ӘОЖ 82.0:001.12/.18; 82.02; 808.1;
82.08
Сәулембек Г.Р.
М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының
және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің PhD докторанты, Қазақстан
Классикалық, модернистік
және постмодернистік роман
Постмодернизмге
жаңа бағыт ретінде қарағанымызбен, оның түп
негізі ескі шығармаларда жатқандығын байқаймыз. Ежелден
келе жатқан жыр, дастан, миф, ертегі сияқты ауыз әдебиеті үлгілерінде
постмодернистік романның ерекшеліктері деп көрсетіліп жүрген
әдістердің бірсыпырасы (метапроза, интертекст) кездесіп
отыратындығы секілді, постмодернистік романдардың ерекшеліктерін
қарастырғанда кейбір ерекшеліктердің алғашқы
роман үлгілерінде орын алуы назар аудартпай қоймайды. Постмодернизм
теоретиктерінің бірі Умберто Эконың «Әр дәуірдің
өз постмодернизмі» бар деген фразалары да осыдан келіп шыққан
болар. Елеукенованың постмодернизмнің белгілерін
Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық
әңгімелерінде» [1] көре білуінен белгілі бір
бағыттың пышақкесті үзіліп, келесі бір
бағыттың тап-таза парақтан бастала салмайтындығы
сияқты заңдылықты аңғаруға болады.
Сондай-ақ бұл туралы батыстық зерттеушілердің де М.
Сервантестің «Дон Кихот», Борхестің шығармаларын
постмодернистік роман қатарына жатқызғандығы да
әдеби сабақтастықтың көрінісі.
Осыған
ұқсас жағдай модернистік романдарда да орын
алғандығын айта келе, бұның тек постмодернизм
белгілерінің модернистік романдардағы көрінісі ретінде
қарастырған жөн деп білеміз.
Модернистік
романдардағы «өзгерістердің» алғашқы
көріністерін ХХ ғасырдың басында Кафка, Д.Джойс, Пруст,
Роберт Музиль сияқты роман шеберлерінің шығармаларынан
байқасақ та, негізі бұл үдеріс ғасырдың екінші
жартысында барынша белең ала бастағанын байқаймыз. Томас
Манн, Джеймс Джойс, Виржиния Вульф, Самуэл Беккет, Джек Керуак, Ален Гинсберг,
Вильям Борроуз, Джордж Перез, Джордж Луис Борхесті алғашқы
постмодернист жазушылар қатарына жатқызады кейбір ғалымдар.
Постмодернизм
модернизмге қарсы бағыт екендігі белгілі бола тұрса да,
бір-бірінен кейін пайда бола бастаған бағыттар
болғандықтан, ортақ ұқсастықтарының
болуы, сондай-ақ модернизмнің ішінде постмодернизмнің
алғышарттары дайындығын көруіміз да заңдылық.
Модернизмнің соңғы кезеңінде бұл
бағытқа деген қарсылық үдей келе табиғи
түрде басқа сипатқа ие бола бастауы жаңа
түсініктің, бағыттың туындауына алып келді.
Постмодернизмге
тән басты белгі ретінде өзіне дейінгі «измдердің»
барлығын мойындамау, мансұқ ету деген анықтама берілгенімен орыс әдебиеттанушысы
М.Липовецкий бұл анықтамамен толықтай келісе алмайды,
өзінің бұл көзқарасын постмодернист-ақын
Д.М. Приговтың сөзімен: «Дмитрий Александрович Пригов любил
говорить, что в России странная культурная история: в ней ни одна
из предыдущих эпох никуда не девается. Классицизм,
романтизм, реализм, соцреализм – все они существуют, варятся в одном котле, и иногда из этих
сочетаний возникают новые элементы. Которые продолжают вариться в том
же котле и влиять на соседние явления. И сами подвергаются
влияниям» [2] деп сабақтайды. Әдебиетке енген бағыттар шекараларының бірден
қалыптаса кетпейтінін ескерсек, әрбір
кезеңнің бір-бірімен байланысы және бір-бірінен ерекшелеп
тұратын айрықша белгілері де болатыны анық.
