Жанажол кенорнының  санитарлы қорғау аймағы мен өндірістік қалдықтар полигонының экологиялық жағдайы

 

Оразбаева Р.С., Сланбек Есшан

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті

Казахстан, Астана қаласы

 

Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы қазіргі кезде Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отыр.  Мұнай шикізаттарын барлауда, өндіруде, дайындауда, өңдеуде және тасымалдауда қоршаған ортаның мұнаймен ластануын экономикалық және экологиялық шығындарға алып келеді. Сондай-ақ, ең бастысы табиғат пен адамзаттың денсаулығына қауіп туғызып отыр. Мұнай басқа ластағыштар сияқты емес, және оның таралу кеңдігі (ендігі) бойынша, ластаушылардың саны жағынан және бір мезгілде түскен ластаушы шамасы қоршаған ортаның барлық компоненттерінің салмағымен салыстыруға болмайды  [1].

Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай өнімдерімен ластануының қарқынды өсуі, табиғи экожүйелердің, биологиялық тепе-теңдігі мен биологиялық түрлілігінің бұзылуына қауіп төндіреді. Осыған орай өздігімен тазаланудың үрдістері күрт баяулайды, жеке топтағы микроорганизмдердің қатынасы бұзыла қоймай, сондай-ақ, метаболизмнің бағыты: тыныс алу процестері, азотфиксация, нитрификация тотығуы, целлюлозаның бұзылуы, қиын өнімдер, тамырдан бөлінетін заттардың саны және өсімдіктердің органикалық қалдықтары азаяды.

Көптеген мұнай кен орындарында - механикалық бұзылу, сонымен қатар жиі химиялық ластанудың нәтижесінде, біртіндеп топырақтың қасиетінің төмендеуі орын алады. Табиғатқа ең үлкен зиянды магистральді мұнай және газ құбырлары апаттары әкеледі.  Осындай жағдайда орташа алғанда 2 т мұнай шығарылады, бұндай көлемдегі шығарынды 1000 м3 жерді жарамсыз етеді, ал газконденсатопроводтың апаты кезінде 2 млн. т/жыл мұнай өнімдері жерге енеді [2].

Мұнай топыраққа түскен кезде, оны қасиеттерінің елеулі, кейде қайтымсыз, таушайырлы сорларға, гудронға, цементке айналуы сияқты өзгерістерге ұшырауына әкеп соғады. Бұл өзгерістердің соңы – топырақ жамылғысының, өсімдік қабатының бұзылуына, топырақ эрозиясы, деградациясы, криогенез сияқты жағымсыз өзгерістерге алып келеді. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты [3]. Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалпы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі.

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді [2]. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында  және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі  орналасқан. Осыдан «топырақ-организмдер»  экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің  бас механизмінің бірі болып табылады.

Топырақ кез келген топырақтық экожүйенің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Биосфераның тұрақтылығын сақтауда үлкен роль атқарады. Оның бақылаусыз қолдануы топырақ қабатының бұзылуына әкеледі. Топырақтың деградациялануы ғаламдық сипатқа ие және экологиялық құлдыраудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ. Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді.

Мұнай және оның компоненттері топыраққа түскен кезде геохимиялық қасиеттер мен топырақ режимінің өзгерістерінің ерекшеліктерін анықтау топырақ қабатын тазарту және сақтау жұмыстарын бағыттауға ғылыми тұрғыдан кең жол ашады.

Мұнай және  оның компоненттерінің топырақ қабатына ену тереңдігі келесі факторларға тәуелді: топырақтың гранулометриялық құрамына, ластану кезінде жер асты сулары деңгейіне, ластау көлеміне, төгілу қарқындылығына және жиналмаған мұнай мөлшеріне, мезгілге, төгілу уақытының ұзақтығына, аумақтың жатықтығына, микрорельефтің сипаттамасына,  мұнайды жинау шараларының эффективтілігіне және т.б. байланысты.

Апат кезінде мұнай топырақ қабатының 20 см тарайды. Мұнайдың көп мөлшері (90%) топырақтың 15 см тереңдігіне дейін жиналады. Ылғал құм топырақтарда мұнай ену тереңдігі 15 см кем болады, мұнайдың көп бөлігі 0-10 см қабатта жиналады [3].

