ҚОРҚЫТ АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА
ОҚЫТУШЫСЫ
БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА
Кәсіпорынның
табыстылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру жолдары
Кәсіпорынның
табыстылық деңгейін тұрақтандыру - бұл тәуекелділіктің
мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие
қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол
өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын
қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз
байланысты. Өндіріс
көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы
өзіндік құн кәсіпорынның қаржы
тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [1, 18
б.]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар
әсер етеді.
Қаржылық
тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының
бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен
құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының
дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз
қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты
көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек
таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға
бағытталған бөлігі де өте маңызды болып
табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығына қарыздық
капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша
қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның
қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары
болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те
өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде
кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің
қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге
үлкен роль берілген.
Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай
ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет)
құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен
құрылымын қоса алғандағы мүлік пен
қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы
факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық
жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші
техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және
тұтынушылар табысының деңгейі, Қазақстан
Республикасы үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң
актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы
басқалар жатады [2, 145 б.].
Кәсіпорын
басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру
бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы
активтердің құрастыру көздерінің
сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға
негізделеді.
Айта кеткен
жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты
жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет.
Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды,
яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын
қызметінің бағытын, өндірілетін өнім
(көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын
арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін
қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету
және рентабельділіктің қажетті деңгейін
қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.
– М.: ИНФРАМ, 2005. – 18с.
2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности:
Учебник / И.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред.
В.И. Стражева. – Минск: Высшая школа, 2005. – 145с.