Қылышева Ардақ Айтмуханбетовна

№43 жалпы білім беретін мектебі

Алматы қаласы,Қазақстан

бастауыш сынып мұғалімі

 

Мектепалды даярлық сынып оқушыларын ойын технологиялары арқылы дамыту

 

 «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім»

Мұхтар Әуезов

Әр ұстаздың  басты міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты  жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Мектепалды даярлық сыныбында оқушылардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделгіш, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда  ойын технологиясының маңызының атқаратын орны ерекше.

Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді  өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Мектепалды  оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Ойын түрлері оқушының  ой қабілетін  арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.

Әрбір сабақтың мақсаты –  тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі.  Балалардың  сабаққа   қызығушылықтарын  арттырады. Ойын үстінде баланың  түрлі қасиеттері, қабілеті  мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу — бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын — балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.     

Ойын  түрлерін  сабақ  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта  таңдап алу  керек.  Мазмұнды  ойындарды  қайталай  бермеу  керек,  ол  үшін  өтілетін  сабақтың  тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  күні  бұрын  реттеп  оны  жүргізудің  тиімді тәсілдерін ойластыру  керек.  Барлық  сабақтарда  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. Мысалы сауат ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  мұғалімнің айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып, сөз  құрастыруға,  олардың  ой - өрісін  дамытуға  үйретеді.Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін .Сюжетті — рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын  әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Мысалы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын»,  «Тауып ал»,  «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап»  т.б. «Математикалық жарыс» т.б.ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» — екі команданың немесе  оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы  түрінде өтеді.Сабақтың  қызықты,  тартымды  өтуі  үшін    дидактикалық  ойындарды  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Ойынға  керекті  құралдар  әр  балаға  жеткілікті  болу  керек,  сонда  ғана  балаларға  түсінікті  болады.  Дидактикалық  ойындардың  құралдары  ұзақ  уақыт  сақталуы  үшін  эстетикалық,  гигиеналық  талаптарға  сай,  әдемі  қораптарда,  қалталарда  тұру  керек.

Қорыта айтқанда, ойын араласқан сабақ тартымды өтеді, балалардың  білуге деген құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.