Көркемдік дәстүр жалғастығы
(Сейтен
Сауытбеков
шығармашылығы негізінде)
Мейіржан Топашов ф,ғ,к. доцент.
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
Сейтен Сауытбеков - ұлағатты ұстаз
әрі ақын,
қасиетті қаламды серік етіп
жазушылық жолға
да ойысып прозалық туындылар
қалдырған
талантты тұлға.
Оның қаламынан бойындағы туа бітті қабілетін танытқандай маңызы зор
көркем дүниелер туды. Ол өзінің бар
күш-қуатын, саналы ғұмырын педагогтік
қызметке сарп етіп, өскелең қазақ жастарын ұлттық рухта
тәрбиелеу ісіне арнады. Сейтен Сауытбековтың, жалпы,
ақындық - жазушылық
қызметінің
түпкі мақсаты да сол оқу - білім мәселесімен өзектес.
Ақындық шабытына дем беріп, қаламгерлік қиялын қанаттандырып, сөйтіп,
суреткерлік сүрлеуге салатын
басты нысанасы - ұлттық
рухани құндылықтарды
игеру, бағалау, оның қадіріне жету, сол негізде қазақи болмысыңды қалыптастыру.
Оқу-білімнің
адамның сана-сезімін жетілдіріп, дүниетанымын өсіріп, ақыл-санасының толысып
беки түсуіне
шапағаты тиетін қаситетін егжей-тегжей
түсіндіріп беруді азаматтық парызы санады.Ақылды адамды түйсіксіз жандарға қарама - қарсы қойып,
ақын олардың бірінен-бірінің айырмашылықтарын тайға
таңба басқандай бейнелейді.
Ақылды адам көрсетеді
өнеге,
Жіті
қарап жаңа менен көнеге.
Бақ пен ырыс білімдіге орнайды,
Жоламайды түйсігі жоқ немеге. [1,66]
Адам
бойындағы ізгіліктер ақыл,
мінез, парасат, тағы басқа рухани
құндылықтарға
қатысты
қасиеттердің - бәрі де оқумен, білумен, ізденумен
келетін ақыл жемісі. Өмірдегі құнын
мәңгі жоймайтын рухани
мұра да, адамдық ұстанымда, өмірлік мақсат - мұратыңда, бақ пен ырыс та бәрі
білім де деп таныды.Автордың
ұғындыруынша білім,
өнер еш қиындықсыз,
оп-оңай жетер тегін нәрсе емес, оған адам талмас төзім мен
қайтпас қажыр
арқылы ғана жетеді. Жалықпай білім
іздену, ерінбей еңбек ету –
арқылы ғана өнерлі, мәдениетті болмақшы. Ізденген жетер
мұратқа демекші, онсыз
биік межені бағындыра
алмайсың - өмір тұтқасы,
білімге, өнерге жеткізетін де осы
ізденіс.
С.Сауытбеков өлеңдері тек оқу, білім
тақырыбы шеңберінде қалып қояды десек,
ағаттық болар. Онын көп өлеңдері
әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.
Оның өлеңдері қазақ халқының салт - санасын, тұрмыс - тіршілігін,
болашаққа деген
үмітін бейнелейді.
Қазақ қоғамының ішкі даму процесі мен әлеуметтік
ортаның саяси және психологиялық бітімінен көрініс береді.
Қоғам қайшылықтары, замана көріністері,
халық тұрмысы ақын
өлеңдерінде еш боямасыз
көрсетіледі. Адамның біріне-бірі қарайласуы, тату
өмір сүруге ықылас - пейіл
танытуы, дүниеқоңыздыққа салынбауы жөн. Оның үстіне өмір шектеулі,
өлім хақ. Мәңгілік ештеңе жоқ, кім болсаң
ол бол, бәрібір
дүниеден өтесің, бұл жазылмаған өмір заңы. Ақынның
адамгершілік хақындағы кейбір пікірлері өзіне дейінгі
қазақ ақындарының ақылгөйлік
дәстүрімен үндес, жалғастық табады. Ыбырай
Алтынсарин пікірлерімен ұштасады. Сейтен ақын да, Ыбырай
сияқты, достыққа, адамгершілікке, тату -тәтті
өмірге үндейді. Ол «Өмір арайы», «Шындық»,
«Қуаныш»,
өлеңдеріндегі ой-пікірлерді Ыбырай дәстүрінде
өзіндік бет-әлпетімен жырлады. Сейтен Сауытбеков бұл
мәселелерді өз
шығармаларының
негізгі арқауы етті.
Қазақ
әдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына жеке тақырып етіп жырламаған ақынды
кездестіре алмайсыз. Ол табиғат туралы өлең
жазған кезде оның
алдында даяр үлгі - Абай,
Сәкен, Ілияс, Қасымдардың поэзиясы
бар еді. Ақын оны
шебер меңгерді және
оған өзіндік талғаммен қарады. Ол сонымен
бірге, символист, пейзажист Мағжан, Бернияз сияқты
ақындарды да үлгі тұтты.
