Ж.Н.Күмісбекова, А.Н.Күмісбекова
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМНІҢ
КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТТЕРІ
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын
негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның
педагогикалық әдебінің көрсеткіші де болып табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикалық әдеп әр
мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне,
мінез-құлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің
ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздық шеберлік» деген
еңбегінде
мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша
тоқталады: байқағыштық, ілтипаттылық, сенім,
әділдік, төзім және сабыр сақтау.
Сонымен қатар қазіргі
зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби
маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың
психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі,
өзін басқа адамның-орнына қоя
алуы.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін
жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп
отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі
оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі.
Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні
ақиқат. Педагогикальқ
шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз
ізденудің, өзін-өзі үнемі
кәсіби жетілдірудің және өзінің
қалаған мамандығына деген құштарлығынан
туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға
көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру
мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың
кәсіби біліктілігін
шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі,
қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының
сапасына байланысты.
Кәсіби
құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің
қызығушылықтарына, қабілеттілігіне байланысты бір
мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір
мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына
түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты
терең меңгеруге байланысты кәсіби
құзыреттік ұғымы орын алады.
Педагогикалық
тсрминологиялық сөздікте құзыреттілік
ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:
1) нақты
білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса
алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке
тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық
және
тәжірибелік
іс-әрекеттердің
теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен
анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі
Кәсіби мұғалім - құзырлығы
жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген,
әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен
жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге
ұмтылған маман. Педагог өз мамандығының сапасын,
біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан
қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Кәсіби даму -
(лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде,
соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби
мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың
әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның
онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби
дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар
мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке
интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Әдебиет:
1. Н.Д.Хмель. Мұғалімдерді кәсіптік дайындаудың
теориялық негіздері.-
Алматы,1998.
2. О.А.Абдуллина. Мұғалімнің кәсіптік білім беру
жүйесіндегі жалпы
педагогикалық
дайындығы.-М.,1990..
3. А.В.Мудрин. Мұғалім: шеберлік пен шабыт.-М.,1986.
4. Ю.М.Орлов. Өзіндік қасиет шыңына шығу.-М.,1991.
5. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі.-М.,1995.