Ю-21к тобының студенті Алиман Сырымбет

ТД-21к тобының студенті Омарбек Асылхан

Ғылыми жетекші аға оқытушы Искакова И.Е.

Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы, Қазақстан Республикасы 

 

Қазақстан Республикасында діни  бірлестіктер қызметінің құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

 

Еліміздің беріктігіне кері әсер ететін діни ұйымдармен күресу-қазіргі таңда осы заманымыздың негізгі мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазақстан  көпұлтты  және көпконфессиялы мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының соңғы 2009 жылғы ұлттық халық санағының статистикалық мәліметтері бойынша, халықтың жалпы саны шамамен: 16009597 адам; діни жіктемесі бойынша ислам діні (11239176) 70,2%; христиан (4214232) – 26,3%, буддаизм (14663) – 0,08%, иудаизм (5281) – 0,03%, басқа дінді (3688) – 0,02% ұстанады, атеисттік бағыттағылар (451547) – 2,8% құраған, ал сауалнамада айтудан бас тартқандар (81010) – 0,5% .[1]

 Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа мемлекет ретінде қалыптасуында түбегейлі түрлі жаңарулар болды. Елде саяси жүйенің жаңаруымен қатар қоғам дамуына елеулі ықпалы болатын азаматтық қоғамның да осы жылдары құрылымы кеңейіп, қызметі дами бастады. Азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі және оның белгілі бір қызметін атқарушысы ретінде діни ұйымдардың ролі ерекше. ҚР Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей елімізде зайырлылық жарияланып, 1992 жылы 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін елімізде дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктер тіркеліп өз қызметтерін жүзеге асыра бастады.[2]

Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі діни бірлестіктердің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек діни ұйымдардың қызметін қарқынды жүргізілгендігін байқаймыз. Мысалы: Кеңестер Одағы заманында 1986 жылы 642 діни бірлестік тіркелген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы елдегі діни бірлестіктер саны - 1004 құраған, ал бұл көрсеткіш 2015 жылы - 3514 деңгейге жетті. Бұл мәліметтер, бір тараптан еліміздегі діни бірлестіктер қызметінің қарқынды дамуын көрсетсе, екіншітараптан діни бірлестіктер санының көбеюі (оның ішінде дәстүрлі емес) осы саладағы туындауы ықтимал мәселелердің көздері болуы мүмкін. Дін саласындағы бұл мәселелердің туындауы, 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңдағы миссинерлердің қызметінің қолайлы жағдайлар жасалуы миссионерлердің шамадан тыс көбейіп кеткеніне себеп болды.  Діни экстремизмдік ұйымдардың кері әсерінен халықты адасудан сақтандыру біздің басты мақсатымыз болғандықтан 2011 жылы Елбасымыздың қолдауымен Парламент депутаттары мақұлдаған “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ” заң қабылданған болатын[3].

Осы саладағы туындаған мәселелерді ескере отырып, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы негізінде діни бірлестіктерді қайта тіркеу 2012 жылдың 25 қазанына дейін жүргізілді. Қайта тіркеу нәтижесінде діни бірлестіктердің саны 32% қысқарды. Қайта тіркелуден кейін елеулі көрсеткіште қысқарған діни бірлестіктер: елуіншілер шіркеуі, баптистер, пресветирандық шіркеуі. Осы бірлестіктердің қысқару нәтижесінде ірі басымдылық көрсеткішті ислам 72,2% және православие 9,1% жеткендігін байқаймыз[4].

Заңда  Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті құрылған болатын.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар: діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыруға қатысады; Қазақстан Республикасы аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлермен рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерттеу мен талдау жүргiзедi; дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді; діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

Жалпы діни бірлестікке анықтама беретін болсақ, діни бірлестік- Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі[3].

Жалпы алғанда,2014 жылы 1қаңтарға дейін 18 конфессияны құрайтын 3 434 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті[5]

Конфессиялар

01.01.11 жыл

25.10.12 жыл

01.01.14 жыл

1

Ислам

2811

2229

2367

2

Православие

304

280

293

3

Елуіншілер шіркеулері

400

189

230

4

Інжілдік христиан-баптистер

364

100

185

5

Католиктіктер

118

79

84

6

Ехоба куәгерлері

70

59

60

7

Пресвитериандық шіркеуі

229

55

92

8

Жетінші күн адвентистері

67

42

42

9

Інжілдік-лютеран шіркеуі

32

13

13

10

Методистер

18

11

12

11

Новоапостол шіркеуі

47

8

25

12

Кришнаиттер

14

8

9

13

Бахаи

20

6

6

14

Иудаизм

26

4

7

15

Буддизм

4

2

2

16

Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері (мормондар) шіркеуі

1

2

2

17

Меннониттер

6

1

4

 

18

Муниттер

-

-

1

 

ЖАЛПЫ

4 551*

3 088

3434

 

 

 

 

 

Мысалға үш бірлестіккті алайық: Ислам,Православие,Еленушілер шіркеулері.

Осыны енді  диаграмма ретінде қарастыратын болсақ.

Қорытындылайтын болсақ, еліміздегі діни наным сенімнің сануалуандығын бір тараптан мемлекет зайырлығы деңгейінің даму көрсеткіші деп қарастыратын болсақ, екінші тараптан қоғам бірлігінің тұтастығына нұқсан келтіретін фактор ретінде қарастыруға болады. Түйіндей келе, дін саласындағы шешуін табуы тиіс бірнеше мәселелерді атап өтсек:

ҚР діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті шарттарға тоқталсақ:

ü                діни бірлестіктің жарғысы;

ü                құрылтай жиналысының хаттамасы;

ü                бастамашы азаматтарының тізімі;

ü                орналасқан жерiн растайтын құжат;

ü                діни ілімнің пайда болу тарихы мен діни баспа материалдары;

ü                 мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек.

Қазақстан Республикасының заңында қарастырғандай діни бірлестіктер жергілікті, өңірлік, республикалық болып құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады. Діни бірлестікті құру үшін бар болғаны елу адам болу керек деген шарт – Қазақстан сияқты көп мәдениетті, көпконфессиялы мемлекет үшін тиімсіз екендігін көрудеміз. Діни бірлестікті құрудағы шартта адам санынын аз болуы жағдайды жеңілдетіп, нәтижесінде сенушілерінің саны аз болса да түрлі діни бірлестіктің тіркелуіне әкелді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, Мұртаза Бұлұтай, «Дала мен Қала» газеті, №5, 04.02.2005 ж.

2.                 Қазақстан Республикасының 1992 жылы 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы(өз заңдық күшін жоиды)//online.zakon.kz

3.                 Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы// www.zakon.kz

4.                 К. Лама Шариф. 2013. Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының діндер жұмыстары туралы "Қазақстандағы діни ахуал" жиынындағы баяндамасы: Стенограммадан үзінді //religiopolis.org

5.                 www.din.gov.kz/rus/index.php