Педагогика
Қағазбаев
Ж.А. (Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан)
Нургабдешова
М.Р., Қарағанды
қ. №91 орта мектеп мұғалімі, Қазақстан
ШЕТЕЛ ТІЛІН
МЕҢГЕРУДЕ СЫНЫПТАН ТЫС
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ
ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер: шетел тілі, ағылшын тілі,
оқыту әдіс-тәсілдері, сыныптан тыс жұмыс, сыныптан тыс
жұмыс түрлері, мотивация.
Қазіргі таңда
халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін
меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты
тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана
емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте
жастан оқытуға деген қызығушылық арта
түсті.
«Қазақстан
бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік
тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай
кірігу тілі».
Қазіргі өмір талабы –
оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту.
Еліміздің тарихында болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру
саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды
үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және
әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге
асыруды талап етуде.
Қоғамымыздың
қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі –
шетел тілін оқыту. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің
үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің
алғышарты – оның қоғамдық өмірдің
әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген
мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін
түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын
тілінің ролі зор.
Қазақстан –
бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде
шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді.
Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды
жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын ояту.
Жалпы орта білім беретін
мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған
қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс
тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың
тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері
мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін
қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас
мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде
сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім
мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі
арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан
елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Қазіргі заманның
оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген,
өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен
белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне
жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет
етеді.
Мұғалім алдымен оқушыларды
сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді
қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге
ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын
қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу
атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына
Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай
келісуімізге тура келеді.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда
итерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын
талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту процесіне сай болуы
керек.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда
қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар
студенттердің білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден, оқушылар жіберген
қателерін мұғалім көмегімен өзі табуға
дағдылануы керек.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз
деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе
емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен
шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ:
ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе
алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру
үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды
қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар
енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,
сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап.
Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе –
тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Қазіргі білім беру ісінің алдында
тұрған міндет ағылшын тілінде еркін сөйлей, жаза алатын
оқушылар дайындау. Бұл мақсатқа жету жолында сыныптан
тыс жұмыстардың маңызы өте зор. Оқушылардың
тілді меңгеріп оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші
тілге аударуды, біліктілікті
үйреткенде біз оларға басқа халықтың
мәдениетіне әрі дүние жүзі мәдениетіне жол
ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік туады. Сыныпта, үйде, кітапханада
әдебиеттер мен баспасөз беттерінен, оқулықтардан
ақпарат алу, түрлі хабарлар дайындау, жоспар түзу, реферат
жасау және екі-екіден топпен жұмыс жүргізу де кең
түрде қолданылады.
Мұндай жұмыстар арқылы
оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттерін
арттыруға мүмкіндік туады. Сыныптан тыс жұмыстар
нәтижесі мектеп бойынша айлықтар, жарыстар, концерттер, ертеңгіліктер
өткізгенде көрінеді. Сыныптан тыс жұмыстар
оқушылардың белсенділігіне, шығармашылығына
негізделеді, сонымен қатар әр оқушының икемі,
қызығушылығы ескеріледі.
Әр жаңа материал түсінікті, жеңіл түрде
беріліп жұмыстың әр түрлі формалары мен тәсілдері
қолданылып, аудио-видео құралдары қолданылуы
қажет, оқушы өз жұмысының нәтижесін
көріп, қанағаттануы қажет, өзінің
жетістігін көре білуі қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай
түрлері бар:
а) жеке
ә) топтық
б) массалық.
Жеке түрі – мұнда
мұғалім бір оқушымен жұмыс істейді.
Жұмыстың бұл түрі оңай және көп
жетістікке қол жеткізуге болады. Мысалы, оқушыға
мақал-мәтел жаттауға береміз, әрине үш тілде, ол
бар құлшынысымен ізденуге кіріседі. Ол бірнеше мақалдарды
өзінің дәптеріне көшіріп алып келеді.
Оқушыға ағылшын тілін
оқытуда ән мен музыканың да рөлі өте зор.
Әнді айта отырып, оқушы сөздердің мағынасын
түсінеді, оларды қайталай отырып есте сақтайды. Ән
арқылы оқушының білімін өміріне байланыстырып,
үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен,
мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы
білімдерін молайтады.
Топтық түрі – көбінесе
оқушылардың сүйікті ісіне байланысты ұйымдастырылып,
үнемі жүргізіліп отырады. Олар ойын, хор, ауызша сөйлеу,
драма, әдебиет және өнер, ертегі қою, сондай-ақ
альбом жасау, газеттер шығару, буклет жасау жұмыстары
жүргізіледі. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар
бойында жауапкершілік, сыйластық, достық мол болады. Әр
жұмыстың соңында практикалық нәтиже, яғни
қай оқушы материалды қалай меңгергені көрінеді.
Массалық түрі – ағылшын
тілінде диспуттар, дискуссиялар, ток – шоулар, конференция, кештер,
ертеңгіліктер өткізу жатады.
Сыныптан тыс жұмыстарда
оқушының білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып
жаңа идеялар мен тұжырымдарды әртүрлі жолдармен
ұсынатындарын, жаңа білімді
белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті
өмірдегі жағдайлармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген
сенімділіктері мен түсінушіліктері дамытады. Сыныптан тыс шараларға
қатысқан оқушылардың барлығын марапаттап отыру
қажет. Міндетті түрде ескеру қажет:
а) Сыныптан тыс жұмыс – ағылшын
тілін оқытудың құрамдас бөлігі.
ә) Сыныптан тыс жұмыс
әртүрлі формаларда мүмкіндігінше көп оқушыны
қамту керек.
б) Сыныптан тыс жұмыста
алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды қолдану
қажет.
Ауылдағы балалардың қызығушылығын
арттырып, оқуға ұмтылыс беру үшін көп жұмыс
жасау керек екендігі сөзсіз, өйткені «Шетел тілі» деп саналатын
ағылшын тілі балалар үшін үлкен жаңалық және
болашағы үшін баға жетпес байлық болып есептеледі.
Қорытындылай келгенде,
оқушылардың ағылшын тілін меңгеруде мотивациясын
арттыру оқытушының негізгі міндеті болып табылады, себебі
кез-келген тілді меңгеруде оқушының сол пəнді
оқуға мотивациясы жоғары болса, мұның
нəтижесі де таң қаларлық болары сөзсіз.
Жалпы шетел тілі сабағында
қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір
талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары,
дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер,
ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері
жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс
белгілері болып табылады.
Қорыта айтқанда, интерактивті
тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып
құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға
оқытылып отырған тілдің практикалық
тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге
мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін
окып үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі
күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту
әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа
нысандары мен тәсілдерін меңгеру
қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша мән
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін таңдау –
күрделі үдерістің бірі. Кейбір әдістерді
қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр
тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап
етеді. Соңдықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді
қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен
мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне,
оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес,
сабақтың құрылысы мен оқу әдісін
ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп,
өзі таңдап алады.
Пайдаланылған
әдебиеттері тізімі
1.Т.Н.Марамзина. Личностно-ориентированное обучение (интерактив)// Иностранные языки в школе. – 2004. –
№21-22.
2.Барболин М.Г. Методологические основы развивающего обучения. – М.: Высшая школа, 1991.
3. Под.общ. ред. ЖА Кулекеева, Г.Н. Гамарника,
Б.С. Адрасилова. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. – Алматы: Қазақ университеті,
2004. – 198 с.
4. Мясоед Т.А. Интерактивные технологии обучения. – М., 2004.