Г.А. Сейіт, Қ.Т.
Тәңірбергенова, Ж.А. Арунова
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Әлем діндерінің қазіргі кездегі хал-ахуалы
Елдің елдігін дәріптейтін,
мемлекетіміздің бір нышаны ол біздің –дініміз. Әлемде
кең тараған негізгі үш дін бар, олар христиан,ислам,буддизм
діндері.Адамдар ең көп ұстанатын дін болып христиан діні
саналады. Діни сенушілердің 2\5 бөлігі христиан дінін
ұстанушылар құрайды. Буддизм әлемдегі ең ежелгі
дін, б.з.д. VI ғасырда пайдда болған. Буддизм Қытайда, Жапония, Кореяда кеңінен
таралған.Ислам діні-ең жас дін.Ислам дінін
ұстанушылардың басым бөлігі Азияда тұрады.
Мұсылман дінін ұстанатын адамдар саны жөнінен көзге
түсетін елдерге Индонезия 160 млн адам ,Пәкістан 126 млн адам ,
Үндістан 100 млн адам жатады.
Аса ірі ұлттық діндерге иудаизм,индуизм,
конфуцизм, синтоизм діндері жатады. Олардың таралуы әлемдік
діндерге қарағанда тар. Мысалы индуизм Үндістан
халқының ұлттық діні, ал конфуцишілдік Қытай
халқының ұлттық діні болып саналады[1].
«Діннің тұтастығы
- елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық
алауыздыққа апарып соқтырады»-, пеп елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев айтқандай ұлттың ұлт болуы
үшін діннің алар орны ерекше.
Дін ең алғаш адаммен бірге пайда болған
өшпес шындық. Мәдениет пен өркениеттің
түрлі институттары түгел дерлік діни нанымнан кейін пайда
болған. Сол себепті, дінді зерттеу, діннің болмысы мен тарихын,
ұстанымдары мен әсерлерін білу , іздену әрқашанда
актуальды мәселе болған[2].
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен ланкестік бір
ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе
болмай отыр.Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни
экстремизм жалғаса түседі. Түрлі топтар осыны пайдалану
арқылы саяси- экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.
Бұл ретте Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев былай деп айтқан
«Қазақстанда терроризм, сепаратизм және де экстремизм
проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің
кең қанат жайғанын және халықаралық
қауымдастық пен аймақтардың саяси әлеуметтік
және экономикалық мәселелермен ұштасып,
саясиланғанын ескерсек,олардың тарапынан туындаған
қауіп ойдан
шығарылған емес,нақты және шынайы өмірлік
қауіпі». 2011жылы 11 қыркүйекте АҚШ тағы
болған террорлық акт жаңаша сипат алып,терроризммен
күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық
жаңа кезеңге негіз болды [3].
Ислам адам жасаған дін емес, жаратушымыз жіберген
дін. Бірақ осы дінімізді өзінше жасап алушылар да пайда болып
жатыр.
Қазіргі кездегі терроризмнің сипатын талдап
қарайтын болсақ, олардың көпшілігі құпия
ұйымдарға кіретін жасырын жұмыс жүргізетін топтар болып
келеді. Сондықтан оларды іздеп табу, анықтау оңай емес.
Терроршылдардың бәрі бірдей өздерін көзсіз өлімге
тігетіндер емес. Мамандардың айтуынша, камикадзеге баратын
террористердің үлес салмағы 1-2%-тен аспайды екен.
Ондайлардың өз сенімдері бар: жан қинамай әдемі
өлу, содан кейін пейіштен бірақ шығу. Бұлардан
басқа екінші бір тобы тура өлімді қаламасада, қажет
жағдайда өлуге де дайын тұратындар 20-30%.
Террористердің ішінде көпшілігін құрайтындар-террорист
жалдамалылар. Олар 50% құрайды, теракті үшін ақша
алады. Террорист-идеологтар болса ешқайда бармай, ешнәрсеге
қыстырылмай, жай ғана отырып террорлық актіге тапсырыс
береді. Олардың саны 10% аспайды және өте қауіпті. Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын
дін. Ол, Құранда басқа діндегі адамдарды өлтіруге
шақырмайды. Сондықтан дін атын жамылған террор мен исламды
бірдей деп қарауға болмайды [2, 11].
Терроршылдардың ойынша, экстремизм өз
мақсатында жету жолындағы қандай бір мейірімсіз
құрал қолданылса да өзін-өзі ақтайды.
Шындығында діни экстремизм дегеніміз-діни ұрандарды жамылып саяси
және т.б мақсаттарға жету жолындағы адам айтқысыз
қан төгіс арқылы бейкүнә адамдарды жоюға
әкелетін құрал. Бірақ осыған қарамастан,
кейінгі уақытта кез-келген террорлық актіге тек «ислам діні
кінәлі» деген айдар тағылуда [2, 12].
