ҚАШЫҚТЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ   МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

Скакова Нургул Демесиновна   информатика  пәні оқытушысы.

 

ҚР «Білім туралы» заңына сәйкесті қашықтықтан оқыту сырттай, күндізгі, кешкі және экстернат оқыту формаларының бірі ретінде қарастырылады. Қашықтықтан оқытудың өзінің ерекше белгілері бар, бұл белгілерді ұғыну мұғалімдер мен қатар білім алушылар үшін белгілі психологиялық тосқауылды туындатады. Қашықтықтан оқытудың маңызды түсініктерін қарастырайық.

Қашықтан оқыту (ҚО) – оқулық материалды жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен білім алушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.

Қашықтықтан оқыту табысты жұмыс істеуі үшін ең алдымен ақпараттандырылған қоғамның белгілі деңгейі қажет.

Қашықтықтан оқыту бойынша келесі білім қызметтері ұйымдастырылған болуы керек:

·        Дайындық курстары;

·        Білімді алу;

·        Кәсіби білімді жоғарылату және жалғастыру;

·        Сертификацияланған бағдарламалар;

·        Тарсырыс бойынша жасалған  шарттық бағдарламалар.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің потенциалды тұтынушылары келесілер болып табылады:

-         жоғары оқу орны орталықтары райондарынан қашықтықта орналасқан, адамдар;

-         екінші жоғары білім алғысы келген немесе жаңа білімді игергісі келген және өз квалификациясын жоғарылатқысы келген тұлғалар;

-         абитуриенттер;

-         физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар;

-         шетелдік оқу орындарында білім алғысы келетін адамдар;

-         қысқа уақыт ішінде білім бағдарламаларын игеруге ұмтылыс жасайтын адамдар .

Тұтынушылар, яғни тыңдаушылар(қосымша білім алу) мен білім алушылар(мамандықтарды дайындау бағдарламасы бойынша білім алу) ролін атқарады. Тұтынушылар компьютермен және Интернет желісінде жұмыс жасай білуі қажет.

Қашықтықтан оқыту формасында білім процесін ұйымдастыру үшін келесі мамандар болуы қажет:

 

·        курсты өңдеуші-мұғалімдер және мұғалім-кеңесшілер(тьюторлар);

·        ақпараттық ресурстың жүйелік администраторлары мен құрылымдық бөлімнің администратор-басшылары;

·        дизайнерлер, бағдарламашылар;

·        ұжымның техникамен қамтамасыз етілуі.

Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс каналдары қашықтықтан оқыту формасының материалдық негізі болып табылады. Қашықтықтан оқыту формасының бағдарламалық жабдықтамасы глобальды желі серверлерінде орнатылады. Бағдарламалық-ақпараттық жинақты басқаша – қашықтықтан оқыту қабықшасы деп атайды. Қабықшаның желілік адресі портал деп аталады. Бұл атау веб-жүйелерді қолданушылар негізінде желіде қалыптастырылды. Білім порталы бос қатысуды емес, күнделікті жұмыс пен авторизацияны талап етеді: форум немесе чатта электронды семинарларға қатысу, электронды пошта бойынша тьютор кеңестерін және тапсырмаларын алу, тест тапсыру.

Мұнда қашықтан оқыту негізінде Web–технологиясын пайдалану ұсынылып, оның жалпы жүйелік ақпараттық-бағдарламалық платформасы құрастырылды. Бұл жұмыстардың негізіне оқыту мақсатында жасалған бағдарламаларды (мультимедиялық, гипермәтіндік, текстік, т.б.) әзірлеуді зерттеу және оның технологиялық кезеңдерін талдау алынды.

Қашықтық түрде оқыту жүйесін техникалық тұрғыдан, яғни қазіргі замандағы телекоммуникациялық жүйелер мен техникалық құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда қашықтықтан оқытудың мемлекеттік орталығын, аймақтық-салалық және ақпараттық орталықтарын құру және осындай орталықтарды басқа оқу орындарында құру тұрғысынан алып қарағанда, қашықтан оқыту жүйесі көп деңгейлі болып келеді. Республикалық білім беру саласының ақпараттық ғылыми-әдістемелік орталығының ашылуы, оған қоса әрбір облыстарда білім берудің жаңа технологиялар орталықтарының ашылуы осының нақты мысалдары болып табылады.

 Интернетке және оқу ғимаратының желі серверімен қосылған  мәліметтер базасы сервердің ең басты элементі болып табылады. Осы  серверде қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы ұйымдастыру құжаттарын қосатын безендірілген ақпараттық және оқу-әдістемелік мәліметтер базасы құрылады.

Қашықтықтан оқыту формасы білім беруде  оқудың күндізгі формасынан сапасы жағынан кем түспейді,  белгілі кадрлык профессорлік -  білім беру  құрамын қашықтықтан оқыту формасына қызықтыру және оқу процесінде ең жақсы оқу- әдістемелік кешендерін қолдану немесе басқа пәндер бойынша тесттер арқылы бақылау жүргізіп, сапасын жақсарту.

           Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.

Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Колледждерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту керек:

·        әдістемелік жабдықтау жағына;

·        мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

·        қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшілік-шаруашылық кешенін баскаруға)

·        базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

·        аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу).

        Сырттай және экстернат формасында оқитын студенттердің талаптарын қанағаттандыру, яғни оларға кәсіп ететін орнынан алыстамай, өздеріне ыңғайлы уақытта білім алуды ұйымдастыру.

        Қашықтықтан оқыту мен үйлестірілген күндізгі оқу формасында оқитын өзге облыс білім алушылардың талаптарын қанағаттандыру яғни олардың тұрғылықты мекен-жайы немесе уақытша орналасқан орнынан толыққанды білім алуды қамтамасыз ету.

Танымдық белсенділігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту әдісін пайдалану, студенттердің қызығушылықтары мен мотивтерін арттыру, яғни студенттердің контингентін сақтауды қамтамасыз ету;

Студенттерді оқыту сапасы мен үлгерімін арттыру;

Оқу процесін дәстүрлі ұйымдастыру формасы мен байланысты студенттердің кәсіби білім алуындағы кемшіліктерін жою.

     Болашақ түлектердің қызмет ету облыстарында туындайтын нақты

есептерді шешуде ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын бекіту және қашықтықтан білім алуда олардың біліктілігін арттыру.

         Білім сапасын сақтай отырып, қоғамның түрлі деңгейлерінде мүмкін  болатын орта кәсіби білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

        Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен білім алушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуальды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.        

 Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.       «Методика и технологии дистанционного обучения» сайтынан алынған материалдар. Ido.tsu.ru/bank.php/course.

2.       «Системы дистанционного обучения «Прометей»» сайтынан алынған материалдар.www.prometeus.ru/products/.

3.       «Цифровые телекоммуникации» сайтынан алынған материалдар. http://www.telecom.cbx.ru/hicom.shtml.

4.       Тихомиров В.П. Дистанционное образование в России // Дистанционное образование. -1996- №1- С . 7-10.

5.       Виштынецкий  Е.И., Кривошеев А.О. Вопросы применения информационных технологий в сфере образования и обучения // Информационные технологии. 1998 - № 2- С. 32-36.

6.       Қашықтықтан оқыту жүйесінде тьютор қызметтерінің негіздері: арнай курс. С.А.Щенников, А.Г.Теслинов, А.Г.Чернявская –М.:Изд.Дом «Обучение-Сервис», 2004 г.-608с.;

7.       Журнал «Информатика негіздері»  № 1 – 2005 ж  (11-14 б)

8.       Журнал «Мектеп» № 11      (6 бет)