалды, эстетикалық, шығармашылық ,  рухани байлықтарды   дамудың мүмкiндiктерiне көңіл бөлу.  Жеке  тұлғаға бағытталған бiлiм  - жеке тұлғаның келесi функцияларын толыққанды дамыту  үшiн жағдай жасау, кері  байланыс  жүргізу,  яғни, сыртқы әсерге қарсы келу, өз өмірін бағалау, өмірдегі мақсатын іздеу; яғни , «мен» деген жауапкершілікке  ие  болу («мен бәріне жауап беремін» деген тұжырымдамаға сәйкес болу);

          Ағылшын тілін үйретуде ең маңызды нәрсе ол студенттердің белсенділігін  дамыта отырып , топтық  жұмыстар, рольдік  ойындар , іскерлік ойындар  және өндірістік         ойындар жүргізу  болып  табылады.
        Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге     бөлінеді:
1. Әрбір  оқушы  рөлде         ойнайды.
2. Оқушылардың  шағын топтары рөлде          ойнайды.
      Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достарына, туыстарына хат жазады.

     Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады: мысалы, фотосуреттерді  баяндау (отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат  алу (мерекелер  тақырыбы  бойынша), шындық  детекторы (дұрыс, қате), т.б.

     Өндірісті  ойындарда әлеуметтік  және  экономикалық  маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта  немесе қоқысты қайда жіберуге болады?» деген тақырыптар  арқылы өздерін- өзі байқай білуін  арттыру болып  табылады. Қандай да бір қателер болса, барынша өздері мтүсіндіреді,  ал оқытушы ол тек төреші ретінде ғана болады. Тапсырманың орындап  болысымен  кері  байланыс  кезеңi жүргiзiледi. иБіз рефлексия дегенді былай түсінеміз ««күрделi қозғалыстың өз талдауы ойлауы, жеке психикалық ахуалды және интеллектуалдық деңгейді анализ жасауға жетелейтін кезең ».  Оқытушы әрі  тәлімгер ретінде біздің  басты мақсатымыз – жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыруда, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеуде, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының  таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту болып отыр. 

Қазіргі таңда өзекті әдістерді тәжірибеде  жүзеге асыруға жағдай жасайтын  жаңашыл технологиялар мен әдістерді  меңгермей, педагогикалық сауатты маман болу  қиын. Әсіресе, бұл болашақ кәсіби маман даярлауда және   ағылшын  тілін оқытуға  инновациялық тұрғыдан  қарауды талап етеді.

 Білім беруде  ағылшын  тілін оқытудың негізгі құралы ретінде коммуникативті немесе жеке тұлғаға бағытталған технологиялар болып отыр.    Жеке тұлғаға бағытталған білім  (Personality – Centered Education) дегеніміз – студенттің өзін-өзі дамытуына, оның танымдық қабілеттерін, тұлғалық ерекшеліктерін  ашуды, іскерлігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістемесі болып табылады.

         Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен белгілі бір салада оқытуда жеке тұлғаға бағытталған әдістің  пайда болуына үш үлкен фактор әсер етіп тұр.

         Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен оқытудың белгілі бір салада қажеттілігінің өсуі, лингвистикалық және оқыту психологиясының дамуы.

         Ағылшын тілін белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған болуы - оқытудын бір әдісі деп түсіну керек. Бұл тілді ерекше үйретудің әдістемесі де немесе ерекше оқытудың түрі  де емес. Жалпы айтқанда, бұл оқытудың әдісі, ол оқушысының қажетіне, яғни, бұл оқушының тілді не үшін оқитынына және соның себептеріне негізделген.         Сонымен, ағылшын тілін  белгілі бір салада арнаулы мақсатпен оқытуда жеке тұлғаға бағытталған   әр түрлі әдістерді қолдану қажет, яғни, бұлар барлық коммуникацияның, фунцкионалды деңгейі және баяндау (әңгімелеу) деңгейі.

          Жеке тұлғаға  бағытталған  әдістерді  қолдана  отырып, қазіргі  ағылшын тілі әдістемесін тиімді меңгерту- оқытушыларға тікелей қатысы бар. Себебі, оқу орнындағы әр түрлі салада мамандар даярланады,  ал  болашақ  мамандардың  бәсекеге  қабілетті елдердің  қатарына кіруде  және ел  экономикасы  мен  болашағын  дамытуда – өздерінің алған  білімдерін  әлемдік  деңгейде  көрсете алатын  дағдысы  болуы  қажет.                         Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен белгілі бір салада оқыту - ол белгілі бір  деңгейде ағылшын тілін білгенінен бастап жүргізіледі. Оқытудың теориялары және тілді суреттеудің байланысы кездейсоқ емес, яғни, біз көздеген белгілі ситуацияға қажетті және оқуға қажеттіліктерді есте сақтай отырып, талдау жасауымыз керек.

      Басты ситуацияға керекті талдау, ол тілді қолдану деп есептелінеді. Ағылшын тілін арнаулы мақсатпен оқытуда  жеке тұлғаға бағытталған қағидалар жалпы ағылшын тілін оқыту әдістемесімен бірдей.  

      Сондықтан  да  болашақ  мамандарды  даярлауда және  оларға  шет  тілін  үйретуде, заманауи  әдістерді  тиімді  қолдана  отырып,  оң  нәтижелерге  қол жеткізуге  болады  деп санаймын.