Шукенова Ж.С.
Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
«Құқықтану» кафедрасының аға
оқытушысы, заңтану магистрі
Батырбек Г.
Қорқыт
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 3курс
студенті
Мәңгілік
еліміздің – мәңгілік тілі
"Тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлде қайда
қиын. Бұл - әлем
кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан
өткен тарихи шындық. Өзара
алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік
талай елдің тағдырын
құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеа бере алмай жер
бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз
өзгенің кателігінен, өткеннің
тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың
түйіні біреу ғана - Мәңгілік
Ел біздің өз қолымызда. Ол
үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай
сақтай білуіміз керек".
Елбасы Жолдауында
айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тебірентері сөзсіз. Ел мен тіл
егіз ұғым. Мәңгілік
сөзі бабалардан мирас
болып келе жатқан
мәңгі өлмейтін асыл
қазынамыздың бірі - ана
тілімен де тығыз байланысты.
Олай болса,
мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірде дамитын
мәңгілік тілі болуы
да шарт. Ол мемлекеттік тілі-
қазақ тілі. Мемлекеттік
тілді дамыту
жөніндегі кешенді шараларды
жүзеге асыру елімізде
табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған
қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен
жетістіктерімізге тоқтала келіп,
енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат
бар! Ана тіліміз
Мәңгілік Елімізбен бірге
Мәңгілік тіл болды.
Оны даудың тақырыбы емес,
ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой
түйді. Олай болса, ана тілімізді -
мәңгілік тіл ету
өз қолымызда.
Елбасы жолдауында еліміздің
экономикасын, шағын бизнесті әлеуметтік саланы дамыту,
Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру,
ұлттың білім берудің сапасын жақсарту,
инфроқұрылымдық үш тағанның
қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды
мәселелер сөз етілді.
Біз тәуелсіз елміз.
Мақсат-мүддеміз - тәуелсіздігімізді мәңгі сақтау.
Ол үшін не істеу керек? Ұлттық рухымызды
асқақтатып, әдет-ғұрып пен салтымызды
сақтауымыз қажет. Оның барлығының өзегі не?
Мемлекеттік тіл!
Елбасының "Қазақсттанның болашағы -
қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің
барлық саласында үстемдік етіп, кез келген
ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Қазақ тілі жаппай
қолданыс тіліне айналып,
шын мәніндегі мемлекеттік
тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ
МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз" деп атап көрсеткені бекер емес. Шын мәнінде, бай тілі, бай жері, даласындай дарқандығы бар, сонша
этностың өкілдерін бауырына басып, қамқорлық көрсетіп
отырған қазақтың "Мәңгілік ел"
атауының мәні үлкен. Біздің бар бақытымыз да осы.
Тәуелсіздіктің іргесін
қалаған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлының жарқын бастамаларының баянды боларына сенемін адаммын. Демек,
Президент жолдауында айтылған
"Мәңгілік ел" болудың өзегі мемлекеттік тілдің баянды болуында жатыр. Өйткені
қазақтың тілі -
қарым-қатынас құралы. Елбасы
айтқандай, "Бабалардың ерлігі, жас ұрпақтың жасампаздығы
арасындағы сабақтастықты, мәдениетті де,
әдебиетті де жалғастыратын да қазақтың тілі. Тіл- ұлттың
ең құнды дүниесі. Себебі тас мұқалады, темір тозады, адам өмірден озады, ал ұлттың құндылығын
ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын
таңдайдағы тілі ғана.
Сондықтан тәуелсіздігіміздің тірегі
де, жаршысы да - тіл. Демек, мемлекетіміздің "Қазақ елі, яғни "Мәңгілік ел" ел боларына сенімдімін.
Елбасының
"Қазақстан-2050" Жолдауында көтерілген
"Мәңгілік ел" ұғымының
пәлсапалық-саяси негіздері сонау сақ, ғұн,
түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет
"моңғол" сөзінің астарын
"мәңгі елден" іздейді. Оның "Күлтегін мәтініндегі
"мәңгі ел" сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты
құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына
келіңкірейді. Ал Шыңғыс хан баяғыдан келе жатқан "мәңгі ел"
арман-идеологиясының атымен мемлекетін
"Мәңгі ел" деп жариялады деген ойында қисын бар сияқты. Кезінде
айбарлы сақ, ғұн, түркі,
Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары
салтанат құрған бүгінгі
Қазақстан мемлекетіне
"мәңгілік ел" идеясы мирас болып қалды деа санаймын. Осындай
"мәнгілік ел" идеясы алпауыттардан құтқарып қалды
және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі "Бабалардың ерлігі,
бүгінгі буынның ерен істері
және жас ұрпақтың
жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз
"Мәңгілік ел боламыз",-деп Президенттің Жолдауында
айтылып отыр.
