Жұмаділова Г.А., Ж.А. Арунова
ЖММ "Болашақ" Академиясы,
Қазақстан
Стрестің
түрлері және оларды шешу жолдары
Біздің өмірдің шапшаңдығы күн
өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар
қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті
сақтауы қиынға түседі. Адам ағзасы өз
күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның
барлық он екі мүшесі күнделікті стрессті сезінуде.
Әрине күнделікті бұндай өмір барлық
адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен
жүйке жүйесі тозады.
«Өмірде адам
дұрыс жүрудің жолын біле тұра, барлығын керісінше
жасағанда стрестік күйге түседі»-,деп Ларрий Уингет
айтқандай[1], әр адамда өмірде неше түрлі
жағдайлар болады. Соның ішінде менің тоқталып кеткім
келіп отырғаны стрестік немесе күйзелістік күй.
Алғаш рет
стресті XX ғасырдың 30-50 жылдары
ғылыми тұрғыда канадалық ғалым Ганс Селье
сипаттаған. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы
«кернеу, қысым» дегенді білдіреді.
Стресс ғалымның ойынша, аса күшті сыртқы
әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде
ширығуы[2]. Ол тәннің қоршаған орта тарапынан
жасалған оқыс әсерге жауабы. Яғни, стресс тосын
жағдайда қанға қажетті гормондарды жедел іске косуы,
басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта
құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс
беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Стресс-адамның
ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты,
маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын
көңіл-күй ахуалы. Стресті біз өмірде әр уақытта
сезінеміз:
Ø көпшілік алдында өзімізді таныстырарда;
Ø емтихан уақытында шексіз ашуланғанда;
Ø ұйқысыздық кезінде және т.б. жағдайларында.
Осындай болмашы
әрекеттердің өзі
бізді шарасыздыққа алып келеді. Жалпылама айтатын болсақ,
стресс адам өмірінің ажырамас бөлігі. Дей
тұрғанымен, стресті өте қауіпті
жағдайлардан ажырата білу керек. Ганс Селье стрестің негізінен
алғанда мынадай үш белгісін ажыратқан:
1. Бастапқы кезең
(үрей сатысы-бұл қысымның алдында болатын кезең).
Мысал келтіретін болсақ, тағдырымызды шешетін сынақ
алдындағы толғаныстар. Бұл кезеңде стрестік
салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады, егер осы кезде адам
үрейге төтеп бере алмаса, өліп кетуі мүмкін.
Мұндай жағдайды шығыстың ұлы ғұламасы
Әбу Әли ибн Синаның тарапынан баяндалатын қызықты
жәйтте сипатталады. Онда екі қойдың қасына торға
салынған қасқыр қойылады. Бір қой
қасқырдан алысырақта байланған, екіншісі тура
қақ маңдайының жанында байланған. Сонда
жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған
қой стрестен көп ұзамай өліп кетеді.
2. Стрестің жүзеге асуы. Ол
тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске асуы
арқылы орындалады. Қажетті арнаға бағытталған
қуат қиындықты жеңуге көмектесіп, сол арқылы
адам алғашқы қорқыныш сезімін жеңе алады. Ал егер
қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тән мүмкіндігі
шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды.
Ағза өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады. Ал
қысқа мерзімді стрестер тәннің белсенділігін арттырып,
ширатады. Мысалы, спортшының жарысқа қатысуы,
әртістің сахнаға шығуы кезіндегі толқу сезімін
жеңу арқылы табысқа қол жеткізуі жатады.
3. Пост стресс-діңкенің
құру кезеңі. Ұзақ уақытқа
созылған стресс нәтижесінде әбден діңкелетіп
денсаулықты бұзады. Бұл кезеңде жүрек талмасы, қан
қысымы, невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес,
асқазанның ойық жарасы да туындауы мүмкін. Стрестік
жағдайда, сонымен қатар, жүрек қан тамыры және
тыныс алу жүйесінің дерттері, жүректің
эпидемиялық кеселі, инфарктар, гипертония, демікпе аурулары пайда болады[2,85].
Адамдарға
бірдей стрестік жағдай ұсынылатын болса, біреулерде белсенді
іс–әрекет қалыптасып стрестік жағдайға деген жетістігі
жоғары деңгейге дейін көтерілуін жалғастырады немесе
оны «арыстан стресі» деп атайды. Ал басқаларында
белсенді емес, эффектілік деңгей төменге бірден түседі, оны
«қоян стресі» дейді. Стрестік ауруларға адамның оған
деген іс-әрекеті, мінезі әсер етеді.
