Қасенова Клара Жакановна

Алматы облысы,Алакөл ауданы, «Акши» ауылы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы: зерделеу, анықтау

 

Эксперименттік  қызметке тарту педагогтардың – шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіру жолдарының бірі. Бұл мәселе өтпелі кезеңнің маңызды міндеттері қатарынан саналады. Білім беру саласында эксперимент жүргізу – педагогикалық шындықты тану әдісіне жатады. Бұл тексеру бақыланып, басқарылатын жағдайларда табиғи және жасанды  жолдармен жүргізіледі. Осының нәтижесінде маңызды факторлардан тұратын ЖАҢА ІЛІМ-ге қол жеткізіледі. Ол педагогика  (басқару) бағыт-бағдарларына сәйкес белгіленген мақсаттардың орындалуына ықпал ететін болады.

  Эксперимент теорияға сүйенеді. Ол педагогика (басқару) әзірлемелері түрінде рәсімделеді. Эксперименттің өзіне тән белгілері қандай?

  Эксперимент белгілері

·                        Педагогикалық қызмет нәтижелеріне әсер ететін факторлары бар жаңа ілім салаларын игеруге бағытталуы.

·                        Эксперименттік  қызметті сипаттау үшін ғылыми тілдің қолданылуы.

·                        Эксперимент бағдарламасының әзірленуі.

Педагогикалық  эксперименттің дұрыс орындалуы үшін қажет факторлар

·                        Эксперименттік   қызметті жүзеге асырудың материалдык – техникалық, қаржылық-экономикалық жағдайлары.

·                        Педагогикалық экспериментті кәсіби шеберлік деңгейінде жүзеге асыру үшін кадрларды әзірлеу.

·                        Экспериментке ену мен оны жүзеге асырудың мотивациялық жағдайлары

Қазақстандық және ресейлік жетекші ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, біз педагогтардың эксперименттік қызметін қолдауды мынадай кезеңдерге бөлуді ұсынамыз.

·                        Диагностикалық кезең. Кәсіби біліктілікті жетілдіру мақсатында мұғалімдер қызметіне педагогикалық талдау жасау арқылы негізгі бағыттарын белгілеу,анықтау.

·                        Бағыт-бағдарларды, бірыңғай міндеттерді анықтау. Таңдап алынған ғылыми ізденіс бағытына сәйкес педагогика ұжымының қоғамдық пікірін қалыптастыру, әрбір мұғалімнің ортақ істе нақты зерттеу нәтижелерінің қаншалықты маңызды екенін ұғыну қажет.

·                        Проблеманы зерттеу кезеңі. Мәселені тереңнен зерттеу, педагогикалық тәжірибелерге талдау жасау, жетекші ғылыми идеялар төңірегінде жұмыс жүргізу .

·                        Әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңі. Мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламаларына түзетулер ендіру,зерттеулерге мониторинг ұйымдастыру

·                        Жариялылық кезеңі. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға қоғамдық сараптама ұйымдастырып, оны жүргізу,  сараптамаға сол саланың ғалымдары мен тәжірибелі мамандарын тарту. Эксперименттік аралық нәтижелерін кеңінен талқылау.

  Зерттеу қызметі мен тәжірибелік-эксперименттер ұйымдастыруға байланысты біздің мектепте қалыптасқан жұмыс жүйесібар. Қазіргі заманғы қоғам білім беру қызметкерлерінен өз кәсіби функциясын сапалы түрде атқаруды талап етеді. Бұл жаңа педагогикалық ойлау жүйесін игеру, жұмыс технологияларын қайта зерделеу, қайта қарау, жоспарлы бағытта шығармашылық өсу арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе. Мұғалім зерттеушілік тұрғыдан белсенділік танытатын болса, ол тез арада-ақ педагогикалық еңбектің нағыз шеберіне айналады. Адам зерттеуші болып турмайды, оны жүре келе игереді. Мұғалім де жұмыс тәжірибелерін (соның ішінде өзінің де) талдау мен қорытуға қажетті, сондай-ақ конструктивтік-әдістемелік қызмет саласына керекті зерттеушілік қабілетін игере алады.

  Ең алдымен мұғалімнің педагогикалық қызметіне, оның зерттеушілік қызметке даярлығына жалпы баға беру қажеттігі туындайды (өзіне өзі баға беру жолын да қолдануға болады). Мұндай мүмкіндіктер мектеп әкімшілігі тарапынан сабақтарға жоспарлы түрде қатысу кезінде пайдаланылады. Даярлықты зерделеп, баға беру төмендегідей әдістеме бойынша жүргізіледі.

1-әдістеме.

Мақсат: мұғалім жұмысындағы қиындықтарды зерделеп, айқындау.

Педагогикалық қызметтің түрлері мен элементтері

Қиындық деңгейлері

Өте қиын

қиын

орташа

Қиындығы жоққа тән

 

 

 

 

 

Тақырыпты жоспарлау

 

 

 

 

Сабақтарды жоспарлау

 

 

 

 

Тәрбие жұмыстарын жоспарлау

 

 

 

 

Оқушылардың өзін өзі тәрбиелеу және өзін өзі жетілдіру жұмыстарын жоспарлауына көмек көрсету

 

 

 

 

2-ӘДІСТЕМЕ.

Мақсат: мұғалімдедің конструктивтік- мазмұндық және конструктивтік іскерліктеріне баллдық тұрғыдан баға беру,іскерлігі айқын көрінеді,іскерлік сипаттары ішіанара байқалады,іскерлік сипаттары байқалмайды.

Іскерлік сипаттары

Балл

 

 

І. Конструктивтік- мазмұндық

Ағымдағы және перспективалық жоспарларды жүзеге асыра білу

-

Сабақтың структуралық жағынан тиімдісін таңдап, оның композициялық құрылымын әзірлей алу

-

 Мұғалім сабақ материалын әрі нақты әрі айқын етіп жоспарлау:

-тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылар үшін қиындық деңгейлерінің жеңілінен қиынына қарай орналастыру

-

ІІ. Конструктивтік- оперативтік

-

Педагогикалық қызметті психологиялық-педагогикалық ғылыми ұсынымдар мен үздік педагогикалық тәжірибелерге сәйкес жүзеге асыра білу

-

Оқытып-үйрету кезінде ақыл-ой тәрбиесін жүзеге асыра білу

-

 

Қорытынды

Педагогтардың зерттеушілік қабілетін жетілдіру, қалыптастыру мақсатында алдымен олардың педагогикалық шеберлігін, әр түрлі идеялар арқылы өз қызметіне талдау жасатып үйрету. Мәселелерді тереңнен зерттеу, үздік педагогикалық тәжірибелерге талдау жасау, жетекші ғылыми идеялар төңірегінде жұмыс жүргізе білуге негіздеу, қалыптастыру.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Педагогикалық ізденіс. ҚұрастырғанИ.Н. Баженова. Алматы, 1990. 

2. М. С. Керимбаева. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. Алматы, 1995.

3. А.К. Ахметов. Приципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы, 1995.