Г.С.Әбілқас,А.М.Манасова,
Ж.А. Арунова
ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан
Жеткіншек жастағы агрессия
Агрессия
құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға
ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде
әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса,
басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық
пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы
конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке
әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір
қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның
пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын
ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау;
агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия
жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды
физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде
көрінеді.[1].
Соңғы уақытта жеткіншек
жастағы балалардың ауытқушылық
мінез-құлығы ретінде қатігездік, агрессиялық
жағымсыз ассоциалды мінез – құлықтарын интенсивті
түрде зерттеу талап етіп отырады. Осындай ауытқушы мінез –
құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу
психология ғылымының негізгі мәселелері. Агрессияның
әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген
жағымсыз мінез – құлық моделін көрсетеді. Кіші
жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара
әрекеттестікте және өзара қатынас барысында түрлі
мінез – құлық модельдерін меңгереді. Өз
құрдастарымен ойын балада агрессиялық реакцияларды көрсетіп,
үйренудің мүмкіндігін туғызады.
Жеткіншек жаста баланың ішкі және
сыртқы агрессиясы күшейеді. Жоғарғы қобалжу,
күмәнданғыштық, түрлі
қорқыныштарға бейімділік, мінез
–құлықтағы қатігездік, агрессия сияқты
ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеткіншектің
жеке даралық сипаттамасындағы агрессиялық ересектердің
түсінбеуіне қарсылық түрінде де көрінеді. Сонымен
бірге өзінің қоғамда алатын орнына
қанағаттанбаушылығынан туындайды. Агрессиялыққа
оның темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы тез
қозушылық, әсерленгіштік эмоция күші, өзін
-өзі ұстай алмау сияқты мінез бітістер ықпал етуі
мүмкін. Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері
бала агрессиясы мен отбасындағы тәрбиелеу стилінің
арасындағы тікелей байланысты тапқан. Шетелдік зерттеушілер
А.Бандура мен Р.Уолтерс өз баласының агрессиялы әрекетіне аса
көңіл бөлмейтін, тіпті қостауға бейім
ананың баласы тағы да агрессиялы бола тусінетіндігін
көрсетеді. Толық емес отбасындағы
жеткіншектербұзылған функционалды байланыс шамадан тыс
бақылау, уағызға деген реакция, үйден қашу,
кезбелік сияқты көріністерге ұласады. Жеткіншек
балалардың девиантты мінез –құлықының алдын алу
мен ескеру тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес,
психологиялық тұрғыдан да мән берілуі қажет.
Алғашқы профилактикалық жұмыс төмендегідей
шешілуі тиіс:
-жеткіншектің жеке – даралық
дамуының ауытқушылығына негіз болатын айналасындағылар
жағынан әлеуметтік жағымсыз әсер мен тиімсіз
факторлардың анықталуы мен жағымсыз бейімдейтін
әсерлерді өз уақытында бейтараптандыру;
-жеткіншектің
мінез-құлқындағы ассоциялды
ауытқушылықтың тиімді диагностикасы мен
дифференцияланған тәсілдердің іске асуындағы
тәрбиелілік профилактикалық амалдағы ауытқушы
мінез-құлықтың психологиялық –педагогикалық
коррекциясы.[2].
Жеткіншектің агрессиялы
мінез-құлқын зерттеуде Басса-Дарки сұрақтамасы
кеңінен қолданылып келеді. Жеткіншек жастағы
агрессияның алдын-алу үшін мінез-құлықтағы
әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік,
жеке-даралық, әлеуметтік-психологиялық және
психологиялық-педагогикалық факторларға жүйелі талдау
жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын
тәрбиелік алдын-алу жұмыстары толық үздіксіз
жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте
қалыптаспаған мінез-құлықтың мәселесі
оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау
және үздіксіз адекватты тәрбиелік-корекциялық
жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялы
мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті
болып табылады.[3].
Агрессия себептері және жою жолдары.
Қазіргі жеткіншектердің үлкендердің ақылын
тыңдамауын өзін қазіргі кездегі әртүрлі
телехабарлардың көмегімен өмірді олардан артық
түсінемін деп ойлауынан. Бала психикасына теледидардағы
көрсетілетін қатыгездік, қаталдық
мазмұндағы хабарлар, фильмдер қатты әсер етеді.
Мультфильмдердегі, экрандағы күш көрсетулер баланың
мінез-құлқында агрессия пайда болуына әкеп
соғады. Бала ойын кезінде сол көргендерін қайталайды. Ол
байлық пен даңққа осылай жетуге болады деп миына
сіңіреді. Бала 14 жасқа келгенше, ғалымдардың
есептеулеріне қарағанда, теледидардан 18000 кісі өлтіру
көреді екен. Осылай теледидар мен тәрбиеші екі түрлі болып
келеді. Қалыпты агрессия реакциясы бала өзін қауіпсіз
сезінбеуден, ата-анасына керек еместігін білуінен болуы мүмкін,
мақсатына жете алмаудан, түңілуден, көңілі
қалудан болуы мүмкін. Агрессия қауіпті жағдайда
адамға бейімделу мен қорғану функциясын атқарады. Бала
аргессиясы көбіне өзінен кіші мен әлсіздерге, үй
жануарлары мен ойыншықтарға бағытталады. Баланың
тәртібінен өзіне көңіл бөлгізуге тырысуы,
өкпеге қарсы іс-қимыл жасауынан, өзіне назар аударту
үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен
қашуды байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен
қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы
келу, өзін өкпе мен жан азабынан қорғауы. Баланы
үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап
отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса,
тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен
салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе
нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім
бостандығы, ой бостандығы, сыртқы қимыл
бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді. Егер бала агрессиясыз
өссін десеңіз:
-өз проблемаңызды балаға
айтпаңыз;
-егер ашулы болсаңыз, онымен
қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
-егер бала сіз айтқан ережеге
көнгісі келмесе, күштемеңіз;
-күш көрсету түзеу орнына,
бала қарсылығын арттыра түседі;
-мәселелерді өзіңіз жеке
емес, баламен бірігіп шешіңіз;
-егер бала сізбен араласуды қош
көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
-егер қиын жағдай кезінде не
істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз,
асықпай ойланып кірісіңіз.[4].
Балаңыз байсалды, сабырлы болып
өссін десеңіз, оған ылғи көңіл
бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап,
қиын жағдай кезінде сөзсіз көмек көрсетіп,
әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз. Баланы жиі
мақтаса, ол өмірде әділ, текті болуға үйренеді,
қауіпсіз жағдайда өссе, адамдарға сенгіш болып
өседі, оны үнемі қолдап отырсақ, ол өзін
бағалауға үйренеді, түсінушілік пен достық
жағдайда өмір сүруге үйренеді. «Өмір
сабағын» өз тәжірибесінен алуға баланың
құқығы бар. Бала дұрыс өсу үшін,
оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз
үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті,
бағалы екенін сезінуі керек. Оған деген бақылау мен
қамқорлық өз мәнінде болуы керек, тәрбие
қарама-қарсылықсыз қалыпты, жалғасып отыруы
керек, балаға, оның күшіне сену керек, оны
қатыгездікпен жазалау баланың тұлғалық
даралығын жояды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Мухина В.с. Возрастная психология М. 1998г
2.
О.В. Хухлаева Психология подростка М. 2005г.
3.
Бирюшев Р.Р. Психология агрессивности и делинквентности.-Из-во. Кокшетауского
ун-та. 2003
4.
Беркович Леонард. Агрессия: причины, последствия и контроль.-СПб
прайм-УВРОЗНАК, 2002.