Педагогика.
Современные методы педагогики
Назаралиева
Гульнар Танатовна
бастауыш сынып
мұғалімі
№24 лицей
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті
Бастауыш сынып
оқушыларының
логикалық ойлау дағдыларын арттырудың
тиімді
әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектептегі
оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға
білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін
дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын дамыту туралы
М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның
өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр,
сондықтан басқыштап іс істеу керек.Оқулықтағы
берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер
ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта –
ықыласы, құштарлығы болуы керек». Оқу материалы
балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін
ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау
қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да
мұғалім балаларды сабақта
талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы
ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай
болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе
білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық
ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық
сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті
К.Д.Ушинский. Логикалық ойлаудың ерекшелігі –
қорытындылардың қисындылығында, олардың
шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен
құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз
анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен
қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар
мен қатынастардың дұрыстығын теріске
шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде ғалымдар
А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектерінде нақты
анықтама берілді. Авторлардың пікірлерінше «Логикалық
ойлауды дамыту» дегеніміз:
·
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау,
салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде
қалыптастыру;
·
ойлау
белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын
дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені
логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде
қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге
ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Ал
оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйрету – математика
сабағының міндеті. Жаңа буын математика
оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі –
оның әрбір сабаққа лайықталған
материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың
тобынан тұрады. Әр сабақта қалыптан тыс
және қызықты жаттығулар, шығармашылық
деңгейге арналған логикалық есептер, тапсырмалар беріледі. Ол жаттығулар негізінен балалардың логикалық ойлау қабілетін,
ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай
жаттығуларды орындау барысында оқушылар мазмұнға
сәйкес объектілерді бақылайды, байқайды, салыстырады;
сондай-ақ әр алуан ақыл-ой
іс-әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар
жүргізеді, зерделілік білдіреді,
ізденеді, болжам айтады және оны негіздеп беруге немесе дәлелдеуге
талпынады, математикаға деген қызығушылығын,
ынта-ықыласын тудырады. Бұл
жаттығулардың бәрі арнайы жүйе
қүрайды. Оларды орындай
алмаған оқушыға білімінің көрсеткіші ретінде
нашар баға қоймайды, ал
оны орындаған оқушыны мадактаған жөн.
Баланың жас
ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған
логикалық ойын-ребус, сөзжұмбақ, қызықты
әзіл-есептер, жұмбақ-есептер баланың ой-ақылын, дүниетанымын кеңейтеді,
мінез-құлқын, ерік-жігерін
қалыптастырады
және де сабаққа қызығушылығын арттырады.
Мысалы:
1. Үстел үстінде 3 қияр, 2
сәбіз, және 5 апельсин тұрған.Үстел
үстіндегі барлық көкөністер қанша?(Шешуі: 5
көкөніс,апельсин жеміске жатады.) .
2. Айбек пен Торғын
әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.Айбек
Торғынға өзінің
жаңғақтарының
4- еуін берді.Торғынның жаңғақтары
қаншаға артық болды? (Шешуі: 8-ге артық).
3. Екі
стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін
тарелкаға төңкердің.
Қайсы
стаканда су көп? (бірдей).
Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек. Мысалы:
1.1жанүядағы
ағайынды 2 жігіттің әрқайсысының 1 апасы,1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).
2. Қарындашты
тең етіп 2-ге бөлгенде, неше қарындаш шығады?
3. Автобус оң
жаққа
бұрылғанда,
ішіндегі жолаушы қайда
бұрылады?
Логикалық жаттығулар:
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің
аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың
қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші
болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің
аты кім?
(Шешуі: Айжан-Мұраттың,
Маржан-Асқардың қызы.)
2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ
бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
(Шешуі: 8 аралық)
3.Екінші сыныптың өқушылары
екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші
жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал
артынан санағанда төртінші
жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)
Қызықты әзіл-есептер:
1.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас
кәрі еменнен 12 қадам солға,5 қадам
оңға,қайтадан 4қадам солға,11 қадам
оңға жүрді. Олжас қайда тығылды? (Шешуі:
кәрі еменнің түбіне)
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада
қалды. Бұл қалай?
3.10 жасар Арман шашын
тақырлап алдырып тастады да ойланды. Егер менің шашым айына 1 см
өсетін болса,20 жасқа келгенде, менің шашымның
ұзындығы қандай болар еді? (Шешуі: 120 см.
|
|
Міне,
осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге
деген қызығушылығы артады. Дүниетанымы кеңейеді,жылдам
есептеу шеберліктері артып, білім сауаттылығы күшейеді.
Математикалық ойлауды
өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын
арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу
элементтері бар логикалық
есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті
шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен
шығару, өздігінен есеп
құрастырту кіреді. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық
ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге
тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді
шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын
көзбен қарауға, бақылағыштыққа
машықтанады.
Логикалық
есеп дегеніміз - арнайы формула қолдануға келмейтін,
әрқайсысына өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта
өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен
тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың
жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта
жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай,
түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны
жен.
Логикалық
есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:
1. Логикалық есептердің
шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету
«ойдың броундық
қозғалысы» тәрізді, яғни байқап көру,
қателесу әдісімен
іске асады. Байқап көру
арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге
бастайтын тізгінді қолға ұстатады.
2. Логикалық
есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне
негіз
болады. Есептің сюжетінің
шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала
көңіліне әсер етіп, қайткенде де оны
шығаруға итермелейді.
3. Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге
негізделіп жасалады.
Міне,
осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану
аталған ойлау операцияларын
дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга
жагдай жасайды. Логикалық есептерді
шығару көбінесе байқап
көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы
тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.
Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол
талдау, салыстыру, жалпылау, байланыстарды анықтау,
ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады.