Педагогика. Современные  методы  педагогики

Сарканбаева  Сажида   Байгалиевна

бастауыш  сынып  мұғалімі

                                                                                                   №24 лицей

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті

 

Шығармашылық жұмыстарды  жүргізу- оқушылардың танымдық  қабілеттерін  арттырудың  кепілі

 

      Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде адам баласының сөйлей бастаған кезінен  бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар Ғ.Есім, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын  алған. Сонымен бірге шетел философтары Платон, Гегель, И.Фихте, Декарт, Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц, Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.

       Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж.А.Қараев, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубаева, К.Ж.Қожахметова, К.Оразыханова, Б.А.Тұрғынбаева, М.М.Жанпейісова, Ә.С.Әмірова, К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева және т.б. зерттеген.

       Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық  тапсырмаларды  ұтымды қолданудың мәні зор.

       Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді  адамды  әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

        Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды сұрақтардың бірі.

       Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.

       Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған төмендегідей шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:

● интеллектуалдық марафон;

● интеллектуалды олимпиадалық ойындар;

● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар;

● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер;

● интеллектуалдық клубтар;

● оқушылардың  қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер.

        Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті  тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта  шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.

        Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:

● Ойын әрекеті.

● Шығармашылық құрастыру.

● Шығармалар мен диктанттар.

● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар.

● Интеллектуалдық ойындар.

         Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.)
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру т.б.)
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

 

 

    Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы жұмыс түрлері:
1. Балаларды мұражайға апару, түрлі кездесулер өткізу.
2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақта үнемі пайдалану.
4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

        Үнемі осындай жұмыстарды жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

       Оқу үдерісінің шығармашылық сипаты     оқушылар жетістігінің арта түсуіне әсер етеді. Баланы шығармашылық үдеріске тарту олардың белсенділігін арттырады, интеллектуалдық біліктілігін, зерттеушілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, білімді сапалы меңгеруін дамытады.