Топырақтың келесі ерекшелігі  топырақ бетінде мұнайдың екіншілік таралуы. Егер бірінші жағдайда мұнай сызықтық ағу бойымен таралса, қар еру кезінде немесе көп жауын-шашын әсерінен мұнай пленкасының жоғарылап, қайтадан екіншілік таралуға әкеледі.

Бұл заттар микроағзаларға маңызды қоректік факторлары болып табылатындығы мәлім .

Мұнай өндіруді жеделдетудің тағы бір кері әсері – қоршаған ортаны мұнай және мұнайдың өнімдерінің ластауы. Ауыл шаруашылықтағы мұнаймен едәуір дәрежеде ластанған егіншілік алқаптары жарамсыз болып қалуда. Сонымен қатар табиғи ландшафтардың, агрожүйелердің компоненттері, экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Өңделмеген мұнаймен ластанғаннан кейін экожүйелердің қайта қалпына келуі және табиғи тазалану үрдісінің мерзімі өте баяу жүреді және бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты.

Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады.  Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақтың жалпы ерекшелігі: топырақ мезо- және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Топырақтық мезофаунаның жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерлі мұнайдың жеңіл фракциясы тигізеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жанажол кенорнының өндірістік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға келетін әсерді  бағалау.

 Зерттеу жұмысының міндеті :

1.    Жанажол кенорнының солтүстік санитарлы қорғау аймағының  және 2.өндірістік қалдықтар полигонының экологиялық жағдайын бағалау 

Кенорынның солтүстік санитарлы қорғау аймағы негізгі техногенді нысандардан салыстырмалы алшақ, 7 шақырым солтүстікте орналасқан. Аймақ жерінің бедері аз қыратталған, салыстырмалы жазық келген.

      Топырақ жамылғысы  жеңіл құмдақты және ашық-каштанды топырақтардан түзілген.Топырақ ластағыш нысандары ретінде тас жол желісі мен жанармай құю бекеті, сондай-ақ мұнай ұңғымалары кіреді. Бақылау маңындағы топырақтар салыстырмалы орташа техногенді өзгерістерге түскен. Мұнай ұңғымаларының және жол телімінің жақын орналасуы бұл жерлердің жолдық дигрессияға ұшырауына әкеп соққан. Сондай-ақ көлік шығарындыларының нәтижесі топырақтың ауыр металдармен ластануына себеп болған. Бақылау барысында жылына 4 рет топырақ сынамалары  санитарлы талаптарға  сәйкестігі зерттелінді. Негізгі бақыланатын көрсеткіштерге рН, ауыр металдар мен мұнай өнімдері (МӨ) кірді. Бақылау нәтижелері  1 кестеде көрсетілген.

1 кесте

Сынама алынған күн

Анықталынатын көрсеткіштер

рН

Cd

мг/кг

Zn мг/кг

Pb мг/кг

Ni мг/кг

Cu мг/кг

Feжалпы мг/кг

МӨ

мг/кг

20.09.2014

7,1

0,0088

4,11

2,22

0,66

1,12

30,0

320,0

 

27.04.2015

6,3

0,0070

9,09

1,08

0,81

4,50

22,7

88,0

 

18.06.2015

7,6

0,1102

15,06

3,41

0,07

2,55

4,9

125,0

 

29.08.2015

6,5

0,0099

11,78

4,52

0,38

1,88

11,2

249,6

 

ШРК

 

0,5

23,0

6,0

4,0

3,0

38,0

1000

 

 

     Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бақылау алаңшығында топырақ жамылғысы санитарлы талаптарға сай екендігі көрініп тұр. Алайда ластану дәрежесінің кең шамада ауытқуы топырақ қабатының  миграциялық қасиетінің жоғары екендігін дәлелдейді. Бұл жеіңіл топырақтарға сай құбылыс. Ластағыштардың негізгі бөлігі грунт суларына өтіп тұрады, сондай-ақ өсімдік қабатының аккумулятивтік қасиеті топырақтың тазаруына үлес қосады. 

