Филологические науки

        

Жекеева К.О., ф.ғ.к., Орталық Азия университетінің доценті, Қазақстан

Мамырбекова А.А., Техника-экономикалық қатынас жолдар колледжінің оқытушысы, Қазақстан

 

ТОЛСТОЙ МЕН ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҮНДЕСТІГІ

 

В данной статье рассматриваются переводы Ш.Кудайбердиулы, которые вошли в сборник «Алты топтама» русского классика Л.Н.Толстого. Первый перевод, который вошел в «Алты топтама» называется «Асархидон – Лаэли» Л.Н.Толстого.

 

Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын жоғары мектепте оқыту барысында «Әдеби аударма негіздері» курсы бойынша ақын шығармашылығындағы аударма мәселелерін оқыту бүгінгі таңда толық қамтылған деп айтуға болады. Осы курс бойынша бағдарламада көрсетілген Шәкәрім аудармалары тақырыбында төмендегі тақырыпты қозғауға болады.

Шәкәрімнің көркем аударма өнеріндегі атқарған ісі жөнінде бірталай еңбектер атқарылды десек те, алдағы уақытта толығырақ қаралатын мәселелер әлде де өз кезегін күтуде. Дегенмен, ақынның аударма саласындағы туындылары жайында бірсыпыра пікірлер айтылды. Атап айтқанда, белгілі ғалым Ш.Сәтбаеваның “Шәкәрім Құдайбердиев” монографиясында ақынның аудармалары туралы  жалпы танымдық мағлұматтар берілсе, Ө.Күмісбаевтың «Терең тамырлар», “Казахские и персидско-арабские литературные связи ХІХ-ХХ вв” монографияларында, А.Қыраубаеваның  “Шығыстық қисса-дастандар” кітабы мен жекелеген мақалаларында, Б.Әбдіғазиұлының “Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері” монографиясында, И.Жеменейдің “Хафиз және қазақ әдебиеті” оқу құралдарында Шәкәрімнің шығыс-батыспен байланысының бірқатар мәселелері қарастырылған.

Ұлы Абай: “Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, - екі жаққа үңілдім”  деген. Абай мектебінен тағылым алған, Абай жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жаққа бірдей назар салады, әлемдік сөз өнерін танып білуге, оның бар жақсысын бойға сіңіруге, ел игілігіне айналдыруға күш салады. Тіпті “шығысым батыс болып кетті” деген ақын аға ізімен, өмірінің екінші жартысында еуропа әдебиетіне, оның ішінде  әсіресе орыс әдебиетіне ерекше ден қояды. Тек көркемдік танымда ғана емес, қоғамдық танымда да, өмірдің, тіршіліктің барлық саласында  орыс білімпаздарының жолын ұстанады. Қасиетті синод Лев Толстойды дінсіз деп жариялаған күндерде айтылған: “Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың!”  деген сөз тек әдебиетке ғана қатысты емес. “Толстой кәпір емес, кәпір өзі”, “Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың, - Мың сопыны алмаймын тырнағына” - исламшыл діндарларға ғана емес, кертартпа дін атаулының өкілдеріне арналған сөз; дін түнегін ғана емес, аққа қарсы, әдліетке, ерікті ойға қарсы реакцияшыл көзқарасты, зорлық, зомбылық атаулыны айыптайтын азаматтық ұран.

Осы тұста Шәкәрімнің Толстойды пір тұтып, оған үш сұрақ қойып хат жазғаны жайында Қайым Мұхаметхановтың мақаласында айтылған ойларға оқырман қауымның “Шәкәрімнің Толстойға сұрақ қоюы көңілге қонымсыз, себебі Толстой қазақ ақынынан қаншама уақыт бұрын өмір сүрген” деген сияқты сауалдар қойып, Қ.Мұхаметхановтың ол сауалдарға жауап бергенін білеміз. Бұл жерде Шәкәрім Толстойға хат арқылы сұрақ қоймаған, төменде сөзіміз дәлелді болу үшін, Қ.Мұхаметхановтың мақаласынан үзінділер келтірейік: “Он состоял в переписке с Львом Толстым. Об одном из своих писем к Толстому и полученном ответе Шакарим говорит: Толстому я задал в своем письме три вопроса. Он дал на них исчерпывающие и очень точные ответы. Его ответы меня особенно взволновали. Я их запомнил, как глубоко содержательные уроки,  и навсегда сохранил в памяти. Смысл первого вопроса заключался в том, что я составил перечень всех, в моем понимании, отрицательных черт  человека и попросил назвать самую худшую,  по его мнению, которая  может глубоко ранить честь и совесть человека. Толстой  на это ответил следующим образом: “Все перечисленные вами черты характера способны взбудоражить человеческую совесть. По-моему, есть одно состояние, которое  может особенно сильно задеть честь человека. Если человека, осознавая то, что может принести вред окружающим лицам, обществу в целом, не может высказаться открыто, остерегаясь трех вещей. Во-первых, если ты очень богат и боишься навредить своему богатству. Во-вторых, если ты должностное лицо и, отстаивая  справедливость, можешь лишиться должности. В-третьих, если ты, из-за высказанной правды, будешь привлечен к ответственности.