Ақын «Көкшемен
қоштасу»,«Көктем», «Есіл жырлары»,«Тың толқын»-деген өлеңдерінде жерді
көк майса шалғын
басып, дүние гүл - гүл жайнап, оның хош
иісі адамды рахатқа
бөлеп жатқан ең бір
әсем
кезеңнің суретін жасайды.
Торғын төсеп төскейіме,
Жалтыратып зерін сепкен.
Жақұт жібек бешпент киіп,
Далама
нұр гүлін еккен.
[2,36]
Табиғаттың тамаша
көрінісін, лирикалық
кейіпкердің
көңілді
күй-жайымен, жастардың
махаббатымен
ұштастыра жырлайды.
Күміс
қабық, ақ балтыр,
Ақ
қайыңды көк орман,
Саған келсем
сағынып,
Аялайды
мені арман. [2,59]
Сейтен Сауытбеков қазақ поэзиясының жарық
жұлдызы Мағжан шығармашылығымен де
етене таныс болғанға ұқсайды. Ақынның атын атауға тиым
салынған кездің өзінде - ақ, оның өлеңдерін оқыған, білген,
көңіліне тоқыған. Бұл зая кетпеген,
өзінің нақты жемісін берген. Олай деуімізге дәлел
бар. Ақынның:
Өмір толқын
бірін-бірін қуатын,
Дауылдардан, қозғалыстан туатын, [2,76]
- дегені Мағжан өлеңіндегі « Толқынды толқын
қуады», «Толқыннан толқын туады»-деген
тармақтарды айна қатесіз
еске салып тұрған жоқ па! Мағжан қазақ
әдебиеті тарихында символист
ақын ретінде де елеулі
орын алады. Оған дейін
шын мәніндегі символизм
әдісі қазақ
поэзиясында қалыптасқан
жоқ-ты. Мағжан
бұл көркемдік әдістің қазақ әдебиетінде орнығуына көп еңбек сіңірді. Бұл жанрдың
сырын ашып, жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан,
Сейтен Сауытбеков өлеңдерінің
түп негізі Мағжан
поэзиясынан басталады деу орынды. Ақын өлеңдерінің тілі
қарапайым, жатық та
тартымды, ғибратқа да
толы. Айтайын деген ойын оқырман көңіл қоятындай, сенімді етіп
әсерлі береді.
Сейтен
Сауытбековтың "Балуан" поэмасы
батырлық - қаһармандық туралы емес, бас қаһарман Балуанның тұрмыс-тіршілігін,
өмірінің қиын
сәттерін, көңіл-күйін тебіреністерін
біршама сәтті суреттеп берген туындысы, сондықтан да бұл поэма сезім тебіреністеріне көмкерілген лиро-психологиялық поэманың үлгісі.
Поэмадағы негізгі кейіпкерлер Балуан, Райхан,
Айбеттердің тұлғасын
типтік бейнеде, мінез-құлқын ашуда
диалог ерекше көркемдік қызмет атқарып тұр.
Бұл жерде кейіпкерлер сөзі олардың психологиясын
реалистік
тұрғыдан нанымды беруде ақын шеберлігін
таныта алған.
Поэманың көркемдік тұрғыдан сәтті шығуы үшін
қолданған
тәсілі - реализм. Мұндағы өмір
шындығы, адам тағдыры
барынша жинақы, нақты,
дәлдігімен бағалы.
Поэмадағы Балуанның да,
шығармада бір-ақ рет
көрінсе де, оқырманның көз алдында қалатын
Райханның жарқын бейнелері
нанымды, көркемдік
бояуы қанық кейіпкерлер.
Сондықтан
да "Балуан» - поэмасы С.Сауытбековтың эпикалық
туындыларының маңдай алдынан
орын алып отыр.
С.Сауытбековтың поэмаларының әрқайсысы өз объектісін
шебер, көркем игерумен бірге, сол
арқылы жекелеген адамның
ғана емес, қоғамның, заманның бейнесін
жасайды. Мұның бәрін дәуір дидарымен тығыз
байланыста, терең
толғаныстарымен
бейнелеп көрсетуде
өзінің нұсқалы
стилімен ерекшеленеді. Бұл
- ақын ізденісіне тән
ұнамды қасиеттер.
Ақынның эпикалық туындыларының ішіндегі
тағы бір шығармасы
достық
тақырыбында
жазылған
"Достық
жыры" поэмасы. Бұл
поэма орыс халқының
ұлы Яков пен қазақ
Бердіқұлдың арасындағы достыққа арналған көркем ескерткіш,
автордың еларалық,
ұлтаралық проблемаларды
сөз ете алған ауқымды
шығармасы. Сонымен бірге, бұл шығарма – бейбітшілікті,
достықты баянды етуге шақырған ақынның
ұраны іспетті. Ақын бұл поэманың бас қаһарманы Яковтың көркем бейнесін жасауда айрықша
белсенділік танытып, оның халқына, еліне, жеріне деген
адалдығығын
ерекше қастерлеп, сұм соғыстан аман
есен оралуын тілейді.
"..Өтінем, сен тірі қал,
Аз болу
үшін мұң мен зар "[2,87]
Сөйтіп,
ақындық жүрекпен
парасатты пайымдаулар жасайды.
