Филология магистрі Келмағанбетова Ш.С.

 

Қарағанды қ., Қарағанды экономикалық университеті

 

ҚАТЫСЫМДЫҚ ӘДІС ОҚЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

 

Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Оразбаеваға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – студент мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» .

Қатысымдық технологияны қолданудың тиімділігі, алдымен тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас жиі болса, сөйлесім әрекеті де ұтымды жүзеге асатындығы, сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынатындығы болып отыр.

Тілді меңгертуде тиімді саналатын  жаңа технологияның бірі – тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың қатысты материалдар ірі мөлшерде енгізіліп, блоктарға бөлінеді. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсаттарды көздейді:

- білім, білік, дағдыны қалыптастыру:

- барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Бұл технологияның қазақ тілін оқытуда тиімділігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау,  блокпен оқыту, тіректі қолдану,  жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;  ізгілендіру, ерікті оқыту; оқыту мен тәрбиенің бірлігін қолдана отырып жүргізетіндігі.

Ал проблемалық (мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын, шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы танымын дамытуға үлесін қосады. Қазіргі кезде студенттерге ақпараттар көп берілуде, сондықтан да берілетін ақпараттар жүйелі, мазмұнды болуын қажет етеді. Проблемалық оқытудың мақсаты – студент пен оқытушының іс-әрекеті, мәелені түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда студент тек білімнің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес, ақыл-ойының жоғары дәрежеде қалыптасуына, өз бетінше білім тереңдетуге септігін тигізеді. Проблемалық оқыту оқушының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды. Мұнда да тапсырманы орындау, іздену студенттің еншісінде болады, ал оқытушы тек бағыт беруші ретінде болады. 

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері студенттердің тілге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. Қазақ тілін оқыту үрдісінде жаңа итехнологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І. Тілге қатысты жаңа идеяны іздеу; Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;

ІV. Жаңалықтарды бекіту.

Инновациялық технология беретін нәтижелері:  түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға; студенттерді бағалау мүмкіндіктері мол; студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді; студенттердің қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі, лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытуда аталған инновациялық технологиялар  сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудіңбірден-бір тиімді жолы. барлығы да өз дәрежесінде тиімді әрі

Қорыта келе, тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Оразбекова Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі / Ф.Оразбаева.- Алматы: Ы.Алтынсарин ат. РБК, 2000. - 208 б.

2. Қадашева Қ. Қазақ тілі оқыту әдістемесі / Қ.Қадашева. - Астана: Атамұра, 2006. – 240 б.

3. Кобдикова Ж.У. Оқытупроцесінтехнологияландыру. А:2000 ж.61б. 

 4. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2014. 47