Осыған
байланысты түрік әдебиеттанушысы Хакан Сазиек «Түрік
романындағы постмодернистік әдістер мен бағдарлар» атты
мақаласында классикалық, модернистік және постмодернистік
роман айырмашылықтарын атап көрсетеді: «Yansıtmacı yazar,
nesnel gerçeklik içinde önemli yeri olan bir sorunsal çerçevesinde
ele aldığı konusunu kapsamı oldukça belirgin
olgu-figüratif kadro-mekân-zaman çerçevesi
içinde aktarır. Bu yansıtma işlemi
aracılığıyla anlatılan içerik evreni ortam,
kişilerin belirginliği, zamanın kronolojik sıralanışı
bakımından okurun da kendi yaşamında
kanıksamış olduğu, mantığıyla
kavrayabildiği bir düzenlilik taşır. Yansıtmacı
yazar, tanıdık olduğu hayatın caddelerinde elinde bir ayna
ile dolaştırır okuru. Kısacası hayatı
yansıtırken kullandığı ölçütler
nesnel gerçekliğin içinde yer alır. Daha önce de
belirttiğim gibi modernist yazar da bu tür bir gerçekliği,
olabildiğince öznelleştirmekle ve kurguyu bozmakla birlikte,
işlemeyi sürdürür. Postmodernist yazar ise
yansıtmacı tutumun verilerini nesnel gerçekliğin
mümkün olduğu kadar uzağında kalarak temin etmekle
onlardan ayrılır. Gerek dış gerekse iç
gerçekliği yansıtma amacı olmayan postmodernist roman
kurmacanın içinde kalarak bu sanal evreni işlemeyi hedefler.
Postmodernist anlatıların yansıttığı,
gönderme yaptığı dünyanın özellikleri bu
evrenin formatlarıyla belirlenmiştir. Anlatının kurgu
düzeneği oluşturulurken yansıtmacı ve modernist
tarzlarının başvurduğu araçların tam
karşıtı olanlar seçilir özellikle» [3, 494].
Жоғарыдағы
мақалада атап көрсетілгендей, дәстүрлі романдарда автор
өмір шындығын объективті шындыққа айналдыра отырып,
маңызды орны бар мәселелер төңірегіндегі
қолға алған тақырыбын көркем образ, мекен мен
уақыт аясында жазады. Орта мен кейіпкері белгілі, уақыт та
хронологиялық жағынан бірінен кейін бірі келіп отыратын реттілік, жүйелілікке құрылған.
Ал модернист жазушы бұл өмір шындығын субъективтендіріп
құрылымды бұзады. Постмодернист жазушы ішкі де, сыртқы
да дүние шындығын көрсетуді емес, романда виртуалды әлемді қалыптастыруды мақсат
тұтады.
Дәстүрлі
жазушы шығармасында әлеуметтік проблемаларды қозғап
және бұл проблемаларды жаңа әлеуметтік жүйеге,
түсінікке теріс келмейтіндей етіп, кейіпкерлерінің
мінез-құлық үлгілері арқылы және
оқырманына сенім дарыта отырып шешеді. Модернист жазушының дәстүрлі жазушыдан
айырмашылығы бір
кейіпкердің ерекше өмірі, психологиясы, ортадағы орны
сияқты өзіне тән белгілері бар туынды жасайды. Яғни
құрылымы дәстүрлі роман құрылымынан
көп ауытқымағанымен, жеке тұлға және
оның проблемалары қарастырылады. Постмодернистік романда жазушы
өзіне тән жүйесі бар жаңа әлем құрады
және жалпы өзіне дейінгі көркем шығармаға
қойылатын талаптардан алшақ құрылымға ие.
Оқиға ішіндегі оқиға әдісіне жиі-жиі
жүгінуі, көпдауыстылық, фрагменттілік, интермәтін
секілді ерекшеліктері оны жаңа бір дискурс деңгейіне жеткізді.
Басты
әдістерінің бірі интермәтін болып табылатын постмодернистік
роман құрылымында әртүрлі жанрдағы әдебиет
үлгілерінің (тарихи роман, әдеби сын және ғылыми
мақалалар, т.б.), сондай-ақ әртүрлі тарихи уақыт
бөліктерінің бір арада келуі оны дәстүрлі романдардан
айырып тұратын басты ерекшеліктерінің бірі. Бұның
мысалы ретінде қазақ жазушысы Дидар Амантайдың «Гүлдер
мен кітаптар» және канадалық жазушы Жерард Бесеттенің «Ле
Семестре» романын, т.б. айтуға болады.
Дәстүрлі
мәтіндердегі тұтастық принципінің орнын
интермәтін мен көпдауыстылық басады. Бір мәтіннен
екіншісіне көшіп жүретін цитаталарды постмодернистік
шығармада көптеп кездестіруге болады.