Второй мой вопрос: я намеревался приступить к созданию крупных  произведений и просил  его совета. Толстой мне написал так: “Будь то  произведение со множеством действующих лиц, будь то короткий рассказ, прежде всего писатель должен настолько проникнуться описываемыми событиями и действиями, словно сам он в них участвовал. Надо основательно знать причины и следствия  этих событий, связь действий с общественным развитием. Ход описываемых событий должен быть очевиден для писателя, как в зеркале, и глубоко прочувствован. В противном случае, художетвенное произведение убедительным и интересным не получится. Писатель не должен забывать пословицу: “Шуба, скроенная по тени человека, не будет ладной”.

Третий вопрос. Писатели, в том числе и я, не могут критически оценить достоинство и недостатки своих произведений. Каким образом можно выявить недостатки своего произведения, чтобы в дальнейшем исправить их?

На мой третий вопрос Толстой дал такой ответ: “Одним из особых свойства писателя является умение увидеть недостатки своих произведений и исправить их. Это присуще не каждому”.

Осы сұрақтарға Шәкәрім Толстой шығармашылығынан жауап іздеп табуға тырысады. Толстой әлемдік философтар Экклесиаста мен Шопенгауэрдің ойлауынан ақиқат пен өмірдің мәнін түсіну жөнінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы топтарды Шәкәрім де өзінің шығармалары мен тәржімаларында суреттеуге тырысады. Мысалы, Асархидон патша, Том ағай бейнелері.

Бір сөзбен айтқанда, Толстой мен Шәкәрім шығармашылықтарының философиялық үндестігі де осында жатқан жоқ емес пе? Мәселен, Толстой өзінің “Смысл жизни” атты философиялық шығармасында “Каждое существо имеет органы, указывающие ему на место в мире. Для человека этот орган есть разум.

Если разум не указывает тебе твоего места в мире и твоего назначения, то знай, что виновато в этом не дурное устойство мира, не твой разум, а ложное направление, которое ты дал ему”, деп ақыл адамның қоғамдағы орнын белгілемейтінін, бұған кінәлі қоғамның құрылысы емес, өзіңнің ақылға берген жалған бағытың екенін біл дейді.

Шәкәрім Абайдың тағлымын дамыта отыра қазақ поэзиясын бір саты жоғары көтерген ақын екендігі күдік тудырмаса керек. Шәкәрім де Абай  сияқты өз шығармашылығында адамды сүю позициясынан ешуақытта ауытқымаған. Ол өмір қиыншылықтарын, тауқыметін тарта отырып, өзінің негізгі мақсаты – адам болмысын, қоғамды жақсарту, жаңарту ісінен бас тартпаған. Ақын шығармаларының басты ерекшелігі – адам табиғаты, адамгершілік сапалары мен қасиеті туралы дүниетанымдық, философиялық ой түйіндеуінде. Шәкәрімнің қай шығармасында болмасын, жеңіл ойға, өткінші сезімге, уақытша болатын бір сәттік қана құбылыстарға орын жоқ. Ақын күрделі адам болмысы туралы терең пікірлерін көркем сөзбен өрнектейді. Жер бетіндегі  өмір сахнасының басты кейіпкері саналатын адамнан бастап жаратушыға дейінгі аралықтың бәрін қамтуға тырысады. Бірақ, түптеп келгенде, ақын адам мәселесін, оның әлеуметтік, психологиялық жай-күйін бірінші кезекке қояды. Себебі, философ ғалым Ғ.Есім айтқандай: “Тіршілік дегеніміз Шәкәрім айтуынша жан мен тәннің бірлігі. Жансыз  тән жоқ. Жанның өзіне сай тәні болмақ… Демек, болмыстың мәні адам. Жаратылыстың иесі жаратушы болса, жердегі тіршілік иесі – адам”.

Міне, Шәкәрімнің қоғамға, адамға деген философиялық көзқарасы осындай болған да, ол жоғарыда айтып өткен өз сауалдарына Толстой шығармаларынан жауап табуға тырысқан.

