Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
технологиясы
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі
С. Х. Аманжолова педагогика
пәні оқытушысы
Ұлы педагог
К.Д. Ушинский айтқандай: «Мұғалім өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.
Оқуы, ізденуі тоқтасымен оның мұғалімдігі де
жойылады» деген.
Жаңа педагогикалық
технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа
шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч.
Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде
белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән
табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана
белсенділік пайда болады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен
жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде
өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни,
стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нә
тижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті
сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім
алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне
орай таңдап алады. Бұл жаңа
технологиялар-оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін,
эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін,
танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие
үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның
нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын
қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды.
Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл
жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын
білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға
болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық
технологиялар көптеп саналады.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар:
оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім
мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік
сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда
болуы, жеке тұлғаның
дамуына жағдайдың туғызылуы,
яғни жеке тұлғаға бағдарланған
оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге
оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен,
педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге
асырылып, нәтиже беретін
педагогикалық жүйенің жобасы.
Жаңа технологиялардың негізгі
қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін
дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және
дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік
деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс
істеу.
«Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен
жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп
түсінуіміз керек.
Бұл
бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның
ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн,
түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым
бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды
осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры»
арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке
ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау –
ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар
қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге
байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол
дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл
оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Бұл құрылым үш деңгейден
тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп
ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
1-кезең-Қызығушылықты
ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының
бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған
мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын
анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми
қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады.
Қызығушылықты ояту
кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің
белсенділігін , ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске
түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.
2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде
үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша
жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше
жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде
оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға
сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады.
Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға
қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл
сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет
болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін
саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай
қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде
өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді,
яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен
әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін
сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік,
даналыққа бастау алады.
Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша
оқытудағы өзгерістің
нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес
тәсілдер қолдандым;
- мен күтпеген өзгерістер болды;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя
бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан
үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.
Бұл
технологияда
шәкірттердің сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған
оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға
құбылыстардың себептерін толық
ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың
сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми білімдегі
орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды .
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі
артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн
талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол
үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс
үстінде болу керек.
Қорыта айтқанда сын тұрғысынан
ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт
керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін
қолдау.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған
сынының
дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал, оқушыларға байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді таңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Астана хабары, 2004, 6
қаңтар
2. А. Құсайынов. Білім және реформа. //Егемен
Қазақстан, 2002, 24 сәуір
3. Л.С. Выготский. Педагогическая психология. – М.: Педагогика, 1991
4. Л.С. Выготский. Собрание сочинений. В 6 томах. Т.2, 1992, с.252
5. С.Мирсеитова мен Ә.Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы
мен әдістері, Алматы 2006
6. Ж.А.
«Методологические основы совершенствовование педагогической системы обучения в
школе»