Конакбаева Т.Е., Мамбетова
А.М.
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Қиын
балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30
жылдарынан бастап, күні бүгінгі дейін педагогтардың,
психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне
арқау болып, әр қырынан қарастырылып келе жатыр.
Зерттеу материалдарына сүйенсек, қиын балалар мәселесі
ең алғаш 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде
пайдаланып, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін,
мінез-құлықтағы таңқаларлық
ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын
терең зерттей бастады. 1970-80 жылдары «Қиын балаларды
тәрбиелену» мәселесi ғылыми тұрғыда зерттелiніп,
қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу
себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие
болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық,
криминалогиялық тұрғыда қарастырылып отырған
мәселе болып табылады /1/.
Девиантты
мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі
қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп
шыдамдылық пен белсенділік қажет. Жалпы мектептегі оқыту мен
тәрбиелеу үдерісінде әлеуметтік педагогикалық
жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны шартты
түрде келесі бағыттар ретімен орындалады. Олар:
1. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика (анықтау).
2. Әлеуметтік-педагогикалық профилактика (алдын-алу).
3. Әлеуметтік-педагогикалық реабилитация
(оңалту-түзету) жұмыстары.
Әлеуметтік
педагогикалық диагностика - оқушылардың
эмоционалдық-танымдық, тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуын, әлеуметтік
рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының
даму деңгейлерін анықтауға бағытталған
әлеуметтік педагогикалық зерттеуді көздейді.
Әлеуметтік
профилактика - жеткіншектердің мінез-құлқында
әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын
қалыптастыратын себептер мен жағдайлардың алдын алуға
бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,
әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық
шаралардың жиынтығы.
Әлеуметтік
реабилитация - әлеуметтік ортада баланың өмірлік
тіршілік ету қабілеттерін қайта қалпына келтіру процесі.
Сонымен қатар, қандай да бір себептерге байланысты
бұзылған немесе шектелген баланың өмір сүретін
ортасының өзі мен жағдайын қайта қалпына келтіру
процесі. Осы әлеуметтік педагогикалық жұмыс
бағытының жүйесі балаға әлеуметтік қолдау
көрсету жұмысына келіп саяды /2/.Қиын жасөспірімге
көмек көрсетудің мақсат, міндеттерін жүзеге
асыруда келесідей жұмыс әлеуметтік-педагогикалық
бағыттары нақтыланды:
-
қиын жасөспірімдерді
әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау;
-
мінез-құлық ауытқуын
профилактикасын жүзеге асыру;
-
әлеуметтік-педагогикалық оңалту,
түзету жұмыстарын ұйымдастыру /2/. Мұнда
әлеуметтік-педагогикалық тренингтер, әңгіме, сауалнама,
бақылау танымдық ойындар және т.б. әртүрлі
әдіс-тәсілдер қолдану арқылы біз
жасөспірімдердің мінез-құлқындағы
ауытқуды алдын-алып, әлеуметтік көмек көрсету
жұмыстарын нәтижелі жүзеге асыра аламыз деп
тұжырымдаймыз.
Қиын
жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты
ұйымдастыруда келесі әдістердің түрлері жүзеге
асады. Мадақтау, рахмет айту,
сендіру әдістері балаға өзінің күші мен
мүмкіндіктеріне сенімділігін бекітуге мүмкіндік беретіндіктен,
жасөспірім жасындағы балаларды тәрбиелеу ісіне енгізу
өте маңызды. Әрбір баланың жауабын, жасаған
іс-әрекетін бағалауда баланың қоршаған орта
туралы белсенділігін, білуге құмарлығын, танымдық
қызығушылығын, ішкі түрткісін, білімін, біліктілігін
арттыру мақсатында қолданып отыруға болады. Мадақтау әдісі дегеніміз –
тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекеттің,
мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны
көпшілік, ұжым алдында қолдайтынын жария ету. Сендіру әдісі - баланың
сана-сезіміне, еркіне, оның еркіне, оның бойындағы
жағымды мінез-құлқын қалыптастыруда күшті
әсер ететін әң тиімді тәрбие әдісі. Өнеге - мұғалім
оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі
кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан
дүниесіне үңіле бастайды. Рахмет
айту әдісі - адамдар арасында жақ өнеге сы
қарым-қатынас орнату әдісі /3/.
Әлеуметтік
педагогикалық тренинг - топтағы адамдармен
өзара қарым-қатынасқа түсуде өзін-өзі
танып білу білігі мен дағдыларын қалыптастырудың топтық
әдістерінің жиынтығын құрайды.
Бақылау әдісі -
педагогикалық құбылыстарды тікелей
қабылдау негізінде танып білу әдісі.Бақылау
әдісінің негзгі функциясы бақылау обьектісімен
әлеуметтік педагог арасында тікелей және қайтымды байланыстар
жағдайындағы зерттеліп отырған процес туралы
мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен
ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті
ұйымдастыру.
