Ж.М.Келиманова
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАЙШЫЛЫҚТАР
Жеткіншектердің жас кезеңі - балалық
шақтан жастық шаққа өту кезеңі. Қазіргі
жеткіншектермен қарым – қатынас процесінде әртүрлі
қиындықтар туындауы мүмкін, ал осы
қиыншылықтардан шығу жолын таппау дағдарысқа
әкеп соғады.
Жеткіншектердің ішінде жасырынып жататын
қажеттіліктер мен сезімдердің барлығы қиялдаудан
шығарылған оқиғаларда бейнеленеді. Шын өмірде
қанағаттанбаған тілектері жеткіншектердің қиял
әлемінде оңай жол табумен орындалады. Құрдастарымен тіл
табысуды қиын жеткіншек қиялында бәрімен жақсы тіл
табысып, жақсы қарым -қатынастарда болады. Елес жеткіншекке
ләззат беріп қана қоймай, сонымен қатар ол оның
көңілін жұбатады. Жеткіншек өз қиялдары
арқылы құмарлықтары мен эмоцияларын терең танып
біледі және өзінің болашақтағы өмірін
толық көз алдына елестете бастайды. Күңгірт ниеттер
оның алдында жарқын бейнелік түрге ие болады.
Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда
жеткіншекке әлі бала деп қарайтын көзқарас
сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін
болатын жағдай қалыптасады. Мұндай көзқарас бір
жағынан тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп,
жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал
екінші жағынан, жеткіншектің
өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның
жаңа құқықтарды талап етуіне қайшы келеді.
Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің
қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен
қайшылықтардың қайнар көзі болады.
Талас-тартыстар мен қиыншылықтар жеткіншектің
құқықтары мен дербестігінің сипаты туралы
олардың түсініктерінің үйлеспеушілігіне келіп
соғады. Талас-тартыс-ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке
адамдардың дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан
жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе
оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектің
мүмкіндіктеріне, оған қойылатын қоғамдық
талаптарға сай келетіндей және ересек адамға оны бағыттауға,
оған ықпал етуге мүмкіндік беретіндей дербестіктің
дәрежесін табу керек. Егер
ересекпен жеткіншектің арасындағы қарым-қатынас
ересектер мен қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша
достық ынтымақ мазмұнды, бұған тән:
өзара сыйластың, сенім, көмек беру нормаларына сәйкес
құрылса, онда ересек пен жеткіншектің
қарым-қатынастарында оған тән қиыншылықтар
болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік
керек.
Жеткіншекпен қарым-қатынаста жіберілген
қателер тұрақты психологиялық барьердің пайда
болуына әкеп соғады. Жеткіншекті оның ересектермен
қарым-қатынасындағы қажытатын нәрсенің
ең бастысы-бұл ішкі жан-дүниесінің тәуелділігі,
іс-әрекеттердің шектеулігі. Психологтардың ойынша, дәл
осы нәр ересектермен жеткіншектердің арасындағы
дау-дамайға әкеп соғады. Алайда жағдайдың
басқа да түсіндірмесі болуы мүмкін. Ересектер мен
жеткіншектер арасында келіспеушілік жеткіншекті ересек деп
санамағандықтан емес, оның іс-әрекетін шектегендіктен
де пайда болуы мүмкін. Жеткіншектік шақтағы
дау-дамайдың басты себебі - өзбеткейлік мәселесінің
өзектілігі болып табылады. Мұның негізіне көбіне
санадан тыс эгоизм жатады. Көптеген ересектер баланы өз
жекеменшілігі деп есептейді және оны өз бетінше қалай
басқарсам да құқығым бар деп ойлайды.
Сондай-ақ, жеткіншекпен
қарым-қатынастағы жиі кездесетін қателіктердің
бірі -сөйлеудегі менсінбейтін тон.
Мұның барлығы көп кезде психологиялық
барьердің тууына әкеліп соғады. Ішкі жекелік жанжалдан уайым шегіп жүрген және
объективті немесе субъективті қиындықта жүрген
оқушылармен қарым-қатынас ерекше сақтықты
және алдын-ала ойлануды талап етеді. Мұндай кезде олардың
күрделі жағдайдан шығуына, психологиялық жол табуына
көмектесу керек.