Шәкәрімнің төл шығармасын алсақ та, аудармаларын алып қарайтын болсақ та, оның ағартушылық-гуманистік, демократияшыл көзқарастары мен таным бағыттарына сәйкестендірілмегендігіне анық көзіміз жетеді. Осы бағыт тұрғысындағы Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи, философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдерінің талай ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен шығармаларының аты аталып қана қоймайды, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра  пікір-ой жарыстырылып отырады. Бұл да Шәкәрім  мұрасының айтарлықтай мәнді өзгешеліктерінің бір қыры.

Осының айғағы деп ақынның “Алты топтама” жинағына енген аудармаларын атай аламыз.

“Алты топтамаға” енген алғашқы аудармасы Л.Н.Толстойдан жасалған “Асархидон - Лаэли” деп аталатын, қарасөзбен тәржімаланған туындысы. 

Ақын бұл шығармасын Л.Н.Толстойдың 1903 жылы жарық көрген «Три сказки» атты жинағынан алып аударған. Қолжазбада автордың «1924 жылы июнь жұлдызында қазақ тіліне аударылған орыстың атақты  жазушысы Лев Толстойдың “Асархидон-Лаэли” атты әңгімесі” деген ескертпесі бар. Шәкәрім өз аудармасында, негізінен, түпнұсқаның ауқым көлемінен ұзап кете қоймаған. Қала, жер аттары мен адам сипаттамалары, олардың өзара диалогтары, ең ақыры жорық  күндеріне дейін жолма-жол шебер аударылып, түпнұсқамен  астасып, дәл түсіп отырады.

Біз қашанда Шәкәрімді асқан талант иесі, хас суреткер, тамаша ақын деп білеміз. Ал Л.Н.Толстой ертегісін аудару барысында Шәкәрім қара сөзге ден қойып, өз аудармасын түпнұсқаға сәйкес проза түрінде тәржімалаған. Қазақ аудармашысы орыс классигінің шығармасын  аудару барысында түпнұсқамен бейне бір жарысып аударғандай, ондағы диалог, сөйлем құрылысын, сөз кестелерін сол қалпында беруге тырысқан.

Осы тұста орыс классигінің жоғарыда аталған ертегілері жөнінде  бірер сөз айтуды жөн көрдік. Л.Н.Толстой “Три сказки” құрамына енген ертегілері жайлы, А.Б.Гольденвейзерге: “В ней заимствовано из 1001 ночи” только то, что он окунулся. Лица, выведенные там, исторические» деп көрсетіпті.

1904 жылы “Асархидон патша” ертегісі Л.Н.Толстойдың қайта қарап, ықшамдап өңдеуімен “Посредник” баспасынан жарық көрді, алайда қазақша аударма мәтініне қарағанда қазақ аудармашысы бұл әңгімені  1903 жылы алғашқы нұсқасынан аударғаны байқалады.

Бұл туралы: “Мысль сказки» Царь Асархадон, - писал Толстой, - принадлежит не мне, а взято мною из сказки неизвестного автора, напечатанной в немецком журнале “Theosorhischer Wegweiser, в 5-м номере 1903 года под заглавием “Das bist du. Сказку “Ассириский царь Асархадон”, также как и две другие – “Три вопроса”, “Трудь, смерть и болезнь” - Толстой писал одновременно с рассказом «После бала» для литературного сборника, который составлял Шолом-Алейхем. Результат работы не удовлетворял Толстого. 9 августа 1903 года он писал В.Г.Черткову: “Сказки плохи. Но надо было освободиться от них”. Ту же оценку Толстой дал сказкам в Дневнике: “Только нынче кончил сказки. Недоволен”.

Все три сказки впервые были опубликованы (в переводе на еврейский язык) в сборнике “Гилф”. Лит. сборник Варшава, издательство “Тушия”, 1903. На русском языке “Ассириский царь Асархадон” появился в издательстве “Посредник” (Москва, 1903), - Л.Н.Толстой шығармаларының толық жинағында 14 томында көрсетілген.

Л.Н.Толстой тілінің, стилінің өте қарапайымдылығы мен анықтығы туралы вьетнам халқының көрнекті қоғам қайраткері Хо Ши Мин: “Стиль Толстого был настолько прост, ясен и понятен, что он увлек меня”, деп өзінің 1960 жылы шетел жазушылары жайындағы белгілі мақаласында көрсеткен еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шәкәрім. Жолсыз жаза. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Жалын, 1988, - 256 б.

2. Сатбаева Ш. Шакарим – истоки традиций. // Простор, 1991, № 11.

3.  Мұхамедханов Қ. Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы. // Семей таңы. 1988 3 тамыз.

4. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. –Алматы: “ Білім ” қоғамы, 1990. – 52 б.

5. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 320 б.

6. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 163 б.

7. Жеменей И. Хафиз және қазақ әдебиеті. Алматы: Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000. – 122 б.