Мусаева А.Я., Досбаева М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ  ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және отбасындағы тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді деп айта аламыз. Бұл Конституциямыздың және «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу» туралы заңының іске асырыла бастауына да байланысты десек, артық айтқандық емес. Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, еліміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғаушы әрі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, конституциялық қағидаларды біртұтас жүзеге асыруды көздейтін, яғни әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси тұжырымдаманы іске асыруда, 1998 жылы 29 мау­сымда егеменді еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» конвенциясына қосылды. Сөйтіп, Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Біздің еліміз әйелдерді қорғау туралы аталған конвенцияға қосыла отырып, өзіне үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. Бұған қоса 1998 жылы 22 желтоқсанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Ұлттық комиссия қызметінің негізгі бағыттарында: әйелдердің саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан алға басуы, әйелдердің және олардың отбасының денсаулығын жақсарту, сондай-ақ, әйелдерге қатысты кемітушіліктің барлық түрін жою атап көрсетілді. Осыған сәйкес, Президентіміздің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім құрылды. Олардың қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылды. –Ата Заңымыздан бастап, еліміздің барлық заңдарында, ең алдымен, адамның құқығы басты назарда тұрады. Осыған орай кез келген адам зорлықты, азапты, ар-намысына кір келтіретін ешқандай жазаны шекпеуі қажет дейміз. Конституциямызда адам құқын және оның абыройын қорғау қағидасы бар. Соған орай 17- бапта былай жазылған: «Ешкім зорлықты, азапты, адамның абыройына кір келтіретін басқа да қатаң қарым-қатынасты немесе жазаны шекпеуі тиіс». Әрине, тек біздің елімізде ғана емес, көптеген мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауда бірқатар заңдар бар. Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңсыз іс-әрекеттерді анықтау мен жауапкершілікке тартуда қосымша өзгерістермен толықтырылды. (79-5-бап. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саладағы құқыққа қайшы іс-әрекеттер) және ұрып-соғу (79-1 бап). 2009 жылы желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу амалдардан әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» заңы да күшіне енді. Қазіргі кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен зардап шеккен әйелдердің мәселесіне аса көңіл бөлінуде Мәселен, Алматы қаласында заң қабылданғаннан кейін 30-дан астам қылмыстар, яғни тұрмыстық қылмыс екі есе төмендеді. Бұған қоса, айтылатын тағы бір жайт, отбасындағы зорлық-зомбылық барлық әлеуметтік топтар мен ұлысқа, әртүрлі жас деңгейіне, қала мен ауылға бірдей дәрежеде қатысты. Ол әйел мен ер адамның отбасын құрғаннан кейін уақыт өте пайда болады. Отбасындағы жанжалдар ұрыс-керістен, қызғаныштан туған теріс қарым-қатынастан, психикалық аурудың асқынуынан, сонымен қатар ішімдікке құмарлықтан пайда болады. Президент Н. Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саясаттың негізгі құрамдық бөлігі ана мен баланы қорғау дей келе: «Мені қобалжытатын жағдай жанұядағы ана мен балаға қатысты тұрмыстағы зорлықтың артуы. Және айтатыным, мұндай зорлықты бірден тоқтату керек», деді. – Әйелдерге қатысты зорлықтың себептерін ескере отырып, олардың алдын алу шаралары ұйымдастырылады: әкімшілік жауапкершілікке тарту, қорғау шараларын қабылдау, алдын алу сұхбаттарын жүргізу, уақытша баспанаға орналастыру және құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру. – Ерлі-зайыптылар, туысқандар, бірге тұратын адамдар арасында әйелдерге зор­лық көрсетудің негізгі көп тараған себебі – маскүнемдікке салыну. 2013 жылдың өзінде Алматы қаласы бойынша 270 адам мәжбүрлі медициналық ем алды, оның ішіндегі 150- і тұрмыста жүйелі түрде зорлық жасаған. 2015жылдың басынан бері мундай қылмыс  бойынша Алматы қаласының өзінде  122 оқиға тіркелген. Зорлық көрген әйелдер өзіне қысым көрсеткен адаммен бір шаңырақтың астында тұрғылары келмейді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен, әкімшілік құқық бұзған адамнан зардап шегушіні және оның отбасы мүшелерін қорғау үшін оған соттың әлгі жәбірлеушінің жеке үйде, пәтерде зардап шегушімен бірге тұруына 30 күнге дейін тыйым салуға құқығы бар. Сонымен қоса айтарымыз, отбасы- тұрмыстық қатынасында нақты бір кінәлі адамды табу қиын. сенімсіздік, қорқыныш, баспана мәселесі, отбасы және балаларын сақтау мақсатында жұбайларына материалды тәуелді болғандықтан амалсыз шыдайды. Зорлықтан зардап шегушілердің көбісі, әртүрлі себептерге байланысты ІІБ-ға хабарласуға ұмтылмайды. Тұрмысы төмен отбасылармен сауықтыру жұмыстарын