Медиева
С.Х., Құрал Ж. А., Зейілхан Г.Қ.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Этномәдениет және
халықтың рухани дамуы
Мәдениет-адамның өз
қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана
сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап,
өмірдің асқан үлгілі шығармаларын
жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан-
мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет- тарихи құбылыс. Оның дәрежесі
мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына
байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы
мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең
өзгерістер енгізеді[5].
Халқымыздың
кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-жақты
зерттеген: Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Х.Арғынбаев,
Т.Басенов, Б.Байжігітов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Э.Масанов,
т.б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер
түрлерінің дамуы,
философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық
аспектілері, рухани-материалдық құндылық ретіндегі
әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және
тәлімдік маңызы бағаланған.
Ата Заңымыздың
мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік
мазмұнында: «Бізге қажетті -
жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін,
тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге
сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді
азаматтық парызым деп ұғатын
ұрпақ тәрбиелеу» -деп көрсеткендей,
еліміздің елдігі мен бірлігін
сақтайтын,Отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен
өтейтін, ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр[4].
Этномәдени білім беру дегеніміз
жастарға шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер,
ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы,
тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп,
жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық
өркениеттің халықтарына төзімді жеке
тұлғаны тәрбиелеу. Этномәдениет
ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан
сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша
уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай
ұлттық қазына. Халқымыз өз ұрпағын
ізгілікке инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді
басты мақсат санаған. Олай болса, бүгінгі
ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай
салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру
қажет. Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай
«Өткенін білмеген, одан тәлім-тәрбие, ғибрат
алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі
тұрлаусыз»[5].
Тәуелсіздік алғаннан бері
қоғамымыздағы өзгерістер еліміздің
әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды,
сонымен қоса сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына
әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс жолға
бағыттауда білім беру саласының ықпалы зор.
«Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы» деп Әбу
Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей ,
қазіргі білім ұлттық бағытта болмаса,
шығар нәтиже кеңес үкіметі кезіндегі жеке бастың
және ұлттық қажеттілігін емес идеологияның
табынушыларын жасап шығарған машинаға айналады.
Сондықтан да, этномәдени білім бере отырып, білім саласының
алдында педагогиканың жақсы үлгілерін сақтай
отырып, қазіргі қоғамға қажетті,
ұлттық мүддені жоғары қоя алатын, барлық
құндылықтарды сақтай отырып, жаһандану заманында
ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға
ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.
«Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың
арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды ,
қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер
көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деген
Міржақып Дулатов.Йоханнесбургте өткен
тұрақты дамудың Дүниежүзілік
Саммитті декларациясын жүзеге асыруды міндетке
ала отырып, Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуының үш бағыттан
тұратын, яғни экономикалық, экологиялық,
этномәдени білім берудің 2007-2024 жылдарға арналған
Концепциясын қабылдады[1].
«Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім
бағдарламасы» негіздерінде білім саласының бұрынғы
жүйесін қайта қарап, ұлттық мәдениетке
негізделген білім жүйесін дамытуды көздеп отыр. Бұл
құжаттарда ұлттық сұранысқа негізделген,
мәдени, тарихи, ұлттық дәстурлерін есепке ала отырып
білім жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілген[3].
Көп ұлт мекендеген Тәуелсіз
Қазақстанның ерекшелігі де этникалық білім
берудің қажеттігін туындатады. Кез-келген халық
ғасырлар бойы жинаған қоғамдық және
әлеуметтік тәжірбиесін, ата-бабалардан алмасқан
тәжірбиеге өз үлестерін қосып келесі
ұрпаққа мәдениетін, тарихын аманат етіп
отырған. Ежелден келе жатқан тарих толқынында
халық-үлкен күш, ол мәдениетті, тарихты жасаушы
жалғыз таусылмас қазына, құндылықтардың
қайнар бұлағы. Сол таусылмас қазына мен
қайнар бұлақтан өркен алатын жас
ұрпақты халық дәстүрінде білім
беріп,тәрбиелеу қазіргі білім саласының басты міндеті.
Қырғыз халқының дана ұлы Шыңғыс
Айтматов «.....өз халқының және басқа
халықтардың тарихы, мәдениетінен, тәжірибиесінен
бейхабар адамның болашағы жоқ, бүгінгі күнмен
ғана өмір сүреді»-дейді. Өйткені тек білімді адам
ғана басқаның мәдениетін, өз төл тарихы мен
мәдениетін бағалай алады, өз халқының ажырымас
бөлігі екенін сезініп, сол халық мәдениетінің
қажеттілігін өтей алады. Ал этномәдени білім жеке
тұлғаның этномәдени ерекшеліктерінің
қалыптасуына және оқу мен тәрбиенің
ұлттық жүйесін дамытуға негіз болады.
