Право/13. Международное право
з.ғ.м. Нуртай М.Н.
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Еуропалық
Одақтың сыртқы қауіптен қорғану
мәселесі
ЕО қазіргі таңдағы негізгі мәселелерінің бірі
бейбітшілікті орнату және ЕО шекараларының сыртындағы
қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Бұл мәселеге шішім
табу үшін, ЕО сыртқы тұрақтылық сипатындағы
әрекет етуге жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік
стратегиясының жобасын дамытуда болды.
Соңғы 25 жыл ішінде Одақ өзінің жеке
экономикалық мәртебесіне сәйкес халықаралық
саясатта және қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөлді
иелену үшін көп жұмыс атқаруда.50 жыл ішінде суық
соғыс әлемнің маңызды бөліктерін лагерге
бөліп тастады. Оның аяқталуы қиын әлемдік
тәртібінің құрылуына алып келді. Сонда ЕО
қақтығыстарды жою, бейбітшілікті қолдау және
терроризммен күресуде өз үлесін қосты. Маастрихт
шартынан кейін Югославияда соғыс басталады. ЕО осы соғысты шешуде
саяси рөлін атқара алмады. Себебі, ЕО өзінің жеке қаруландырылған
күші болған жоқ, ал мүше – елдер ЕО атқаратын
және НАТО күші шеңберінде әрекет ете алды.
ЕО сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты мемлекетаралық
ынтымақтастық саласына жатады және Бірлестік
құқық жүйесімен реттелмейді. Бірақ
заң жүзінде Маастрихт шартында жазылған: «Одақ
сыртқы сачсат пен қауіпсіздік саясатының барлық саласын
қамтитын жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын
анықтайды және жүзеге асырады.
Бірінші Бірлестік сыртқы саяси
мақсаты 1957 ж. қабылданған Рим шартында тіркелген.
Олар декларациялық сипатта болды және екі жағдайға
біріктірілді: бұрынғы колониалды елдермен ынтымақтастық
туралы өтініш және БҰҰ Жарғысының
қағидасына сәйкес оның гүлденуін қамтамасыз
ету; басқа еуропалық халыққа еуропалық
интеграцияға қатысуға шақыру болды.
1970 ж. әскери – саясат саласындағы
ынтымақтастықтың дамуы тақырыбы маңызды
сұрақтардың біріне айналды. Люксембургтегі сессияда
мүше – мемлекеттердің сыртқы істер министрлігінде
Еуропалық саяси ынтымақтастықжүйесі бекітілді. Ол
мемлекетаралық сыртқы істер министрлігінде ақпарат және
саяси консультация алу механизмі ретінде жұмыс істеді.
1987 ж. қабылданған Біртұтас Еуропалық Акттің
(БЕА) ішіне сыртқы саясат саласындағы еуропалық
ынтымақтастық туралы ережелер бөлімін қосты. БЕА ЕО
Кеңесінде және Комиссияда төрағалық етушілірге
Еуропалық бірлестік сыртқы саяси қалыптасу кезінде Еуропалық
саяси ынтымақтастық шеңберінде болуын міндеттеді.
Еуропалық саяси ынтымақтастық механизмі бұл сатыда
қатты жұмыс істеген. Ол ЕО Комиссиясының толық
құқықты қатысушысы болып есептеледі. Ал жыл
сайынға СІМ кездесілері екіден төртке дейін көтерілді. Жалпы
сыртқы қауіпсіздік саясаты (ЖСҚС) ішіндегі негізгі
мақсатына: -Одақтағы жалпы құндылықтарын,
негізгі мүддесін, тәуелсіздігін және тұтастығын
БҰҰ Жарғысының қағидасына сәйкес
қорғау; -БҰҰ Жарғысының
қағидасына сәйкес бейбітшілікті сақтау және
халықаралық қауіпсіздікті күшейту; - халықаралық
ынтымақтастықтың дамуы; - демократия мен
заңдылықтың дамуы, адам
құқығының негізгі бостандығын сыйлау [1].
Еуропалық саяси
ынтымақтастыққа қарағанда ЖСҚС өзара
кеңес пен ақпарат алмасудан басқа үкіметаралық
негізде ЕО жалпы маңызды сұрақтар мен мүше –
мемлекеттерге міндетті біріккен әрекеттер позициясын дамыту.
Маастрихт шартынан кейін Югославияда соғыс басталады. ЕО осы
соғысты шешуде саяси рөлін атқара алмады. Себебі, ЕО
өзінің жеке қаруландырылған күші болған
жоқ, ал мүше – елдер ЕО атқаратын және НАТО күші
шеңберінде әрекет ете алды.
Сол оқиғаларға сәйкес ЕО ЖСҚС
шеңберінде Еуропалық сыртқы қауіпсіздік
қорғанысын жүзеге асыруына себеп болды. Еуропалық
сыртқы қауіпсіздік қорғанысына сәйкес
әскери және полициялық күштер дағдарыс
аймағына гуманитарлық операцияларға, бейбітшілікті
сақтауға, дағдарысты реттеуге жіберіледі. Әскери
операциялар ЕО тез әрекет ету күштерінен жүзеге асырылады,
НАТО – дан тәуелсіз, бірақ оның ресурстарын пайдалануға
қол жеткізе алады. Олардың ең бірінші операциясына
Еуропалық сыртқы қауіпсіздік қорғанысына
сәйкес жасалған бұрынғы Югославия мемлекетіне миссия
болды. ЕО – тың полициялық күштері БҰҰ 2003 ж.
Босния мен Герцеговинада арнайы тобын алмастырылды, ал ЕО күші
НАТО-ның орнына Югославия мемлекетіне көмек берді. Сонымен
бұл ЕО ең алғашқы көмегі ретінде көруге
болады.
1997 ж. қабылданған Амстердам Шарты ЖСҚС кеңейтіп,
соған сәйкес қазір ол сыртқы саясат пен
қауіпсіздік саясаты саласында келесі жолдарды қамтиді: - ЖСҚС
қағидаты мен негізгі бағыттарын анықтау; - жалпы
стратегия бойынша шешім қабылдау; - мүше – мемлекеттер арасында
ынтымақтастық жүйесін күшейту.
1997 ж. желтоқсан айында Канаданың астанасы Оттавада 122
мемлекет минаға тыйым салу туралы Шартқа қол қойды. Ол
қолдануға, өндіруге, жіберу және жер миналарына тыйым
салғанын хабарлайды. Сонымен, ол 1999 ж. 1 наурызында
халықаралық заң мәртебесіне ие болды. Минаға
қарсы бағытталған халықаралық акция
ғаламдық бейбітшілік пен тұрақтылыққа
және миналық соғыс болып жатқан
аймақтардағы адамдардың зардап шегуіне әсер етеді. 2000
– 2002 ж. ЕО бұл бағдарламаға
40 млн. еуро бөлді.
2003 ж. желтоқсан айындағы кездесуінде ЕО лидерлері
Еуропалық қауіпсіздік
стратегиясын қабылдады. Ол Еуропадағыазаматтар және
басқа аймақтағы болып жатқан терроризм, жалпы жою
қаруының таралуын және заңсыз иммиграция
қауіпінде тұр. Әрбір қауіп халықаралық ынтымақтастық
шеңберінде шешіледі [2,179 б.].
Литература:
1. Иришев Б. «Путь в Европу. ЕС:опыт интеграции модели (эволюция, ценности, проблемы.»
[Текст] А:«Раритет»,2009 г.
2. Топорнин Б.Н. «Европейское право» : Учебник.М: Юрист,1998 г.