Педагогика. Современные
методы педагогики
Байкулишова
Самал Сайлаубековна
қазақ тілі мен
әдебиеті
пәнінің мұғалімі
№43 жалпы
білім беретін мектебі
Алматы қаласы, Қазақстан
Жеке тұлғаны дамытуға негізделген
педагогикалық
технологиялар
Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат
ұстанымдарында білім беруді басқарудың демократиялық
сипатына сәйкес білім беру ұйымдарына, пән
мұғалімдеріне оқыту әдістерін, жаңа
технологияларды таңдап, пайдалану және авторлық
үлгілерді қолдану мүмкіндіктері берілген.
Жаңа технологияның басты
проблемасы мұғалімнің мақсатына жетуі үшін тиімді
тәсілдерді таңдай білуі. Қазіргі сабақтың
әдіс-тәсілдері көп. Бүгінгі таңда мектеп
қабырғасында жаңа технологиялардың көптеген
түрлері қолданылуда.
Соның ішінде
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны
дамыту құралы ретінде» кеңінен
қолданылуда. «Модульдік оқыту технологиясына »
тоқталсам, технологияның ерекшелігі – оқушының
танымдық қабілеттерін есту, көру, қимыл, ойлау, ынта,
зейін, қабылдау қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Бұл технология бойынша мұғалім
кеңесші және оқушылардың танымдық процесін
ұйымдастырушы рөлінде болады.
Модульдік оқытудың
өзегі – оқу моделі. Модульдік оқыту –
оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін
дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек
қана ақпаратты игеру емес, сонымен қатар
қабылдаған ақпаратты
өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады.
Оқу процесін модульдік принцип
негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге
бөлу, яғни оқу пәнін ірі тарауларға бөліп,
сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі мен ептілігі
анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті бақылау
және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін
қарастырады. Модульде оқу уақытының басым бөлігі
оқушылардың өз бетімен жұмыс ісеуіне жұмсалады.
Алған білімдері күнделікті бақылау, тексеру
әдістері арқылы анықталып тұрады.
Қазақ тілін оқытуда
модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне
тоқталсақ: біріншіден,
білім деңгейі әр түрлі оқушылармен жеке-
тұлғалық жұмыс ұйымдастыру жүйесін
жүргізуге бағытталады; екіншіден, оқу үрдісінде
оқушы әр деңгейлі жұмыстарды таңдауда,
бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен
бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға, қорытынды
бақылау тапсырмаларына алдын ала
дайындалуға
мүмкіндік алады; үшіншіден, технологиялық картада
күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану
арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарлайды.
Модульдік технология жаңа
және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді
сабақтастырып қолдануымен қызықты әрі тиімді.
Оқу
модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш
құрылымды бөліктерден: кіріспеден, сөйлеу
бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Модульдің сөйлеу бөлімі оқушыны дамыту
құралы ретінде тиімді қолданылып келеді. Оқытуды ойын
түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді
формаларды (топтық, жеке, жұппен жұмыс, диспуттар,
пікірталастар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып
табылады.
Сөйлеу
бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша
әр оқушы өзінің қалай және немен
шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екененін
біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың
ережелерімен немесе оның құрылысымен жүру барысымен
алдын –ала таныстырады.
Оқу
модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлеу
бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың
бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқыту, түрлі ғылыми
көздерді пайдалану құпталынып келсе, енді қорытынды
бөлімінде оқушы өзінің сөйлеу бөлімінде
алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің
көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Қай
тақырыпта болмасын соңғы модульдік қайталауға
қорытынды есебінде оқушыларға тест сауалдарын
өткізудің де маңызы зор. Мұнда оқушылардың
білімдері тест тәсілімен тексеріліп, олардың өз-өзін,
бір-бірін бағалау арқылы жауапкершілік өзіндік пікір айту,
өзіне сын көзбен қарау қасиетін дамытуға
жағдай жасауға болады. Нәтижесінде модульдік оқыту
жүйесі бойынша оқушы терең, тиянақты білім алады. Оны
білуге құштарлығы артады, өз бетімен ізденісі
күшейеді. Ойлау белсенділігі, шешім қабылдау әрекеті дамиды.
Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі
көмек-нұсқау рөлін атқарады. Ол оқушы
іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелейді,
бағыттайды, тәртіпке салады.
Оқыту
үрдісінде баланың белсенділік қабілеті – дидактиканың
ең бастысы болып табылады. Ол білім мен білікті саналы
түрде қажет ету, нәтижеге жету сияқты іс-әрекет
сапасының түсінігін береді. Ол жайдан –жай пайда болмайды,
бұл – педагогикалық технологияларды шеберлікпен жүйелі
пайдаланудың жемісі. Басқа ұлт тілінде оқытатын
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі
оқытушыдан табандылықты, ізденгіштікті талап етеді.
Кез-келген
оқыту технологиясы іс-әрекеттің
қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Ондай
технологиялар: ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,
коммуникативті технология, оқу мен жазу, оларды қолданудағы
басты мақсат – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың
іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыру және жеделдету,
сабаққа қызығушылығын ояту, тілдерін
дамыту.
Соның
ішінде өз іс тәжірибемде оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысында ойлау технологиясын тиімді, жүйелі пайдаланып
келемін. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, біздің
түсінігімізше, педагогтың бағыттауымен оқушылар
өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін
қалыптастыруы. Сын
тұрғысынан ойлау стратегиясын ұсынушылардың
анықтамасы бойынша: сын тұрғысынан ойлау – даму.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері
дамыған сайын оларда төрт деңгейдің көрсеткіші
өседі: жекеден –жалпыға, дифференциалдыдан – сенімділікке,
интуициядан – логикалыққа, бір көріністен – көптеген
көріністерге.
XXI ғасыр қатаң
бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр марғаулықты
көтермелейді. Бізге серпілу керек. Ең бастысы болашақ
ұрпақ білімді де, білікті ұлттық рухты тәрбие
алған азаматтар болып шығуына әр мұғалім
мүміндігінше әсерін тигізуге тиіс. Жаңа технологияларды
қолдану – шәкірттердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуда,
ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіруде, алған теориялық
білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтыруда үлкен
маңызға ие.Ең бастысы оқушының тілді
меңгеруде ықылас пен ұмтылысын, қызығуын
арттырады.
Педагогикалық
технология – жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты
педагогикалық жүйе деп есептеп, сабақты қызықты,
тартымды өткізе білу мұғалімнен көп ізденушілікті
біліктілікті, тапқырлықты жүктей отырып, өзге ұлт
өкілдерінің киелі де, касиетті қазақ тілін құрметтеуге,
достық қарым - қатынаста өзара тіл табысып
сөйлесуге үйетуге міндеттейді.
Қорыта
айтқанда ана тілімізбен туған әдебиетіміздің мерейі
үшін қызмет етіп, тілдің туын лайықты шыңына
қондыруға үлес қосу біздің еліміздің
алдындағы ұлттық, перзенттік парызымыз демекпін.
Мемлекетіміздің ұлттық саясатының ажырамас
бір бөлшегі ретінде тіл саясатының басым бағыты – мемлекеттік тілді өркендету деп санаймын.