ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА

 

Мұхитов Жандос Жанғазыұлы

«Құқықтану» магистранты

Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу институтының жұмыс жасауының құқықтық механизмі нарық қатынастарында айрықша субъект – мемлекеттің қатысуымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің (денсаулық сақтау, мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары мен соттар, құрылыс, коммуналдық шаруашылық мекмелері) және т.б. қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуде қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер мемлекеттік сатып алудың объектісі болып табылады. Мемлекетке қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізімі жылдан жылға өсуде. Мемлекеттік сатып алу барысында ақшаның иегері, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін ак­цияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арқылы мемлекет болып табылады. Ал сатып алудын агенті ретінде жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) болып келеді.

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе.

Мемлекетік сатып алудың веб-порталы келесі мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді:

·         мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушыларды тіркеу;

·         мемлекеттік сатып алуды жобалау;

·         өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды жиынтығын;

·         электрондық мемлекттік сатып алуды өткізу, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші араларында электрондық құжат алмасу;

·         мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспардағы, өткізетін және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды беру;

·         өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік және санақтарды қалыптастыру;

мемлекеттік сатып алу саласында нормативтік-анықтама ақпараттарын және түсіндірмелерді жариялау;

·         мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілген мәліметтерді ұсыну және жариялау.

Жүйемен шешілетін мәселелер:

·         мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда бюджеттік шығындарды қысқарту;

·         мемлекеттік тапсырыстарды бірыңғай тәртіппен орналастыру және қалыптастыру;

·         мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге шығындарды қысқарту;

·         өнім берушілер арасында бәсекелестік жағдайларын тең құру;

·         жиналған ақпараттарға тез алуға мүмкіндік;

·         қағаз құжат айналымын айтарлықтай қысқарту;

·         мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және мөлдірлігін жоғарылату;

·         мемлекеттік сатып алу процесінде заң бұзушылық санын азайту.

Мемлекеттік сатып алу барысында тапсырыс беруші мен өнім берушінің жан-жақты мүдделері кездесуде. Мемлекет тауар нарығында ірі сатып алушы бола тұра мемлекеттік сатып алу және сату нарығында қалыптасып жатырған қатынастарды заңнамалық тәртіппен реттеуге ұмтылады. Осы құқықтық қатынастарды және басқа да сұрақтарды реттеу үшін 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және мемлекеттік сатып алу саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілді. Осы салада құқық нормалары дұрыс түсінуден және тәжірибеде қалай қолданылуынан заңдармен кепілденген құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы немесе сақталуы, заңнаманың бұзылуымен қандай залал келтірілетіндігі, мемлекеттік сатып алу үшін уақыттық, адами және материалдық ресурстарының шығындарына байланысты. Нәтижесінде құқық нормаларын дұрыс қолданудан мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі және оған азаматтардың сенімділігінің деңгейі байланысты.

Мемлекеттік сатып алу айналасында сыбайлас жемқорлықтың жолын болдырмауда электронды веб-порталдың үлкен ролі бар. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алудың құқықтық базалары жыл сайын дамытылып келеді. Негізінен заңгерлер ең басты 4 заңға мән беруі тиіс. Олар:

·         Қазақстан Республикасының Конституциясы

·         «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

·         «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы

·         «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы No 274-IV Заңы

Мұнан басқа сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлеріне қойsлатын талаптар мен құқықтық шектеулерді реттейтін қосымша заңдарға да мән беруіміз керек. Оларға санитарлық талаптарды анықтайтын, қауіпсіздік және шет елдерден алынатын тауарлар мен жұмыс түрлеріне байланысты заңнамаларды ескереміз.

Ескеретін пункттердің бірі ретінде мемлекеттік органдар мен басқармалардың жылдық, тоқсандық мемлекеттік сатып алу жоспарларына да арнайы мониторинг ұйымдастыруда да жоғарыда айтылған заң мен заңнамаларды қолдануымыз керек.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында аса жауаптылық танытып, талаптарға сәйкес келетін өнім берушілерге жұмыстар мен қызметтерді тапсырудан балаларымыз қандай мектеп, балабақша ғимараттарында білім мен  тәрбие алатындығы, халықтың сапалы сумен уақытында қамтылуы және жол сапасы мен жол қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, яғни, қоғамның әлеуметтік дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, бюджет қаржысын, соның ішінде мелекеттік сатып алуды өткізу барысында заң талаптарының бұлжытпай орындалуы  лауазымды тұлғалармен қатаң сақталуы қажет.

Мемлекеттік сатып алу аясындағы құқықтық базаның басты мақсаты бәсекелестікті шектемей, ашық және әділ мемлекеттік сатып алу жүйесін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, көптеген мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушыларымен баға сұраныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестік принципін сақтамай, теңділік құқықтарын бұзу жиі орын алатындықтан заңнамалардың толық және дұрыс жүзеге асуы өте маңызды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.      «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы No 274-IV Заңы

2.      Қазақстан Республикасының Конституциясы

3.      «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4.      «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы