Экономические науки/ 14.Экономическая
теория
Теңізбаева Д.С., экономика магистрі
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Оспан Н.К., студент
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Экономиканың дамуындағы еңбек ресуртарының
рөлі және даму тенденциясы
Қазақстан соңғы жылдары
экономикалық дамудың жоғарылығын қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін экономикалық қайта құрулар
және оларды жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатардан
көрініп келеді. Экономикалық
дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын
анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану
болып табылады. Қазіргі жағдайда еңбек талабы өзгеруде,
еңбек ресурстарының кәсіптік дайындығы күшеюде.
Жұмыспен қамту еңбек нарығының түрі секілді
жұмысшы күшін арттыруға арналған және білім
жүйесін жетілдіру бағыты ұсынылады. Өзінің
тәуелсіздігін алып, егемендігінің он алты жылдан астам уақыт
дүниежүзілік қоғамдас деп танылған Қазақстан
Республикасының экономикалық жүйесінде елеулі
өзгерістер болды. Қазақстан орталықтандырылған
басқару жүйесінен жекеменшік сипаттағы экономикалық
дамудың нарықтық реттеу түріне өтті. Мемлекеттік
меншік еңбекті бөлу арқылы нарықтық
экономиканың қалыптасуы негізінде жеке меншікке айналды.
Нарықтық экономика жағдайында аса маңызды
мәселелердің бірі қалыптасу, даму және еңбек
ресурстарын бөлу мәселесі болып табылады.
Мемлекет
басшысы өз жолдауында Халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі
жаңа стратегиясын әзірлеу
міндетін жүктеді. Елімізде «Жұмыспен қамту 2020» 2011 жылғы 1
шілдеден бастап іске асырылуда.
Еңбек әлеуметтік-экономикалық
қатынастарда күрделі дәрежені құрайды, оны:
философиялық, әлеуметтік, экономикалық,
құқықтық, мәдени және экономикалық
қызмет субъектілерінің басқа тұрғыдағы
әрекеттері тұрғысынан жан-жақты қарастыруға
болады.
Еңбек және оның өркениетті
дамудағы рөлін зерттеуде еңбек мәселесін
қозғайтын барлық ойшылдар – біреуі қисынды
дәйектілікпен, екіншісі – қарама-қайшылықта негізгі екі
көзқарас қалыптастырды. Бірінші көзқарас: еңбек – «жасампаз
және жеке тұлғаның даму көзі». Екінші
көзқарас: «еңбек – адамның ең ауыр жүгі».
Еңбек ресурсы – қызмет
көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін
физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар
мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен
тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына
жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен
қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар
жатады.
Адамның
еңбекті жүзеге асыру үшін қажетті табиғи
және интеллектуалдық сапасының қажеттілігі оның
жасына байланысты анықталады. Дәл осы көрсеткіш
бұқара халықтың ішінен еңбек ресурсын
таңдап алудың негізгі критериі болып саналады.
Қазіргі уақытта еңбек
заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке
қабілетті жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал
жоғарғысы зейнетақы алу құқығына
сәйкес - 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас - әйел
азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің
жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты
кәсіби қызметтің түрі үшін
зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі.
Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр
және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен,
көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген
дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың
жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің
Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер
азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен - 63 жаспен
шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген
зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде
еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек
ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін
зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады.
Еңбек ресурсының теңгерімі (ЕРТ) – аумақтағы
еңбек күшінің әлеуетін бағалау құралы
болып есептеледі және сол еңбек күшінің қалай
пайдаланылатыны туралы мәлімет беретін ақпарат көзі. ЕРТ
еңбек ресурстарының құрамын зерттеудің және
пайдаланудың кешенді әдісін құрайды әрі
еңбек нарығына қатысты барлық ақпарды бір
жүйеге біріктіретін құрал ретінде қызмет етеді.
Еңбек ресурстары теңгерімінің көмегімен аймақтар
арасында экономика саласы мен экономикалық қызмет түрлері
бойынша жұмыс күшін қалыптастыруға, байланысты
және тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік туады. ЕРТ
болжамы базалық және оптимистік сценарий бойынша әзірленген.
Бұдан бөлек, экономика министрлігі әзірлеген 2013 - 2017 жж.
арналған әлеуметтік-экономикалық даму сценарийіне
орайластырылған.
Сонымен, базалық
сценарий бойынша 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстанда
экономикалық белсенді халықтың қарасы орта есеппен
127,8 мыңға өседі. Сөйтіп, 2017 жылға қарай
жалпы саны 9,5 млн. адамға жетеді деп болжанып отыр. Бұл ретте
елдің жекелеген өңірлерінде халық санының азаюына
байланысты, белсенді халық саны да қысқаратынын иа шамалы
ғана өсім болатынын атап өткен жөн. Мұндай
өңірлерге Ақмола, Қостанай, Солтүстік және
Шығыс Қазақстан облыстары жатады.
Экономика мен экономикалық белсенді халық санының
өсуі себебінен 2017 жылға таман жұмыспен
қамтылғандардың саны 9,16 млн. адамға дейін жетуі
ықтимал. Мысал үшін, 2012 жылғы 3
тоқсанда олардың қатары 8,54 млн. адамды
құраған. Екі қолға бір күрек
тапқандардың қарасы республиканың әр
өңірінде әркелкі болады. Бұл аймақтардың
демографиялық үдерістеріне және даму көрсеткіштеріне
байланысты. Жұмыспен қамтылғандардың біршамасы Астанада
байқалады (2017 жылға 107 мың адам), ең азы
Солтүстік Қазақстанда (2017 жылға 2,7 мың адам).
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың
үлесі төмендей бермек (2011 жылы 26,5%-тен, 2017 жылы 23%-ке
дейін). Сонымен
бірге, төмендегі қызмет түрлері бойынша жұмыспен
қамтылғандардың үлесі азаяды:
-
«Өңдеуші өнеркәсібі»;
- «Көлік
және қоймаға қою» ;
-
«Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдер
жөндеу».
Ал, мына салада жұмыспен қамтылғандардың үлес
салмағының артады деп күтілуде:
- «Қаржы
және сақтандыру қызметі»;
-
«Ақпарат және байланыс».
Ел экономикасының дамуына байланысты еңбек ресурстарын
пайдаланудың тиімділігі артады һәм өз өзін
жұмыспен қамтушылар саны 2,4% төмендейді – дейді сарапшы
мамандар.
Қазақстан
Республикасы дүниежүзілік нарықта өзінің
бәсекелестік позициясын орнықтыру үшін мемлекеттің
ролін күшейтіп, экономиканың стратегиялық басқаруын
дамытуы және кадрлық саясатты көтеруі тиіс.
Әдебиеттер:
1.Социально – экономическая
модернизация – главный вектор развития Казахстана (Из послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу
Казахстана январь 2012 года.)
2. Рынок труда. Учебник/
Под редакцией В.С.Буланова М.: Издательство «Экзамен» 2010. 480с.
3.mzsr.gov.kz
4.inform.kz