Педагогика.  Современные  методы  педагогики

Қасымова   Камщат  Темірбековна

ағылшын  тілі  пәнінің     мұғалімі

№43 жалпы  білім  беретін  мектебі

Алматы  қаласы, Қазақстан

Ағылшын  тілін  бастауыш  сыныптардан  бастап  жүргізудің  ерекшелігі

      Жан-жақты білімді, дарынды, талантты оқушыны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстанның дамуына  оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік әлем кеңістігіне ену, білім  беруді  демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына  сай  үйлестіре алу міндеті туындап,  білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге  жаңа талаптар қойылуда.

        Қай кезеңде ,қай заманда болмасын  мектептегі басты тұлға - мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын  қазақтың ой - танымының иесі, саналы азаматты  жетілдіруге үлес қосатын  шет тілін оқыту процесі , оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Кез-келген оқыту -белгілі мөлшерде адамды дамытады.  Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да,  мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін туғызбаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік  арқылы жүзеге асады.

       Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның жеке басы, қасиеті мен қабілетінің  де даралығын  танытатыны  белгі.       Шетелдіктердің пайымдауынша, «Білім нәтижесі оқытудың белгіленген кезеңдерін аяқтағанда, оқушы нені біледі және нені істей алады?» деген сұрақтардың жауабымен анықталады. Осыдан келіп олар оқыту түбінде бір нақты күтілетін нәтижеге бағытталып жүргізілуі тиіс деген тұжырымды басшылыққа алады.     

        Түпкі  нәтижеге қол жеткізу үшін, алдымен, сол нәтижені нақты қоя білу  қажет. Сонымен қатар оларды белгілеудің критерийлері (көрсеткіштері), бағалау жүйесі, реттелуі саралануы тиіс. Егер бұлар толық әрі біртұтас қамтылмаса, онда оқыту процесі де толық мақсатына  жете  алмайды.

        Бүгінгі күні  баска  елдермен тереземіз тең егемен ел болғанымызда Елбасының Қазақстан халкына Жолдауындагы кешенді мәселенің бірі-еліміздің ертені болатын ұрпақка сапалы да, нәтижелі білім беру болып табылады.         Сондай-ақ ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес қияндарға жол салып, өркениеті елдерден  қалып қоймай, жас ұрпакка білім беру саласын дүниежүзілік стандартка сай жетілдіре  түсу өзекті мэселе болып отыр.Қазіргі кезде шет тілі ғаламдастыру ғасырындағы әлеммен тілдесудің  тілі болып  отырғанда, 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сыныптан бастап оқушыларға шет тілін окытудың тиімділігі өте зор.

         Мақсаты- мектептердің элемдік білім кеңістігіне кіру аркылы, Елбасының бүгінгі  күні жүргізіп  отырған  ұш тұғырлы тіл саясаты негізінде білім жүйесін халықаралық деңгейге көтеру талап етіледі. Осыған орай сапалы да, нәтижелі білімнің  негізі бастауышта  қаланатындыктан, шет тілін осы сатыдан бастап  окытып, бүгінгі жас ұрпактың  білімі мен біліктілігін коғам сұранысына сай білімді, бәсекеге кабілетті,  көп мәдениетті, тілді жетік меңгерген , толерантты тұлға етіп тэрбиелеу мұғалімнің кәсіби шебер болуын талап етеді. Өйткені, баланың бойына анасының сүтімен сіңген өз  ана тілін үйрену еш киындықсыз берілсе, өсе келе екінші тілді шет тілін меңгеру едәуір қиындықтар туғызатыны анық..

          Психологтардың айтуынша, бастауыш сынып жасындағы балалар шет тілін үйренуге өте икемді келеді, ал оскен сайын олар бұл кабілеттерін жоғалтып, белсенділіктері төмендейтіндігі дәлелденген. Сондықтан да, тіл негізін  бастауыш  сыныпта калап, әрі қарай еркін сөйлеу  қабілетін елдің өркениеттілігі деңгейінде білімділік деңгейімен сойлеп шығу деңгейіне жеткізу әр мұғалімнің алдына нақты мақсат- міндеттерді қойып, соны іске асыруда үлкен күш-жігермен жүмыс істеуге бағыттайды.

         Ұстаздың қолындағы мықты екі карудың бірі-терең білімі болса, екіншісі-сол білімін окушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс-тәсілі болуы қажет. Ағылшьн тілін окыту барысында, оз тәжірибемде В.В Коваленконың «Ойын арқылы оқыту» және В.Выготскийдің «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясының  стратегияларын  колданамын.     Сабакта ойын түрлерін колдану оқушылардың жұмысқа қүлшынысын тудырып, баланың  бойында  ұжымдық сезімді калыптастыруға, материалды жақсы түсініп, тез кабылдауына, миының шамадан тыс шаршамай еріксіз есте сақтауына, сабактың әсерлі нақышта болуына көмегі зор. Сондай-ақ сыныптастарының ой-пікірімен санасуға, накты сөйлеуге, бойындағы ұяңдықты  жоюға  тәрбиелейді және де ойын ойнау барысында бір нәтижеге жету баланың өзіне, біліміне деген сенімін арттырады. Сонымен бірге, осы жастағы балалардың әдемі, кызықты заттарға назар аударуы мен қызығушылығы мол болып, қабылдауы берік болатындығы дәлелденген.    Сондыктан да тілді бастауыш сыныптан бастап үйретудің тиімділігі, окушыларды осы жас шамасында ойын, козғалыс, музыка жэне көрнекілікті кеңінен колдану аркылы  олардың  тапсырманы орындауға  деген белсенділігі мен табиғи  икемділік қабілеттерін қолдана отырып, тілді

