Педагогика.  Современные  методы  педагогики

Адилгазинова  Гульмира  Турсуновна

№26  орта  мектеп  директоры

                                         Алматы облысы, Талғар  ауданы, Еркін  ауылы

 

Білім  беру  жүйесіндегі  қоғамдастықтың  маңыздылығы

      Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əсіресе білім саласы үшін маңызды екені анық. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, əлемдік білім  берудің алдыңғы қатарлы озық тəжірибелері қолданылуда. Білім  беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу  жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен əдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен  қарастырылып, қалыптасуда. Осыған орай əлем қалай өзгерсе, мұғалім де өзінің өзгеруіне мүмкіндік жасауы яғни жаңашыл болуы қажет.  «Білімді ұрпақ- ел болашағы» дегендей, өскелең ұрпақты алған білімін өз өмірінде қолдана алуға, заманына лайықты өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. «Білім саласына қызмет еткеннің бəрі Қазақстанның  болашағына қызмет етеді» деп елбасымыз Н.Ə.Назарбаев  айтқандай, мұғалімдер  қауымының өскелең ұрпақ алдында жауапкершілігінің зор екені белгілі.

       ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам мен технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану - уақыт талабы. Бүгінгі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Білім жүйесін инновациялық технологиялармен  жабдықтап, білімнің  халықаралық  талаптарын  меңгерудің маңызы айрықша.

        Білім  беруді жаңарту үнемі алға қарай  ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең -кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы  білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді  дамытып  қалыптастыруды талап етеді.

       Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі  заманғы  ұйымдар  желілердің білім  және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық  оқшаулау  дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық  балалардың мүддесі үшін мектептердің     «Білім беру желілеріне» бірігуі  уақыт өткен сайын маңыз алуда.

        Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін стратегия деп саналады.

         Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Бастапқы кезеңде желі де жұмыс істеу қызықты көрінгенмен, желі жұмысты жүргізу оңайға соқпайды.Қоғамдастықтың жоспарын құруда бізге және әріптестерімізге қатысушылардың кім екенін және олардың өзара қалай байланысқанын анықтау мақсатында ұйымдастырушылық құрылым қоғамдастыққа шолу жасауға  мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдастық туралы  біздің басқа мүшелерге өз көзқарасымызды жеткізу үшін пайдалануға болатын, жалпы алғанда, біздің қол жеткізген нәтижелерімізді және алдағы уақытта қандай бағытта даму керектігін  көрсететін  құрал.

     Қоғамдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы бізге төмендегі бағыттарды  анықтауға көмектеседі:

•          Қоғамдастықтағы ақпарат ағынын;

•          Қызметтің аясы мен көлемін;

•          Басты рөлдер, үдерістер мен мақсаттарын;

•          Уақыт өте келе  өсуді.

     Қоғамдастығымыздың  ұйымдастырушылық   құрылымын жасап алған соң, келесі қадам жасауды ұйғардық. «Кім?», «не?», «қашан?» және «неге?» деген сұрақтар бізге өз қоғамдастығымыздың ерекшеліктерін ашуға көмектеседі.

Талқылау барысында төмендегі сұрақтар туындады:

Қоғамдастықтың рөліне қандай өзгеріс енгізуіміз қажет?

Қоғамдастықта жүргізілген шаралар мен сауалнамалар барысында алынған білімді мектепке қалай енгіземіз?

Негізгі байланыс желілері қандай болмақ?

Қызметіміздің аясын  қаншалықты кеңейтуіміз  қажет?

Егер негізгі, көшбасшылық  шепте  тұрған адам кетсе, не болады?

    Бұл  жағдайда қоғамдастықтың әлсіз тұсы қай жерде? Мықты тұстары қайсы?

    Қоғамдастық  құрудағы  негізгі  қадамдар:

1.  Өз қоғамдастығмызды  басқаратын  барлық негізгі топтарды: үйлестіру топтары,  зерттеуші топтар, тәлімгерлік топтары, университеттер және жергілікті білім  беру  ұйымдарымен  байланысты көрсететін негізгі топтарды анықтадық.

2.  Содан соң топтардың қызметіне көмектесу мақсатында олардың арасында жұмыс істейтін адамдарды анықтадық.

3.  Топтар арасындағы қарым-қатынас арнасын көрсететін байланыстарды салдық.

     Мектептің бүгінгі  таңдағы жұмыстарына мектеп әкімшілігімен  біріге отырып, талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде мектептің қазіргімен салыстырғанда  келешекте  өз  қызметін жақсарта алуы үшін  нені өзгерту керектігі  анықталып, басымдықтар  белгіленді, мектеп аясында желі  сызбасы құрылды.

Оқу  қызметі  бағыты бойынша:

    Сабақтың  өту  қарқынына  ерекше  мән беріп, ынтымақтастықта жұмыстанып және заман талабына сай  бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу.

Ғылыми әдістемелік қызметі бағыты бойынша:

    Тәлімгерлермен жұмыста жаңа бағытта жүзеге асыруды үйрену.

Идеясы: Тәжірибені өзгерту мақсатында ынтымақтастық орнаған мектеп желісін құру.

    Бағыты: Оқушылардың  оқу үлгеріміне қойылатын талаптарды  арттырып, қоғамдастық  жұмысына  қатысатын ересектерге арналған оқу бағдарламасын жетілдіру үшін «Педагогикалық шеберлік орталығының» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын   қолданып,  оқушыларды оқыту үдерісін жақсартуға бағытталған.

    Үдеріс:  жұмыс жоспары, іс-әрекеттегі зерттеулер, коучинг және тәлімгерлік.

    Негізгі қадамдары:

1. Қоғамдастықты басқаратын барлық негізгі топтарды: басшылық  етуші топ, үйлестіруші, дамытушы, зерттеуші топтар, тәлімгерлік топтар  және оқу орындарымен  жергілікті білім беру ұйымдарымен байланысты көрсететін негізгі топтарды құру.

2. Топтардың қызметіне көмектесу мақсатында олардың арасында жұмыс істейтін адамдарды анықтау.

3. Қос мүшелік немесе топтар арасындағы қарым-қатынас арнасын көрсететін байланыстарды жетілдіру.

    Жұмыс  құралдары: АКТ, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлар, жспарлар, бағдарламалар, өзара және өзін-өзі бағалау әдістері.

    Жұмыс түрлері немесе желіге тарту тәсілдері: сауалнамалар, зерттеу жүргізу , бірлескен оқу күндері, коучинг, семинарлар, конференциялар.

    Қоғамдастықтың  мінез-құлық моделі: өзара  түсінушілік,  ынтымақтастық, сенімділік және сәтті серіктестік.

    Нәтиже:  бұрыннан келе жатқан мәселелер  мен проблемалаларды шешу, жаңа идеялармен алмасу.

   Тұрақты  даму: уақыт өте келе қоғамдастықтың тұрақты дамуын үнемі қамтамасыз ету  мақсатында  ынтымақтастықпен  бірлесе жұмыс істеу.

   Желілік  қоғамдастыққа  қолдау  көрсетушілер: мұғалімдер,оқушылар, ата-аналар.

          Мектептердегі желілік қоғамдастық – оқушылар  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  бірнеше  мектеп арасында  оқыту  мен оқу үдерістерін жетілдіруге  бағытталған  көптеген  іс-әрекеттерді   жоспарлау, іске  асыру  және  оның мониторингін  жүргізу  мақсатында  бірлескен  мектептер тобы ретінде алғашқы нәтижесін беруде. Болашақта  осы бастаған іс-әрекетеріміз жалғасын табатынына  сенеміз.