Пікірталас элементтерімен
әңгіме жүргізу балалардың өз пікірлерін белсенді
көрсетуін, белгілі бір мәселені ұжымдық талдауда
өз көзқарасында тұру және дәлелдеуді
білдіреді. Пікірталас және әңгіме жүргізуді
өткізу барысында оқушының жас ерекшелігін негізге алып келесі
талаптарды ескеру қажет:
-
әңгіменің мазмұны балалар
үшін қызықты, олардың тәжірибесіне жақын
болуы қажет;
-
оқушылар тек жауап беруге ғана емес, сонымен
бірге сұрақ беру мүмкіндігіне, өз пікірлерін
айтуға ие болуы керек;
-
оқушылардың дұрыс емес пікірлері мен ой-тұжырымдарын
тез арада теріске шығармау керек;
-
әңгімеден кейін балалардың негізгі
тұжырымдарына сәйкес іс-әрекетіне жағдай жасау
қажет.
Рефлексия әдісі - бұл, іс-әрекет нәтижелерін талдау
және өзіндік талдау болып табылады. Рефлексия оқушының
өзі туралы, өзінің қылықтары, сезімдері туралы
бейнелерін білдіреді. Өткен күні мектепте оқушы бала
қызықты не білді, қандай жақсы іс жасады, өзін
қалай сезінуімен қатар баланың танылатын объектілерге қарай бірге күйзелу сезімін
қалыптастыруда қолданған жөн. Мұнда бала жетістік
жағдаятын бастан кешіреді, бұл оқушының
тұлғалық дамуы жолындағы ынтандаландыруы болып
саналады. Бұл өз кезегінде баланың өзіндік
бағалау деңгейін арттырады және өзіндік жетістік
сезімінің қалыптасуына ықпал етеді, «Мен» бейнесінің
қалыптасуына ықпал етеді («Мен жасай аламын», «Мен білемін», «Мен
жақсымын», «Мен қажетпін»).
Іс-әрекетің нәтижесін талдау - өзі туралы, өзінің қылықтары, сезімдері
туралы бейнелерін білдіреді.
Өзін бағалау
тәсілі- адамдардың
қимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін,
тәртіп бағдыларын айқындауға, негіздеуге, өз
қызметін, оқу мен еңбек жетістіктерін, адамгершілік сапаларын
өздері бағалауға үйренеді.
Жасөспірімге
білім беру мен тәрбие беру үдерісінде жоғарыда
баяндалған әдістермен қатар, жеке әдістер мен
тәсілдер жиі қолданылды: үлгі,
салыстыру, өнеге, үйрену тәсілі.
Үлгіні
қолдану – бұл белгілі бір бейне негізінде шынайы
құбылыстарға белгілі қатынасты қалыптастыру.
Мұғалім жиі ата-аналар, жақын адамдар, қатарластар,
ұлы Отан соғысы батырларының, көркем әдебиет кейіпкерлерінің
және басқа да адамдардың үлгісі қолданылады.
Сондай-ақ үлгі қолдануда келесі талаптарды
сақтаған дұрыс:
- берілген үлгі тәрбиеленушінің іс-әрекет сипатына
сәйкес келу керек;
- осы бейнені меңгеруде баланың мүмкіндіктері мен
үлгілер арасында үлкен айырмашылық болмауы керек;
- тәрбиеші үлгі көрсететіндей сапаға ие болуы керек.
Үйрену үдерісі алдын-ала ойластырылған әрекет болып саналмайды,
ол ырықсыз үйренудің тәсілі ретінде қолданылды.
Мысалы, бала жағымды мінез-құлықты оқыту
үдерісінде емес, қарым-қатынас әрекетіне
меңгереді.
Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол
арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды,
құбылыстарды салыстару жолымен олардың теңдігі немесе
айырмашылығы анықталды.
Сайып келгенде, жоғарыда аталған
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды тиімді жүзеге асыру
әлеуметтік педагог қауымның тәжірибесінде жүзеге
асады деп айта аламыз.
Әдебиеттер:
1.
Аверин В.А. Психология детей и
подростков. –М., 2011. 236 с.
2.
Халитова І., Әлеуметтік
педагогика.: Оқу құралы-Алматы: «Білім» баспасы, 2007. 200 б.
3.
Акажанова А.Т. Девиантология / Учебное пособие. - Алматы:
Заң әдебиеті, 2009. – 114 с.
4.
Мұқажанова Р.А. ,
Омарова Г.А. «Өзін – өзі
тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының
мазмұны мен тәсілдері, мұғалімдерге арналған әдістемелік
құрал, Алматы: Бөбек, 2013. -164 б.