үйренуін жеңілдетеді .Осылайша,  шет тілін  оқытып үйретуде алдыма койып отырган басты мақсатым- сөйлеудің қарапайым дағдысын қалыптастырудв төмендегі  міндеттерді  орындаймын.

1.  Мұғалімнен кейін кайталау аркылы сөздерді фонетикальқ жағынан дұрыс айту;

2.  Окушылардың  тыңдау зсйінің  қалыптастырып,  сөздерді, дұрыс айтуға дағдыландыру;

3.  Окушылардын сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету;

4.  Жай грамматикалық құрылымдарды менгерту.

       Фонетикалық бағыт – шет тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Бұл кезеңде  ұйымдастырылатын  жұмыстар оқушының шығармашылық қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын  игертуді  көздейді. Атап айтқанда, олар: дыбыстық, буындық, сөздік талдауға арналған жаттығу жұмыстарының түрлері, логикалық  ойындар, сурет салу, әріптермен  жұмыс және т.б. Ағылшын тілі сабағын өту барысында барлық сыныптарда міндетті түрде фонетикалық бағытпен жұмыс жасалады.

Мысалы:

Дауысты дыбыстар:  Дауыссыз дыбыстар:

α:]- pass,dance, bath, clerk, bar         [θ]-three, thought, month, author

[Λ] - cut, blood, uncle, love , done    [ð]- that, this, other, mother, booth

[æ]- bag, bad, flag, grammar, pattern  [ς]- sure, push, bishop, session

[е] - pen, test, end, pencil, merry        [з]-genre, garage, decision, vision

[ə] - Japan, elephant, mother, humour, fire   [η]-uncle, ankle, string, bring

[з:] – turn, year, worth, skirt, term      [ρ]-piece, place, supper, ship

[i:]- seen, bean, ski, priest, meter        -boy, bottle, labour, double

[ı]- pin, sit, litter, Italy     [m]-my, lamb, time, sum

[o:]- pork, score, tall, saw,       [w]-window, where, quick, twice

[o] – dog, gone, bottom, bottle [f]-fever, photo, suffer, laugh,

[u:]- you, boot, prove, flue, few         [v]- veal, vase, stove, cover

- good, put, pull, push, cushion         -sit, peace, scene, lesson

Дифтонгтар       [z]-zoo,zipper,jazz, scissors

[αı] – eye, bite, die, flight, try   [t]-two, try, twist, settle

[еı] – day, pain, state, betray, state     [d]-die, dog, sad, mud

[əu]- own, bone, soap, tone, post      [n]-nine, knit, gnat, sign

[αu] – our, tower, down, loud, plough         [l]-least, flirt, fly, doll

[ıə] - ear, dear, deer, pier, beard         [r]-rat, ride, dream, pirate

[uə] – tour, poor, purely, cure, sure    [k]-cat, kid, clock, accept, axe

[еə] – air, bare, wear, fair, fairy [g]-guide, give, segment, dog. etc..

      Өйткені, бұл жұмыстар оқушыны оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетімен, орындауға жаттықтырса, екіншіден ойын арқылы тілді үйренуте деген ынта, қызьғушылығын  арттырып, дербес болуға, өз ойын ашық айтуға, белсенділікке баулиды. 

      Мектептерде ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың дұрыс сөйлеу,  сауатты жазу  дағдыларын қалыптастырып,  шет тілді әр түрлі жаңа  технологиялар  арқылы  игерту. Оқушылардың  құзырлылығын  дамыту мақсатында жоғарғы сыныптардағы тәжірибемізде коммуникативтік құзыреттілікті қолданамыз.

       Сабақ түрлерін  тұрлендіре қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана алдымыздағы  оқушы біліміміз  болады.  Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аоу  қажет. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан  соң,  қандай нәтиже  беретінін әр түрлі іс шаралардан көруге болады.

        Осылайша оқушылар бастауышта меңгерген білім-білік, икемділіктерін эрі карай дамытып, жоғары сыныпқа келгенде тілді талапка сай меңгеруіне мүмкіндігі болады.

       Ойымды түйіндей келе, казіргі заманньтң өркениетті прогресшіл бағытына сай, адамгершілік касиеті мол, ұлттың дінін, тілін жоғалтпаған, озге  елдегі  замандастарымен тең  дәрежеде бэсекелесе алатын, жоғары өрелі, терең  білімді, ата-баба  ісін жалғастырушы мәңгілік күш- үш тілді қатар  меңгерген  егеменді  еліміздің қазақ коғамын тэрбиелеуде, ағылшын тілін бастауыштан бастап оқытудың маңызы өте зор деп  есептеймін.