Қамысбаева Ж.Қ., Аязбеков Б.Б.
Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
ШЫНЫҒУДЫҢ
АҒЗАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ
Шынығу – бұл адам
ағзасының қоршаған орта жағдайларына
төзімділігін, сондай-ақ оның қуаты мен жұмыс
қабілетін арттыруға арналған шаралар жиынтығы.
Шынығу – бұл ағзаны қорғау және бейімдеу
үшін табиғи жағдайларды пайдалану. Мысалы ағзаның
суыққа төзімділігін арттыру кезінде алғашқыда
терідегі қан-тамырлар тарылып, тері бозарады. Мұнымен қатар
жүрек қағысы жиілеп, адам қалтырайды жаурайды.
Шынықтыру шараларын үнемі орындау арқылы ағзаны
шынықтыруға болады.
Шынықтыру кезінде ағзаның қорғаныс
күштері нығаяды. Шыныққан адам жоғарғы
өмірлік күйін иеленеді, ауруға шалдықпайды, кез-келген
жағдайда сабырлық сақтауға қабілетті, рух сергектігі жоғары.
Шынығудың негізінде
белгілі бір ұстанымдар жасалған.
1. Жүйелілік – шынығу кез-келген жағдайда және ауа
райы қандай болғанда да жүйелі түрде жүргізілуі
керек. Дәл осы жүйелілік ағзаның
шыныққандық күйін сақтай алады. Өйткені
шынығу шараларын тоқтатқаннан кейін 2-3 апта өткенде,
ал балаларда одан да тез, шыныққандық күйі
жойылды. Шынығуды тоқтату
міндетті түрде ағзаның ауруларға және
сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларына
төзімділігінің төмендеуіне әкеп соғады.
2.
Біртіндеушілік – шынығудың
шарттарының бірі, мұнда шынықтыру күшінің
әсері біртіндеп арттырылуы тиіс. Мысалы, құйылатын
судың температурасы біртіндеп төмендетіледі, ауа және күн
ванналарының ұзақтығы біртіндеп арттырылады, серуендеу
уақыты біртіндеп ұзартылады.
3.
Бірізділік – ағзаның
өз қызметін жақсы арттыруына
аз тітіркендіргіштің жәрдемдесетінін, ал шектен тыс
күштілері, керісінше зорықтыратынын ескерген дұрыс. Жаңа
емшараны, жаңа әдісті қабылдамас бұрын жеңіл
емшаралар арқылы ағзаны алдын-ала жаттықтыру керек.
4. Жеке-даралық адамның ерекшеліктері және оның
денсаулығының күйі міндетті түрде ескеріледі.
Шынығуды бастар алдында дәрігердің кеңесі қажет,
әрі қарай денсаулық пен көңіл-күйді
қатаң бақылап отырған жөн.
Арнаулы түрде жүргізілген
ғылыми зерттеулердің қортындысына қарағанда,
спортшылар әлемде кездеспейтін рекортарды жасайды. Оның себебі
арнаулы түрде жаттығу мен ағзаның ерекше әсерінен
екені анықталады. Адам ағзасында шек жоқ екені
байқалады. Әдетте жай уақытта жасай алмайтын нәрселерді
қиналған, күйзелген кезде адам тез жасайды да өзі
қайран қалады. Адам ағзасы -86 градусқа жететін
суықтықа +50 градус ыстыққа шыдый алады. Мұндай
жағдайға шыдау үшін арнаулы жаттығулар жасау
керек. Денені шынықтыру адамның күш-жігер
қабілетін дамытып, денсаулығын жақсартады. Дене
шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс және
еңбектің дұрыс режімін, сонымен бірге денсаулықты
нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды
тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды. Табиғаттағы
суық сумен дене шынықтыру
ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Денені суық
сумен шынықтырудың жолдары өте көп. Мысалы, сүртіну, шомылу, суға
түсу, қыста суға түсу, морждану, душ, монша т.б.
П.К.Ивановтың
«Қарғаш» сауықтыру жүйесі. Мұздай
суға түсу осы шараның
қағидаларын ескертеді. Іс-жүзіндегі ұсынылымдар
мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау
керек. Егер олар дұрыс орындалса,
онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Мұздай суға
түсу өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік
қандағы эритроциттер мен лейкоцидтердің саны мен сапасы
артады. Жүрек бұлшық
еттерінің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек
арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді. Қыс айларында суық суға
түсу адамның психикалық қызметіне де үлкен
әсерін тигізеді, соның нәтижесінде адамның ақылы
өседі. Есте сақтау үрдісі қисапсыз көп
мөлшерде артады. Адамның көңіл-күйі арта
түседі. Иванов өзінің қағидаларының
бірінде – адамдармен әрқашанда амандасып, есен саулығын
сұра. Өзіңе кедергі келтіретіндерді де басқаларға
қалама.
Суық
суға шомыл, жетісіне бір рет 36 сағат бойы ас-судан аулақ
бол. Ішімдікті ішпе, темекі шекпе,
табиғатта өз орныңды біл. Табиғатта салауатты
өмір сүруге тырыс. Дұрыс ойлан, дұрыс түсін, дұрыс
сөйле, дұрыс көңіл бөл. Өлең
күлкіден ажырама,- деген.
Денсаулық – тепе-теңдік пен ағзаның бейімділік
мүмкіншіліктері және ортаның әрдайым өзгеретін
шарттарының арасындағы жағдайы болып табылады. Денсаулықтың патриоттік
тәрбиелеу, оған және ол үшін жауапкершілік сезімі
және адамды дені сау етіп үйрету. Денсаулық – бұл тек
физикалық жетістіктің
және аурудың жоқтығы ғана емес, ол
амандықтың әлеуметтік, шын жүректің және
физикалық жағдайы.
Міне, сол себептен, біз жастарымызды дене шынықтыруға, спортқа баулуымыз керек.
Егер біздің жастарымыздың денсаулықтары жақсы
болса, онда біздің еліміздің болашағы да жақсы болады
деген сөз.
Дене шынықтыру дегеніміз – жастарымыздың, қазіргі
ұрпақтың өсіп жетілуіне, денсаулығын
нығайтуға, тіршілік үшін маңызды қимыл әрекеттерін
меңгеруге, ой және дене еңбегімен айналысуына, еңбек
етуіне көмектесетін жетілдіруші және түзетуші шаралар
жүйесі болып табылады.
Сонымен қатар дене тәрбиесі табандылық, жігерлік
мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттердің
дамуына жәрдемдеседі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері Алматы: Санат, 2000 жыл.
2. В. Спирина. Закаливание детей. Москва, «Просвещение» 1978 год.
3. Т.В.Пикалова. « Дене шынықтырудың адам ағзасына
тигізетін пайдасы» ТарМУ, 2005 жыл
4. Ж. Кудереев. Дене
шынықтырудың пайдасы.
ТарГУ, 2006 жыл.