БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Арапбаева Г.О. – педагогика және психология магистрі, Жунисбекова Ж.А. – п.ғ.к., доцент, Адилова Т.Э. – ФК-13-2р тобының студенті

Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова, Шымкент, Казахстан

 

Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажетті туындап отыр. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным үрдістерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.

Демек, бүгінгі күні оқыту технологиясын дамыта оқытуда бастауыш мектеп оқушыларының саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде басты құрал болып саналады. 

Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдауда бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу мен ғылыми зрттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау мен коррекциялық жұмыстр жүргізу.

Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту жолдарын қарастыру. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің барысында оқушыларда зейінді бағалау және сабақ барысында олардың зейінінің шоғырлануын қамтамасыз ету және дамыту жолдарына мүмкіндік жасау.

Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабыының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді (бір мезгіл индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдай мен ерекшелінеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталып, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте-үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады. Бастауыш мектеп оқушыларының зейінінің ерекшелігі мектепке дейінгі оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың тәрбиеші қойған мақсатқа жетуден өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні көбінесе бір заттан екінші затқа тез ауысып отырады. Олар өздігінен бір затқа зейінін бұрып, көңілін бөліп отыра алмайды. Сол себептен тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқаушылыққа үйретіп мектеп жасындағы балалардың зейінін барлық оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыру қажет. Олардың зейінің дәлдігінің өсіп отыруына түрлі шаралар қолданған жөн. Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні көбінесе қызығумен байланысты болғандықтан, оқу процесін қызықты, көрнекті етіп жүргізу керек.

 

Литература

1.Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.

2.Жігітбекова Б.Р. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің мотивациялы-мағыналық компоненттерінің дамуы. – Алматы, 2003 ж. – 43 б.

3.Орманова З. Мектеп оқуына дайындау психологиясы. – Алматы: Дарын, 2005. 184 б.

4.Крылов А. Психология. – М.: Проспект, 2001. – 584 с.