Неліктен стресс
соматикалық ауруларды тудырады деген сұраққа,
дәрігерлер, эмоционалдық жағдай нәтижесінде болатын
аурулардан деп жауап берген. Жүрек, көбінесе,
қорқыштан, бауыр-ашу мен ызадан, ал асқазан-апатия және
басып тастаудан стрестік ауруларға ұшырайды. Академик К.М.Быков
айтқандай: «егерде мұң жас арқылы шықпайтын
болса, онда ол адамның басқа ағзаларының жылауына
әкеп соғады».
Стресті тудыратын
әсерлерге қарай физиологиялық және психикалық
стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік
немесе эмоциялық стресс деп атайды[3]. Оған мысал ретінде,
адамның тосыннан жағымсыз хабар естігенде не істерін білмей,
абыржып қалуы жатады. Мұндайда жоғары жүйке
әрекетінде тежелу серпінісі қанат жаяды. Соның
нәтижесінде іс-қимыл әрекеті, сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің
физиологиялық түрі гармон бөлетін бездер жүйесінің
рефлекторлық қызметіне негізделген. Адамның
көңіл-күйі төмендеп, денсаулығы нашарлап,
ұйқысы қашады.
Стреске әлеуметтік
жағдайға және қызмет түріне байланыссыз
барлық адамдар ұшырайды. Америкалық мамандардың
зерттеулеріне сәйкес стреске әлеуметтік орта қызметкерлері
және зиян әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін
адамдар ұшырайды. Бұларға жатқызылады
мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер, ақпарат
орталығының операторлары, полиция және басқа мамандар.
Стресті
жеңудің әр қилы
стратегиялары бар. Олардың бірі- эмоцияларды білдіру ептілігі.
Екіншісі-жағдайды қайта бағалау, оқиғаның
басқа суретін қалыптастыру. Үшінші жолы-қайта бағалауға
келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты
бағытталған әрекеттер. Сол сияқты әрбір
адамның стрестік жағдайларды жеңуіне болатын кеңестерді
атап кетсек болады:
·
Егер адам күніне жоқ дегенде 10 минут
күлетін болса (ағылшын психологтарының айтуы бойынща), онда
ұйқы тынышталып, сана серігіп, жігер артады екен. Сол сияқты
өлеңді күнде ұнатып айтса, онда адам өмірі
әлдеқайда ұзарады. Стрестік жағдайдың туындауына
бірден-бір себеп айтылған сөйлем сипаттамаларының 6 секундтан
артық болуы. Неміс психологтарының айтуы бойынша, адамдар секундына
2 сөзден артық сөз айтпауы керек екен. Яғни,
сөйлем неғұрлым қысқа болса, соғұрлым
ол түсінікті болатыны мәлім.
· Адам көңілінде болатын қорқыныш сезімдерін
жоюға тырысуы
керек. Оған өз бетімен
қол жеткізе алмаса, психолог пен психотерапевтің көмегін
пайдаланса болады.
·
Жеке қалып, өз-өзімен болуға
уақыт табудың да маңызы зор. Мұндай кезде адам пайда
болған мәселелерді шешудің жолдары туралы ойлануға,
демалуға, сергуге мүмкіндік алады. Бұл, әсіресе,
мінез-құлқы интравертке жататын адамдарға айрықша
қажет.
·
Адамның ұнамайтын нәрсені
ұнайтындай кейіп танытуының өзі сезімді зорықтырып,
көңіл-күйді бұзып, жеке тұлғаның
қасиеттеріне нұқсан келтіреді.
·
Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбай, өз
ойын жеткізе білуде табысқа жету үшін керекті қасиет,
стрестік жағдайды болдырмаудың бірден-бір жолы.
·
Қысымнан тез арылу үшін мынадай
жаттығудың да орны ерекше:
баяу мұрын арқылы дем алып, демді бір-екі секунд ұстап, ауыз
арқылы шығару керек. Осы кезде бет бұлшықеттері
және дене босаңсиды. Қол және аяқты сілку
арқылы артық қысымнан құтылуға болады.
«Әйгілі басшы
өзіне ерте инфаркт ауруын басынан өткізбес үшін қаншама
қасиет сапалары ішінен бірінші кезекке-акқөңілділікті
және төзімділікті қоюы керек. Акқөңілділік-ол
өзінің ақымақтық ойларынан стреске жетпеуі, ал
төзімділік-ол стрестік жағдайлардан басқалардың
ақымақтықтарына жетпеуі»-, деп Августо Кури
айтқандай[4], адам әрбір жағдайды ақылмен байыптап,
қиыншылығына төзіп, мәселенің шешімін
табуға тырысу керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1 Уингет Л. «Хватит ныть,
выше голову!» М, 2006-33б.
2 Силье Г. «Стресс без
дистресса» М, 1979-125б.
3 Лейтес Н.С. «Воспоминания,
размышления, беседы»
//Психологический журнал. Т.13, №11, 2002-165б.
4 Кури А. «Покупатели мечты»
М, 2010-385б.