       Жанажол кенорнының өндірістік қалдықтар полигоны  «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ныі қалдықтармен айналысу нормативті құжатына сәйкес ЖГӨЗ өндірістік қызметі кезінде  және тауарлы мұнай дайындау барысында өндірістік қалдықтар түзеді. Бұл өндірістік қалдықтар құрамына 10%-ға дейін мұнай өнімдері және 90%-ға дейінгі мөлшерде қатты  қалдықтар кіреді. Өндірістік қалдықтар ЖГӨЗ -2 аумағынан 500м шығыста орналасқан арнайы полигонда сақталады. Бұл полигон  ашық типті, гидроизоляцияланған шұңқырдан тұрады. Шаруашылық іс-әрекет барысында түзілетін қалдықтардың тізімі мен көлемі келесі кестеде келтірілген:

кесте №1

Жіктелу белгісі

Қалдықтар тізімі

Мөлшері

т/жыл

Дана/жыл

Қауыптілік класы

1

2

3

4

5

ЖГӨЗ бойынша барлық қалдықтар

31270,5

950

 

 

Барлығы

29270,0

-

-

1.Мазутталған грунт

4500

-

IV

2. Істен шыққан майлар

400

-

I I I

3. Металлолом

60

-

IV

4.Күкірт

24050

-

IV

5. Мұнайлы шлам

260

-

IV

 

Барлығы

2000,5

950

 

1. Істен шыққан сынап құрамды шамдар

-

950

I

2. Минералды мақта

0,5

-

IV

3. Тұрмыстық қатты қалдықтар

2000

-

V

       Өндірістік қалдықтар сақтау полигоны зоналды каштанды топырақ жамылғысында орналасқан. Алайда полигон маңындағы жер қорларының  белсенді игерілуі, морфологиясы әртүрлі қалдықтардың  жиналуы және рекультивацияциялық жұмыстардың мардымсыздығы бұл алаңдағы топырақ жамылғысының бұзылыуына әкеп соқты. Сол себепті полигон және оған соқтыратын  жол аймағын техногенді бұзылған, өзіндік қалпына келу қасиетінен толық айырылған топырақ түрлері жойылған. Жолдық дигрессия кең таралған.                                                                                       

кесте №2

Сынама алынған күн

Анықталынатын көрсеткіштер

рН

Cd

мг/кг

Zn мг/кг

Pb мг/кг

Ni мг/кг

Cu мг/кг

Feжалпы мг/кг

МӨ

мг/кг

20.09.2014

6,1

0,1880

22,34

21,22

9,66

9,12

30,0

3107,0

 

27.04.2015

6,5

0,0132

55,13

8,99

1,81

4,50

11,7

1144,0

 

18.06.2015

5,2

0,4401

48,446

33,55

0,67

11,55

65,9

5450,0

 

29.08.2015

5,9

0,3040

18,48

12,82

1,58

8,88

58,5

1550,6

 

ШРК

 

0,5

23,0

6,0

4,0

3,0

38,0

1000

 

Жаз айларында  ыстық ауа әсерінен полигоннан зиянды буланулар бөлініп тұрады. Көктем-күзгі су тасулар кезінде ақаба сулар полигон шекарасынан едәуір аумақтарға таралып, алаң маңындағы топырақ және жер асты суларын ластап жатады.

       Бақылау нәтижесі көрсеткендей өндірістік қалдықтар сақталатын полигон маңындағы топырақтың  санитарлық тұрғыдан ешқандай сын көтермейді(кесте №2). Мысалы, зерттеліну нысанындағы мырыштың мөлшері 48,446 мг/кг көрсеткішіне жетіп ШРК-дан 2.4 есеге; қорғасын мөлшері 18 маусымда алынған сынамада 33,55 мг/кг көрсеткішін көрсетіп ШРК-дан 5,6 есеге; никель мөлшері 9,66 мг/кг-ға (20.09.2014 ж.) жетіп ШРК-дан 2,4 есеге; ал мұнай өнімдері  18.06.2015 алынған сынамаларда ШРК- дан 5,45есеге артқан. Әсер ету механизмі жағынан трансгенді, мутагенді және жалпы улы әсер көрсететін элементтердің шамадан тыс көп болуы өндірістік фактордың топырақ жамылғысына тигізетін әсерінің жоғары екендігін көрсетті.

Пайдаланылған әдебиет

1.     Агенство экологической информации «Greenwoman».

E-mail: root@greenwoman.almaty.kz

  2.Справочник: Месторождении нефти и газа Казахстана, Алматы, 2007

  3. Битюкова В. Р. Экологические проблемы развития регионов РК Сб. статей МГУ. – Москва, 2009. – С. 23 - 27.