Есбол.Ғ.Ш
А.Байтұрсынұлы
атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға
оқытушысы
А.
Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның әлеуметтік идеяларындағы
сабақтастық
Жақсы...ақылымен
–
Адамшылыққа жол
ашады
(Аристотель)
ХXI
ғасыр жер шарының түкпір-түкпірінде Ауғаныстан, Ливан, Сирияда сыртқы
саяси күштердің дем
беруімен мемлекеттер ішінде
болып жатқан қақтығыстар кеңінен
бел алуда. Сонымен
қатар Германияда,
Түркиядағы
лаңкестердің
қайта-қайта
ұйымдастырып
отырған террактылары мемлекеттердің біртұтастығына қауіп
тудырып отыр. Батыс Еуропалық философ
О. Шпенглер айтқандай: ''Өркениет дегеніміз-мәдениеттің құлдырауы '' демекші,
адамзат үздік технологиялық жетістіктерді
адам игілігіне жұмсаудың орнына қару-жарақ пен қоғам арасында
ірткі тудыруға
пайдаланып отыр. Бұның өзі
адам руханиятының төмендеп, озбырлық-зомбылыққа жол
ашып отыр. Қытайдың ұлы
ойшылы Кон-фу-цзы :
''Өзіңе
қаламайтын
қылықты, басқа
біреуге жасама '' деген,
әдептің ''алтын ережесі ''
бүгінде сақталмай отыр.
2016 жылдың 16
желтоқсанында
Егемендігіміздің 25
жылдығын көпұлтты Қазақстандықтар болып,
ауызбіршілігіміздің
арқасында біршама экономикалық табыстармен
қарсы алып отырмыз.
Шетелдерден Ресей, Түркия,
бұрынғы ТМД елдерінен де
тілектес
халықтардың игі жақсылары келіп
қуанышымызға
ортақтас болып кетті.
Егемендікке қол жеткізгеннен
кейін
ағартушыларымыздың, ақылман даналарымыздың, алаш арыстарының Мәңгілік Ел
болуға
ұмтылған
ұлағатты істерімен,
идеяларымен болашақ ұрпаққа таныстырып
жатырмыз. Ұлы ақынымыз Қадір Мырза Әлі айтқандай : ''Ұлы халық
болу үшін ұлы мақсат
қоя білу керек ''.
Енді ХХ ғасырдың басында
ұлтжанды алаш арыстары, қазақ баласының рухани
көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Қазағым елім!»
еңбегінде:
Именіп көптен,
Сақтық қып еппен,
Тасалама ойыңды!
Ашынса етің
Ашылмақ бетің,
Тірі көмбей
бойыңды,
Жүрегіңнің
жарасын
Көрсет жұртқа! Қарасын! [1] деп,
қандайда қиын -
қыстау заман болмасын
даналарымыз айтқандай '' Нағыз адам – адам
толқынға қарсы жүзеді '' демекші, оқуда болмасын, ғылымда болмасын, еңбекте болмасын
жасқанбай, барлық
ерік – жігерімізді салып толағай
жетістіктерге жетуіміз керек.
Елбасымыз Н.Назарбев Қазақстан халқының алдына : Негізгі, « Ұлт жоспары –
Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасы »
деп Елбасының.....елдің алда тұрған міндеттердің
асқақ та, өте биік екенін білдіреді.
Ұлы ұстазымыз Ыбырай
Алтынсарин « Кел, балалар,
оқылық!»
шығармасында:
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ
болар.
Оқымыстың
байлығы
Күннен күнге
көп болар,
Еш жұтамақ жоқ
болар. [2] дегені,
қазіргі заманауи жетілген
технологияны меңгеріп Қазақстан мемлекетін
көркейтіп, алғы
елдердің
қатарынан
көрінуімізге тиістіміз,
ол ұлтжандылық парызымыз.
Елбасымыз Н.Назарбев
айтқандай : '' Біз көптеген сынақтарға
төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз
жаңа Қазақстанды – Ұлы дала елін
құрдық. '' [3]
Әдебиеттер
тізімі
1. Байтұрсынұлы.А.
«Қазағым елім!» . 6 том.-
А,2013.-113 бет.
2. Алтынсарин. Ы.
Кел, балалар, оқылық! 1-том.А, 2003.-22 бет.
3. Н.Назарбаев. Жиырма бес жыл: Жеңістер мен жемістер. Егемен Қазақстан. 13.12.2016 ж.-3бет. Байтұрсынұлы.А. Мақалалар, хаттар. 6 том.- А,2013.-159 бет.