жүргізу, отбасы институтын берік ұстау, отбасылық қатынас құндылық­тарын, үздік салт-дәстүрлерін, тәрбие және жастардың отбасын құруын, отбасылық өмірге дайындық курстарын, отбасы психологиялық институттарын дамыту, әлбетте, қажет. Аталған инспекторлар әйелдер мәселесі және білім саласы, денсаулық сақтау, прокуратура және басқа да жергілікті атқарушы органдар өкілдері енетін отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамының мүшесі болып табылады. Комиссия отырыстарында, әйел адамдардың қиыншылық туғызатын мәселелері және оны шешу жолдары қарастырылады. Комиссия әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлықтың алдын алу ісін ұйымдастыратын, үйлестіретін жалғыз орган болып табылады. – Мәселен? – Мәселен, ІІД-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметін атқаратын бөлімшесі, өзінің қызметін Алматы қаласындағы «Подруги», «Забота», Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және қалыптастыру орталығы «РОДНИК» сияқты дағдарыс орталықтарымен біріге жүзеге асырады. Бұл дағдарыс орталықтарында түрлі зорлық-зомбылыққа тап болған жандар хабарласатын сенім телефондары жұмыс істейді. Жыл сайын 1500-ден астам әйел адамдарға құқықтық-кеңес және заңды көмек көрсетіліп, 20-дан астам жәбірленуші әйелдер уақытша паналарға орналастырылды. Бұл қызметтің негізгі қағидаты – қолдау көрсету және отбасын сақтау, алайда көптеген жағдайда зардап шегушілер мәселені ажырасу арқылы шешеді.Қазір әйелдерге көмек көрсететін орталықтар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында, арнайы ақпараттық кестелер және буклеттер құрастырылып, қаланың барлық тіркеу бөлімдеріндегі көрнекі тұстарға орналастырылды. Муниципалды автобустарда зорлыққа қатысты ақпараттық роликтер жүргізіледі. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру мақсатында коммуникалды қызмет түбіртегіне тіркелген ақпараттық буклеттер таратылады. Оның үстіне тұрмыстық зорлық мәселесі бұл – қоғам мәселесі және барлық мүдделі салалардың бірігіп жұмыс атқаруы арқасында ғана оң нәтиже береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Отбасы мен неке институтын нығайту керек, оның беделін көтеріп, ішкі құндылықтарын жандандыру керек. Отбасы, бала және отбасының құндылықтары мен дәстүрлері әрқашан болған және біздің қоғамымыз бен мәдениетіміздің бас­ты негізгі көзі болып қала береді», –деп атап көрсетті. Саясаттың осы бағыты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы негіз болып табылады. Атам қазақ ерте кезден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Сол себепті біз, яғни ертеңі мол еліміздің, елім десе елжіреп, халқым десе қасық қанын беретін азаматтары, ел болашағы жарқын болуы үшін халықтың құқықтары мен тәлімін ең алдымен жас өскелең ұрпақ — балалардан бастағанымыз жөн. Жастар  – кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мен жағымсыз әдеттерге бой алдырмауына тыйым салу бүгіннен басталады. Ал осы міндетті жеткілікті деңгейде орындамаған жағдайда бұл ахуал ушығып, қоғамымыздың басты мәселесіне айналуы мүмкін. Сондықтан мамандар қылмысқа бой алдырған жеткіншектерді дұрыс жолға салып, олардың әлеуметтік қалыптасқан жағдайларын дер кезінде сараптан өткізіп тұруы тиіс. Данышпан ата бабаларымыз «Еліңнің болашағы көркем болсын десең, балаңды азамат қыл» деп тектен тек айтпаған. Себебі қандай дамыған ел болса да, егер олардың жастарының дамуы мен тәрбиесі дұрыс арнада, дұрыс бағытта жүргізілмесе сол мемлекеттің болашағы жоқ деп айтуға болады. Сондықтан қандай ел болмасын, мемлекеттік бірінші ұстанатын саяси қағидасы: «ел болашағы- жастардың қолында». Бұл қағида біздің елімізде де озінің нақты бейнесін тауып, іс жүзінде жүзеге асырылуда. Ал  тәрбие сонау отбасынан басталады,ал отбасындағы кикілжін әйелдерді қорлаудан арылсақ онда тәрбие де жақсы болмақ. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін және нормаларын саяси, құқықтық жағынан талдау еліміздің экономикалық-әлеуметтік, рухани тұрғыда өсуіне серпіліс пен қуат беретінін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл-ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық  пен қоғамдық келісімді бекітудің, құқық тәртібі мен заңдылықты орнықтырудың  сөзсіз шарты болып табылады. Жоғарыда айтылған ойымызды түйіндейтін болсақ, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата заңы болып табылады. Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін ұмытпауымыз керек. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі-өзінің егемен құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Конституцияда қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды қалыптастыру жолын таңдап алдық.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, Жеті Жарғы 2007

2. Қазақстан Республикасы Президентің Жолдауы

3. «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу» туралы заңы

4. Жалпы ұлттық республикалық газет «Егемен Қазақстан», 31тамыз 2010.