Даңқты өткен тарихымызда
"мәңгілік ел" идеясы
көшпелі империяларды алемдік
өркениетпен тікелей жалғайтын алтын
көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікке болу,
сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті,
дарқандықты, ақжүректікті ту еткен
елдік қасиеттер " мәңгілік
ел" қағмдаттары болып
саналған.
Бүгінгі жолындағысын
жұтып жатқан жаһандану дәуірінде
"Мәңгілік ел" идеясы бағзы түркілік
тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта
жаңғыруының, озық, қуатты ел болып
гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін
бұл идеяны іске
асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Демек,
халықаралық кауымдастықта мәмігерлік,
бейбітсүйгіш қырымен танылған тәуелсіз
Қазақстанның әлі де ешкім
мән бере қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар деп білемін. Демек,
"Мәңгі ел" идеясы - ұлттық
кодымыздың кілті.
Қазақ тілі осы
мемлекеттің түпкілікті тұрғындары
қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран,
Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты
республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі
- батыс түркі тілінің қыпшақ
тармағына жатады. Бұл
тармаққа кіретін тілдер
- қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт,
қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар,
құмық және тағы басқа тілдер.
Қазақ тілі - өзіндік әдеби,
ғылыми және саяси жазу
нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы
әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ
халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы XI-XII ғасырлардағы Түрік
қағанатының пайда болу
кезеңінен басталып, XV ғасырдағы
қазақ хандығы тұсында әдеби калыптасқан
болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры
жөнінен, қазақ тілі - ежелгі таза қалпын тұтас сақтап кклк жатқан тілдердің бірі.
Ғалымдардың пайымдауынша,
қазақ тілінің ауыз әдебиеті
және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. Қалыптасудың
барлық сатыларын бастан
кешірген ана тіліміз - мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби
шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық,
құқықтық, педагогикалық, саяси,
өнертанушылық әдебиеттер жарияланады.
Тіліміз еліміздегі
азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі
болумен ғана шектеліп
қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық
қасиеттері де мол. Қазақ тілі - бай
да құнарлы тілдердің қатарына жатады.
Ежелгі бабаларымыздың тарихы,
шежіресі және түрлі әдеби
мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы
ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл
тарихы халық тарихына
ұқсас. Қоғамның жылжып,
өзгеруіне байланысты тіл
де дамып, өзгеріп отырады.
Қазақ тілі тарихында орын
алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың
объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден,
Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды.
Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұқсас
ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте
қабылданған "Тіл туралы"
Заңда "Тіл - халықтың
ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі" делінген. Ал бірінші баптың тармақшасында
"Қазақ тілі - Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі
болып табылады" деп жазылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның
болашағы - қазақ тілінде" деген тұжырымдаманы үнемі айтып
келеді. Қазақ тілі
мәселесі мемлекеттік деңгейге
көтерілген кейінгі жылдары
бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Мәңгілік елде
саналы білім, сапалы тәрбие алып
отырған жастар - бүгінгі
өмірдің келешегі мен болашағы болатынына толық сеніммен айта аламын. Ортақ
мүдде, биік мақсатқа бастаймын. Елбасының "Мәңгілік
ел" ұлттық идеясының негізі
қаланды. Оның өміршең болуы
қажырлы еңбек пен терең білімді,
тұрақтылықты қажет етеді. Ал
ел тұрғындары оны орындауға дайын.
Сан тарау салиқалы пайымдармен
өрілген, елімізді өркениет өрісіне
өркендете өсірген, ең бастысы Қазақстан
халқына ерекше толғаныс, қозгалыс, серпіліс берер құжат болды. Ендігі айтпағымыз,
қашан да мақсатымыз айқын, мүддеміз бірегей,
болашағымыз баянды бола бергей.
Ал қазіргі таңдағы әрқайсымыздың міндетіміз масылдыққа жол
бермей, ел ертеңі үшін еңбек етіп, белсене тер төгу екенін естен
шығармайық, достар, деп
түйіндеймін.
Қолданылған әдебиетттер:
1.
ҚР
Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан
газеті №5, 14 желтоқсан 2012ж.
2.
«Мәңгілік
Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек - Н.Назарбаев // http://www.inform.kz/kz/mangilik-el-ideyasy-oku-bagdarlamasyna-enui-kerek-n-nazarbaev_a2754427