Постмодернистік
романның тағы бір ерекшелігі онда дәстүрлі
романдардағы біртұтас, хронологиялық уақыт орнына «осы
шақ» түсінігінің орын алуында. Дәстүрлі
және модернистік романдағы хронологиялық тұтастық
мән-мағынасынан айрылып, уақыт бірліктері (күн, ай,
жыл) араластырылып, қай мезгіл екені белгісіз күйде беріледі.
Сондай-ақ постмодернистік романда мәтіннің жазылу
уақыты, оқырманның сол сәтте оқып отырған
роман оқиғасының уақыты, осылайша жоғарыда айтып
өткеніміздей постмодернистік романдағы «осы шақ»,
түсінігі алға шығады. Романда оқиға уақыты,
баяндау уақыты және оқу уақыты «осы шақта» біріктіріледі.
Бұл постмодернизмде «гипер мекен» деп аталады.
Постмодернистік
романда кеңістік те барынша бүркемеленіп, белгісіз қалыпта
қалады. Көбінесе оқырманға кеңістіктің,
мекеннің жалпы сипаты беріліп, қалғанын
оқырманның өз санасында қалыптастыруына
қалдырылады.
Модернистік
шығармалардағы субъект постмодернистік шығармаларда
маңызын жоғалтып, тек мәтіннің өзі негізгі
мәнге ие болды. Әрбір мәтін өзінің жазылу
уақытысында ғана белгілі бір мағынаға ие болады.
Түрік
әдебиеттанушысы Нуруллах Четиннің «Роман талдау әдістері»
атты еңбегінде: «Gerçeklik unsurundan
çok; kurmaca unsuru ön plandadır. Yani romanın
anlattığı, aktardığı,
yansıttığı içerik ve anlam katmanlarından,
fikir, duygu ve bilgilerden çok; bunların nasıl
anlatıldığı, nasıl bir teknik ve söylem
içinde sunulduğu, nasıl bir kurguya bağlı olarak
ortaya konduğu önemli olmuştur. Buna bağlı olarak
üstkurmaca (metafiction) önem kazanmıştır. . . . . .
Kimi zaman romanın yazılış süreci, romanın ana
izleklerinden biridir. Dış dünyanın değil; romanın
yazılış sürecinin yansıtılması
öncelenir. Bu durumda romanın kurmaca yapısı, onun konusu
olmuştur», –
дейді [4, 113-114].
Жоғарыда
келтірілген пікірді негізге ала отырып қорытындыласақ,
классикалық романдарда басты мәселе өмір шындығы
болса, модернистік романдарда субъектінің өмір
шындығы туралы ойлары алдыңғы қатарға
шығады, ал постмодернистік романдарда өмір шындығы
туралы мәтіннен гөрі, оның құрылымы
алдыңғы қатарда. Модернистік романдардың орнына келген
постмодернизм шығарманы жаратушы субъектке емес мәтіннің
өзіне ден қоятындығымен ерекшеленеді. Кейде тарихи
шындық пен қиялды араластыра отырып тарихты да пайдаланатын
постмодернистік роман өзіне қайта-қайта үңіліп,
назар аудартуға, «қайдан келді?», «қайда барады?» деген
сауалдарға жауап іздеуімізге мәжбүрлеп отырған бүгінгінің
жаңалығы. Яғни романның бізге түсіндірген,
жеткізген, бейнелеген мазмұны мен
түсінік қабаттарынан, пікір, сезім және ақпараттардан
гөрі, оның қандай жолмен, әдістермен
ұсынылғаны, қандай құрылыммен жеткізілгені
маңыздырақ.
Постмодернистік
романдарда баяндаушы, уақыт пен кеңістік құрылымдары
классикалық романдар мен модернистік романдардан өзгеше.
Постмодернистік романның авторы ондағы баяндаушының
көптігімен, бір шығармада бір-біріне қатысы жоқ бірнеше
уақыт бөліктерінің тоқайласуымен оқырманын
таңқалдырып келеді.
Әдебиеттер
1.
Елеукенова Г. К вопросу о постмодернизме в казахской литературе
1950-1980-х годов ХХ века. // Әдебиеттанудың өзекті
мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына
арналған жинақ. – Алматы: «Комплекс» баспасы, 2002. – Б. 195-201.
2.
Марк Липовецкий: «Постмодернизм — это
интеллектуальная гигиена» http://newslab.ru/
3.
Sazyek Hakan Türk
Romanında Postmodernist Yöntemler ve Yönelimler, Hece, S
65-66-67 // Türk Romanı Özel Sayısı 2002 ж. 493-509 беттер.
4.
Çetin Nurullah Roman
Çözümleme Yöntemi,
Öncü
Basımevi, Ankara
2003. 304 бет.