Жаңа технологияның
информатика сабағында оқушылардың өзіндік таным іс –
әрекетін қалыптастырудағы орны
«Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі заман талабы –
оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі –
ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының
дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті
жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Ақпараттық коммуникациялық
технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау
үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны
оқу тәрбие үрдісінде қолдану оқушының
қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын
шыңдап, ғылыми көз-қарасын қалыптастырып,
мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.[1]
Оқытушылар үшін ақпараттық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
Ø оқушының
өз бетімен жұмысына;
Ø уақытын
үнемдеуге;
Ø білім-білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
Ø
шығармашылық
есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды
түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
Ø
қашықтықтан
білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Ø
қажетті
ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Ø
экономикалық тиімділігі;
Ø
іс-әрекет,
қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене
шынықтыру сабақтары т.с.с.);
Ø
қарапайым
көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе
құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге
мүмкіндік береді;
Ø
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де
ықпалы зор.
Ақпараттық –
коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны
қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруде жетілдіруді көздейді[2].
Бағдарламалық – технологиялық
кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны
оқытушыға дәріс деректерін қызықты және
динамикалық түрде мультимедиялық құралдар
көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын
тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуальді қор деп
те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы
тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды DVD, CD–ROM және интернет – ресурстарын
қолдана алады.
Сонымен қатар электрондық
оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар
бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен
шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы
таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест
жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен
жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер,
дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл,
әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін.[3]
Мұғалім білімді
оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Мұғалімнің
бір–біріне ұқсамайтын жан жақты өткізген
сабақтары, қазіргі таңдағы жаңа технологиялары.
Дамыта оқыту – күрделі
құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр білімгердің өзіне-өзі
өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп,
оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан
айырмашылығы: оқу үрдісінің мүшелерінің
әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас
сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы
коммуникациялар түрлернде, т.б. Дамыта оқыту идеясы бойынша
білімгерге оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, жинақтау
арқылы жүзеге асады. Оқытушы – сабақ үрдісін
ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әрбір білімгер
шешімді тапқан кезінде оның дұрыстығын өзінше
дәлелдей біліп, пікрін айтуға мүмкіндік беріліп, жауаптар
тыңдалады. Дамыта оқытуда болашақ маманның
ізденушілік-зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласы
артып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығы молаяды.
Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерде
тұратын болады.
Модульдік оқыту
технологиясы – 60-жылдардың
соңында ағылшын тілді елдерде пайда болады. Модуль дегеніміз –
іріленген дидактикалық бірлік. Модуль – латынның «өлшем»,
«шама», «мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде
модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар.
1.
Американдық модуль.
2.
Неміс модулі.
3.
Сковиннің орыс модулі.
4.
Алексюк пен Фурманның Украина модулі.
Модульдік оқыту
технологиясы – оқу үрдісінде модульдік жүйені пайдалана
отырып, білмгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды
қысқартуға және жедел меңгертуге жол ашады.[4]
Модульдік оқыту
технологиясы зерттеулер көрсеткендей, оқу үрдісін
мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің
білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен
оқу материалын барлық білімгерлердің жүз пайызға
меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мұғалімдерді
даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер
қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны,
қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері
заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең
ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің
жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық
мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары
төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті.
Жоғарыда айтылған
мәліметтер сіздерге түсінікті болу үшін өз
тәжірибемнен қысқаша хабардар берейін.
Тәжірибемде сабақты «тірек сызбалар»
жасаудан бастауды ұнатамын. Өйткені, «Тірек сызбаларын» сызып
үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады.
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша
қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте
сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы
модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар
берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.
Ал енді, сабақты қорытындылау
сәтінде, Венн диаграмма тәсілі арқылы, оқушыларға
ой толғау жазу немесе, шағын әңгіме жазу сияқты
жазба жұмыстарын беремін.
Сондай – ақ, сабақтың негізгі
кезеңі ұйымдастыру болғандықтан, оқушыға
жақсы көңіл-күй тудыру үшін, сабақты музыка
тыңдаудан бастаған абзал.
Сонымен қатар, сабақта сыни
тұрғыдан ойлау технологиясы және деңгейлік саралап
оқыту технологиясын қолданамын.
Мысалы: қала көлемінде 9 сыныбында
өткізген Паскаль бағдарламасы бойынша қайталау
сабағымда топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс
тәсілдерін қолдандым.
Жұптық жұмыс – бір-бірінің
білімін бағалап, білімін тексеріп, білмегендерін сұрауда тиімді
болса, топтық жұмыс – үлгерімі төмен оқушы мен
үлгерімі жақсы оқушы қатар отырып, өз тобы
үшін жұмыс істеп, топ басшыларының басшылығымен
берілген тапсырмаларды өз шама шарқынша орындауда,
қарым-қатынас жасауда, ынтымақтастыққа тиімді, ал
жеке жұмыс- тиянақты білім ала отырып, кез келген жағдаятта
жол таба білуге дағдыландырады.
Сондай – ақ, оқытудың ең
ерекше бір түрлері – ойын және сайыс сабақтары.
Мұндай сабақтар біріншіден, оқушыны
сергіту болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін
өз білімдерін үнемі толықтырып отырады, үшіншіден,
өтілген материалдарды қайталау тұрақты түрде
жүзеге асырылады. Балалар жалықпас үшін ойындарды да жеке
оқушылармен, топпен немесе бүкіл сынып оқушыларымен
жүргізуге болады.[5] Сондай – ақ ойындар оқушының білім
деңгейін көтеріп қана қоймай, бір – бірімен
жақындастырып, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Отанын сүюге, ұлтына деген патриоттық сезімін, ыстық
ықыласын оятады. Ұлттық ойындарды сабақта пайдалану
көп нәтиже береді.
Осындай әдіс-тәсілдер
оқушылардың еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге,
өз ойларын дәлелдеуге, өз пікірлері мен
құқықтарын қорғауға, сөздік
қорларын толықтыруға тиімді.
Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте
сақтаймын өз істегенімді меңгеремін дей келе осындай
жұмыстар жүргізу арқылы ақпараттық –
коммуникациялық технологияның информатика сабағында
оқушылардың өзіндік танымдық іс - әрекетін
қалыптастыруға тигізетін әсері көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абыканова Б.Т.Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары.
Алматы, 2005 жыл.
2. Занков Л.В.Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960
год.
3. А.Шәріпов.Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992
жыл.
4. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева.Информатика.Астана,
2004 жыл.
5. «Информатика» журналдары.