Ислам біз ұстанатын, таза дін. Ислам діні
әлемдік діндер ішінде алдыңғы қатардан орын алатын дін.
Яғни, християн дінінен кейін ислам дінін ұстанушылар көп.
Дініміздің көпке өркен жаюын көре алмайтын жандар
өте көп.
Ал турасын айтқанда, Батыс саясатшыларының
«ислам мен террор біртұтас» деп түсіндіруі орынсыз. Тек қана
ислам дініндегілердің саясаттандырылған үркердей бір
бөлігі ғана өлімге құштар террористер. Кейбір
адамдар терроризм немесе басқа дін өкілі болып жатады. Оның
бірдін бір себебі; адамдардың діни сауатсыздығы. Егер адамдар дін
туралы оқып, түсініп жатса, ол адам өз дініне
күмән келтірмейді.Егер діннен хабарымыз болса,дініміздің
басқа діннен айырмашылықтарын біліп отырар едік.
Діни экстремизм мен терроризмнің
айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Экстремизм тура
өзін алғанда терроризм емес, соған әкелетін жол. Діни
бағыттағы экстремизмге итермелейтін, біздіңше, мынадай
факторларды атап айтуға болады:дін жолынан тайғандардың
көбеюі; өзге діндердің басымдығы мен қысымы;
Қазақстан жағдайында мұсылмандардың түрлі діни
секталарға көптеп таратылуы: ұлттық
дәстүрлердің бұзылуы; қылмыстың және
коррупцияның өршуі .
Террорлық актілерді сонымен қатар былайша
типтеуге болады:
v Әскери техникалық тұрғыдан қарағанда
терроризмді: әуедегі, азық-
түлікті уландыру, химиялық-биологиялық
қаруларды қолдану, ядролық объектілерді бүлдіру,
АЭС-термен плотиналарды бұзу, компьютерлік және информациялыө
деп жүктеуге болады.
v Моральды-психологиялық тұрғыдан терроризм ерекше
қатыгез,
аморальдықтың жоғарғы
түрі, құрал
таңдамау және т.б. Осының бәрінде олардың
көздейтін ортақ мақсаты-психологиялық қысым
көрсету.
Террорлық актілерді К.В.Жаринов мынандай бес
түрге бөледі: диверсия, адамның өміріне
қастандық және өлтіру; рейдтер және хайжекинг,
аманаттарды ұстау.
Диверсиялық акті деп- жарылыс жасау, улы заттарды
тарату, транспорт құралдары мен ғимараттарды жарып жіберуді
айтуға болады. Ол үлкен адам шығынына
әкеледі.Оның психологиялық эффектісі де күшті.
Адам өміріне қастандық жасау,
өлтіру- лаңкестіктің негізгі бір әдісі болып табылады.
Оны қаруланған топтар жүзеге асырады.
Хайджекинг – транспорт құралдарын, яғни
ұшақтарды, поездарды, автомобильдерді, корабльдерді басып алу
арқылы жүргізіледі.
Лаңкестердің аманаттарды басып алуы
–көпшілік орындарында көбірек назар аудару үшін
қолданылады [2, 13].
Рейдтер –өкімет билігінің назарын аудару
үшін белгілі бір жерлерде өткізілетін лаңкестік акция.
Қазіргі кездегі терроршылдықтың негізгі
бір себебі-қанаушылық пен әділетсіздік. Жер шарында
ПРООН-ның есебі бойынша 841 млн. адам жеткіліксіз тамақтанудан
және аштықтан қорлық көруде. 1,2 млрд адам таза
ауыз суға зар. 1,6 млрд сауатсыз және 2 млрд адамның электр
жарығын пайдалануға мүмкіндік жоқ [2, 16].
Қорытындылай келе, ислам діні –ең таза дін.
Ислам деген сөздің өзі «бейбітшілік» деген мағынаны
береді.Сондықтан, ислам діні тек –тыныштықтың,
достықтың, бейбітшіліктің нышаны ретінде көреміз. Ислам
дінінің мақсаты-бейбітшілік, достык. Қантөгіс,
соғыс бұл –ислам дініне қарама қайшы.
Біз ел тыныштығын қалайтын
мемлекетпіз.Елімізде терроризм ешқашан болмасын. Ұлтымыз –қазақ,дініміз
–ислам, пайғамбарымыз –Мұхаммед.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. http://m.itest.kz/lekciya_duniezhuzining_khalqy
2. Психология: Адамзат ақыл ойының қазынасы. 10
томдық. 1- том. Л.С.Выготский. Мәдени-тарихи тұжырымдамалар/
Жетекшісі акад Ә.Н.Нысанбаев, -Алматы: «Таймас» баспа үйі,2005.
-464 б.
3. Амрева Ақтолқын Айтқанқызы.Діни экстремизм мен
терроризмнің саяси әлеуметтік негіздері.Автореферат.