Лирико-публицистикалық
поэмада драматизм мен
конфликтінің
көркемдік функциясы
арқылы кейіпкерлердің кескін- келбеті реалистік
тұрғыдан нанымды
шыққан. Халқымыздың фашизм зұлымдығынан отқа оранып
жатқан ауыр халін ақындық интуициямен түйсініп, құдды өзінің жеке
басынан өткергендей күй
кешіп, ерекше сезіммен толғанып, ақ жүрегінен ақтарыла жырға
қосуынан деп те түсінген абзал. Сондай-ақ,
поэмадағы адам образын
жасаудағы бейнелегіш тәсілдер, көркем
компоненттермен қатар,
кейіпкер монологының, диалогының, кейіпкер сөзінің атқарып
тұрған рөлі де
айрықша.
Қорыта
айтқанда, ақынның бұл поэмасы бұрыннан келе жатқан қазақ халқының ауыз
әдебиетінің
өзекті саласы эпостық
батырлар жырының дәстүрі, жалғасы іспетті.
Академик
З.Қабдолов айтады:“Халықтық – ақындық
қайнары, сөз өнерінің
тамыр тартар
топырағы,”[3,16]-деп. Ауыз
әдебиетінің
дәстүрі Сейтен ақынға да қазақтың ғасырлар бойы жасаған
тамаша сөз қуатын мүмкіндігінше пайдалануға септік етіп қана
қоймай, оның
шығармашылық
тұрғыдан
шыңдала түсуіне
айқара жол ашқаны анық. Демек,
Сейтеннің ақындық
жолды таңдауына негіз болған әсер- ол ауыз
әдебиеті дер едік. Фольклорлық шығармалардағы
көркемдік шеберлікті игеріп отырған ақын халық мұрасын
шығармаларында мол қолданған. Ол өз
шығармашылығын ауыз әдебиетімен ұштастырып, уақыт
сынынан өткен поэзиядан әркез
тағылым алып отырды. Ол
мақал - мәтелдерді өз өлең -
толғауларының идеялық нысаны етіп, ақындық
ұстаным-тұжырымдарын солар арқылы уағыздады.«Шіриді
балық бастан», «Береген қол алаған», «Бір тосқын,
мың тасқанға» т,б
мақал- мәтелдерде
тұжырымдалған түйінді пікірлерді бетке ұстау,
негізгі көркемдегіш құрал есебінде пайдалану
ақынның шығармашылық
- ізденіс нышандары.
Ақын
кейінгілерге мұра етіп ғибратқа толы жұмбақтар,
нақыл, мақалдауға пара-пар тағылымды сөздер
қалдырған. Адамдықты, адалдықты, ізгілікті, кісілікті,
кішілікті уағыздайтын ғибратты сөздерінің маңызы зор. Сейтеннің:
Мейірімсіз
қарғыс алар, - немесе,
Ақылы аз азады,
Оқуы
көп озады, [4,36] - деп
мақалдауының түп төркіні көне
дәуірден бастау алатын ауыз әдебиетінде жатыр. Мақалдау
көне дәуірлерден келе жатқан дәстүр. Оның
мақсаты, сөз өнерінің танымдық,
тағылымдық мақсат -
мұраттарына байланысты болса керек. Ақын адамның қандай
болуы керектігі туралы мақал-мәтел негізінде өз
қабілетін қанаттандыра отырып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық
туындылар қалдырды. Демек, Сейтен Сауытбеков ауыз әдебиетінің
ықпал-әсерін сезінген, одан қажетті тағылым ала
білген ақындардың бірі. Оның ақындық
ерекшелігіндегі көркемдік
жүйені мақал - мәтелдермен, нақыл сөздермен
салыстырудағы мақсат-сонау көне дәуірдің
әдеби-мәдени ескерткіштерімен
тікелей тамырластығын аңғарту еді.
С.Сауытбековтың
ұстаздық - қаламгерлік
қызметі сабақтас, бір-бірімен ажырамас бірлікте дедік. Олай
болса, оның шығармаларында педагогикалық
түсінік-танымдардың, тәрбиелік мәні зор ізгі ой-
сілемдерінің төбе көрсетіп жатуы
табиғилық. Педагог-ақын өзінің
өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің
маңызын түсіндіре талдап,
көпшіліктің талғам таразысына
тартып, ақыл көзімен
ұғынуларын
өтінеді. Ол ұстазы
Ыбырай Алтынсарин дәстүрін
берік ұстанып, жас жеткіншектерді
сапалы білім алуға ынталандырып, олардан болашақ
қазақ қоғамының тізгінін ұстайтын азаматтардың көптеп
шығуын көксейді.
Әдебиеттер:
1.
Сауытбеков С. Үлес. Көкшетау.-2003,-89б.
2.
Сауытбеков С. Ар жұлдызы. Көкшетау.-2007,-102б.
3.
Қабдолов З. Екі томдық
таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1983,-226б.
4.
Сауытбеков С. Жұмбақтар. Көкшетау.-2003,-89б