Этномәдени білімді жолға қоюдың жолы оқу
процесіне жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана
отырып, авторлық бағдарламалар жасап, арнайы пән ретінде
енгізу деп есептеймін. Көптеген оқу орнында этномәдени білім
беру тек тәрбие жұмысының бағытында іске асырылып, кей
пәндерде үстірт оқытылып, тақырыптарда элементтерін
қолданып отырады. Ал біз кезінде кеңестік үкіметтің
саясатының салдарынан ұлттық тамырымыздан
алшақтап кеткендіктен, жоғалта жаздаған Мұхтар
ағамыз айтқан «Төрт анамызды» толығымен сезіну
үшін, ұрпақ тәрбиесін шынымен жан ашырлықпен
қолға алу үшін этномәдени білім беруді оқу
орындарында үстірт емес жауапкершілікпен қолға алуымыз
керек. Арнайы пән ретінде енгізуді қолға алсақ біз
ұлттық құндылықтарды бағалай алатын,
құзіреттілік деңгейі жоғары, ұлттық мәдениет
арқылы жаһандық мәдениеттің мәнін
түсіне алатын жеке тұлғаны дайындай аламыз.
Этномәдени білім беру
жүйесіне көшу бір күндік нәрсе емес,
әулеметтік-экономикалық және демографиялық
негіздерді ескере отырып ұзақ перспективаны қамтитын
ұзақ процесс.Бүгінгі жастарымызды бізден
әлдеқайда сауатты болуға бағыттауымыз,
бағыт-бағдар беруіміз керек.Абай атамыз айтқандай «Адам
баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселерімен озады. Одан басқа нәрселермен оздым
демектің бәрі ақымақтық», сондықтан да
жастарымыз озық болсын десек этномәдени білім мен тәрбиені
оқу орындарында басты назарда ұстау керек.
Елбасының тікелей
тапсырмасымен білім беруді жан-жақты дамытуға байланысты жасалып
отырған сара саясатының арқасында,заманға сай
жастардың жан-жақты өсіп, дамып жетілуіне, лайықты
білім мен тәрбие алуларына толықтай жағдай жасалуда.
Ұлы мақсат қойған ұлы жетістікке жетеді демекші,
келешекте,мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын, өйіткені
ұлт болашағы–ұрпағында болса, ұрпақ
тәрбиесі-ұстаз қолында.
Қазақстан Республикасында
жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық
салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси
өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда
көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір
адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің,
халықтың, қоғамның және мемлекеттің
алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін
ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени,
қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне
қатысу қажеттігін тәрбиелеу[2].
Руханият адамға әдебиет, өнер, халық
даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім
арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың
бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани
құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа
жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана
болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы
адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы,
ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы,
қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның
адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы-
руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену
арқасында келеді.
Адамның рухани дамуы
мәдениетте үлкен рөл атқарады. Өйткені,
руханилығы жоғары адамдары бар қоғам ғана
жоғары дамыған мәдениет жасай алады.Жеке адамның рухани
дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен
ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы
әлеуметтік құрылымға, әр түрлі
топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер
енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы
мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын
мәдениеттің дамуына үлес қоса
алады.Тіл -аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі
рөлі үлкен.
Мәдениетті адам өзінің
мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып,
дүниежүзілік әдебиет
және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос
уақытын кітап оқуға, көрме,
мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға
жұмсайды.Көркемөнер әсер етпейтін
адам кемде-кем. Тек оны
қабылдай білу
қажет.Өнер-әмбебап, бүкілхалықтық
әрекет, оның қоғам дамуында
аса зор өмірлік маңызы бар[5].
Қорыта айтсақ, халқымыздың
ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық
мәдениетінің бай мұралары, қазіргі «Этномәдениет
тәрбиесі» негізінде жастардың Отансүйгіштік тәрбиесі
міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын тәлімдік құрал
болып саналады
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасында зтномәдени білім
беру концепциясы, 1996ж.
2.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы
» заңы .
3.
«ҚР
2011-2020 жылдарға арналған білім
бағдарламасы»
4.
Ж.О.Артыкбаев. «Этнология және этнография». Астана,2001ж.
5.
Қ.М.Наурызбаев «Этномәдени білім»
Алматы, 1999ж.