Бекибаева М., Сарбасова Г.А., Құрманбаева К., Оразбекұлы Ғ., Әбдіқашым Ғ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

Жамбыл облысының халық санының өсу деңгейі

 

2010-2020 жылдарға демографиялық саясатты және отбасын нығайтудың мақсаты - туу деңгейін қолдау, халық өлімін төмендету және салауатты өмір сүру ұзақтығын ұлғайту. Қазақстанда қазіргі заманғы демографиялық жағдай халық өлімінің жоғары болуы, төмен өмір сүру ұзақтығы және басқа да бірқатар мәселелермен сипатталады.

Халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның гендерлік аспектісі, республикамыздың әкімшілік-территориялық, оның аймақтық ерекшеліктері, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орнын зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында.

Жас және жыныс бойынша топтарда өлімнің өсуі салдарынан республика халқы қосымша шығындарға зардап шегеді, сондықтан өлім саласында тиімді демографиялық саясатты жүргізуді талап етеді. Демографиялық саясаттың ең бастысы халықтың өсімін молайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, демографиялық үрдістерді оңтайландыруға бағытталуы тиіс.

Сансыз байлық, кең байтақ және еліміздің экономикалық табысына қарамастан, оның халқының салыстырмалы аз саны және төмен тығыздығы қолайсыз демографиялық көрністі қалыптастырады.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 1 жасқа дейінгі 3943 (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 4451) нәресте өлімі тіркелді. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,4% азайды.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы 1000 туғандарға шаққандағы нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 9,83 (11,31) жағдайды құрады (1-сурет).

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2156 (2529) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 54,7% (56,8%) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 820 (827) немесе 20,8% (18,6%), тыныс органдары ауруларынан – 277 (303) немесе 7% (6,8%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 177 (226) адамды немесе 4,5% (5,1%) құрады. Бұл мәселе өз кезегінде

1-сурет - Нәресте өлімі коэффициенттерінің серпіні

 

Көптеген аймақтарда сәби өлімінің жоғары деңгейі байқалады. Алкогольмен байланысты себептерден, кісі өлтіруден, суицидтен өлім үлесі жоғары, және де халықтың еңбекке қабілетті жастағы өлімі. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің (3,2%) аурулары, ісіктер, жарақаттар мен улану, жазатайым оқиғалардан өлім саны өсті.

Туберкулез, жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан оның ішінде алкогольмен уланудан өлім саны артты. 2008 жылы өлгендердің ішінде ғасыр дерті деп аталатын ауруларынан өлген адамдар үлесі едәуір, еңбекке қабілетті жаста жалпы санның 27,6%. Соның ішінде туберкулезден өлгендер - 80,5%, инфекциялық және паразиттік аурулардан - 74,9%, уланудан -41,5%, жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан - 72,9%.

Еңбекке қабілетті жаста осындай өлім үлесінің жоғары болуы осы құбылыстың тереңде жатқан себептерін ашуға мүмкіндік беретін тәуелсіз талдауды талап етеді. Бұл әлеуметтік проблемалардың бірі, оны шешу жергілікті үкіметтер жағынан түбегейлі шараларды қабылдауды талап етеді. Еңбекке қабілетті жаста халықтың өлім мәселесі еңбек ресурсы әлеуетін тиімді пайдалану мәселесімен тығыз байланысты. Өйткені, тек жазатайым оқиғалардан және жарақаттанудан болатын өлім табиғатта өтпелі сипатқа ие, барлық басқа ауру түрлері ұзақ уақытқа созылады және ауру адам бар күшімен жұмыс істей алмайды, сондықтан, белгілі бір деңгейде мамандық алуға жұмсалатын қаражат, тиімсіз пайдаланылады.

Жамбыл облысы бойынша 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында халықтың табиғи өсімі 22161 адамды құрады. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында туылғандар саны 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 247 адамға ұлғайды және 29724 адамды құрады. Халықтың 1000 адамына шаққанда туудың жалпы коэффициенті 2013 жылдың осы кезеңі үшін 27.36 қарсы 27.23 болды. Жоғары бала туу деңгейі Қордай (32.76), Байзақ (31.38), Мерке (27.98), T.Рысқұлов (27.96), және Сарысу (26,60) аудандарында тіркелді.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген өлім саны 7937 адам 7563 қарсы болды және 374 адамға азайды. Халық санын 1000 адамға шаққанда өлімнің жалпы коэффициенті 2013 жылы 6,93 құрады, осы кезеңде – 7,37. Өлімнің төмен коэффициенті Мойынқұмда (5.03), Байзақ ауданында (5.14), Жамбыл (5,89) және T.Рысқұлов (6.21) аудандарында жоғары: Тараз қаласында (8,02), Шу (7,74), Мерке (7,33), және де Жуалы (6,87) және Қордай (6,39) аудандарында. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім басты себептер құрылымында көшбасшы орынға ие, және 22,3% барлық қайтыс болған адамдар, 12,8% - ісіктен, 11,1% - жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан, 7,6% - тыныс алу мүшелерінің аурулары, 7,5% - ас қорыту жүйесінің аурулары құрайды.

314 сәбилер 1 жасқа дейін қайтыс болды, олардың 57% - перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлардан, 28,3% - туа біткен аномалиялардан, 4,8% - жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан. Жалпы облыс бойынша бала өлімі коэффициенті (1000 тірі туғандарға шаққанда) 1 жасқа дейінгі балалар 10.56 өлімі құрады, 2013 жылы - 13,26.

Облыста қолайлы жас-жыныстық құрылымында көрінетін жеткілікті әлеуеттер бар, дегенмен халық санының өсуін қамтамасыз ететін халықтың табиғи өсім көрсеткіштерінің күрт төмендеуі байқалуда.

Халық санының өсу қарқыны төмендеген мен барлық болжамды кезең аралығында келешекте өсуі байқалуы мүмкін. Дегенмен, облыс халықының табиғи өсімі республика халқының жалпы санының өсуін жеткіліксіз қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың қалыптасқан құрылымын сақтау үшін жеткіліксіз болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, статистикалық бюллетень. Астана, 2015 ж

2. Программа развития Жамбылской области на 2011-2015 гг.// Утвержден решением областного маслихата №26-8 от 26 июня 2014 г.