Бекибаева М., Сарбасова Г.А., Стамқұлова А., Ахан М., Әзімбай Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық даму үрдісі

 

Нарықтық қатынастарды дамыту Қазақстан Республикасының барлық облыстарында халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының өзгерістерімен қоса жүреді, оларды анықтайтын факторлардың әсерін анықтау мен бағалау, тіршілік ету деңгейі мен оның сапасы үшін осы өзгерістерді және олардың салдарларын зерттеу қажеттігін ұсынады.

Халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын талдау әлеуметтік - экономикалық және демографиялық саясаттың негізін қалайтын бағыттарын жасау үшін маңызды шарт болып табылады.

Әр өңірдің демографиялық саясатты үздіксіз жетілдіру қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық дамуында демографиялық фактор рөлінің артуымен тікелей байланысты. Қазір және болашақта демографиялық даму жолын айқындау кезінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының ерекшеліктерін есепке алу мәні артады. Бұл демографиялық үрдістердің барысын реттеу мен әлеуметтік-демографиялық құрылымдардың қалыптасуына әсер етуді және сол уақытта қазіргі заманғы әдістемелік, әрі ұйымдастырушылық базаны құру бойынша жаңа, әрі өте күрделі міндеттер қоюды білдіреді.

2010-2020 жылдарға демографиялық саясат тұжырымдамасы және ҚР отбасын нығайту елдегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін негізгі принциптерді, мақсаттарды, міндеттерді, іске асыру тетіктерін және әрекет бағыттарын анықтайды.

Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер: үш немесе одан да көп балалары бар отбасылар санын және пайызын арттыру болып табылады, әрі 2020 жылға қарай ана өлімін азайту мен қатар 100 мыңға тірі туған балалардың 15 дейінгі өліміне шаққанда (2008 жылы 33,7 жағдайлар), бала өлімін төмендету - 1000 тірі туғандарға (2008 жылы - 20,9 оқиғалар) 12, әйелдер және ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы айырмашылығын 2008 жылы 10,5 жастан 2020 жылы 8 жылға дейін төмендету, ерлер, отбасылық жәрдемақының нақты мөлшерін көтеру, жас отбасылар үшін Мемлекеттік тұрғын үй саясатының қолжетімді болуы, мүгедектерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін Қазақстанда халықаралық стандарттарға және ережелерге мүгедектер мәртебесінің сәйкестігіне жету, миграциялық өсімді қолдау, оның ішінде бағдарламаларды іске асырудың арқасында отандастарымызды тарту.

Қазақстан халқының ұлттық құрамына кеңестік дәуірдегі көші-қон толқындары үлкен әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберсе де, оның әлеуметтік құрылым динамикасындағы орны мен рөлін және олардың даму заңдылықтарын анықтау мәселесі өзінің маңыздылығын жойған емес.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанға келгендер саны 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 30,3% кеміді, Қазақстаннан кеткендер саны 18,6% көбейді, көші-қонның теріс айырымы 12157 адам құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 88,4% және 90,2% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 20,2% көбейді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 5 өңірінде қалыптасты: Алматы (22660 адам), Астана қалаларында (17548 адам) және Манғыстау (962 адам), Қарағанды (529 адам) Атырау (345 адам) облыстарында.

1-сурет – 2014 жылғы халықтың өңіраралық көші-қоны

 

Ірі-ірі Алматы секілді мегаполистердің табиғи өсімі сыртқы көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс. Халықтың ірі қалаларға қоныстануы жалпы ұлтты саясатты қоныстанушылардың орналасуларына көмек көрсетуге, жаңа кварталдардың инфрақұрылымдарын дамытуға итермелейді. Қалалық тіршіліктің даму үрдістері мен шарттары қалаға байланысты тікелей немесе керісінше қатынаста үздіксіз өзгеріп тұрады.

Қазақстан қалаларында басқа қалаларына ортақ даму беталысы тән. Олардан мыналарды атап өтуге болады. Қаланы өнеркәсіпті, өндірісті, әлеуметтік инфрақұрлымды дамытып, халықты жұмыспен қамтитын жүйе ретінде қарастыруға болады.

Қазақстанның белсенді халқының (15 жастан және одан жоғары) экономикасының құрылымы экономикалық қызметтің барлық түрінде жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұлғалардан да құралады. Жұмыспен қамтылған халық өз кезегінде мәртебесі бойынша жалдамалы және «өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен» жұмыскерлер болып жіктеледі.

ХЕҰ әдіснамасы бойынша анықталатын жұмыссыздар саны, 2014 жылғы қаңтарда бағалау бойынша 459,2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі - 5% құрады. Жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында 47,3 мың адам ресми тіркелген (тіркелген жұмыссыздар үлесі - 0,5%), (2-сурет).

Бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 1 қаңтарға экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3%-ын (32,9 мың адам) құрады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік келісімшартқа 193,7 мың адам қол қойған, оның ішінде жұмыссыздар 36,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 40,9% құрады.

2-сурет – Жұмыссыздық  және жұмыспен қамту

 

Жұмыссыздар саны туралы ресми статистика соншалықты дұрыс мәліметтер берілмейді, өйткені жұмыссыздардың көпшілігі жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелмейді, кейбір деректер бойынша жұмыс не жәрдемақы алуға сенімділігі болмағандықтан және т.б. себептермен тек қана әрбір төртінші адам ғана барады екен.

Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты ресми түрде жұмыссыздықтың жаппай қысқару үрдісі жүріп жатыр.

Жалпы жаңа жұмыс орындарын ашу, сырттан жұмысшылар әкелуді шектеу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, техникалық мамандықтарға үйрету және басқа шаралар арқылы еліміздің жастарын жұмыссыздықтан құтқару – өкімет үшін өте өзекті мәселе деп санау қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Стратегия развития Республики Казахстан до 2050 года. Послании Главы государства народу страны, декабрь 2012 года

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, статистикалық бюллетень. Астана, 2015 ж

3. Статистический ежегодник. 2006. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2006г.

4. Труд и занятость населения в Республике Казахстан. Статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 1998.