Сапарбеков Ғ.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті,
Қазақстан
Әділ құн
2012-2013 оқу
жылында кафедра оқытушыларының жалпы көлемі 38,5 болып
табылатын 52 мақаласы, халықаралық конференция нәтижесі
бойынша 30 ғылыми мақаласы жарияланды.
2013-2014 оқу
жылында кафедра оқытушыларының 72 ғылыми жұмыстары
жарияланды, халықаралық конференция нәтижесі бойынша жалпы
көлемі 38,5 болып табылатын 40 ғылыми мақала жарияланды.
Жыл сайын М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ қызметкерлері мен оқытушыларын
жоғарғы педагогикалық шеберлігі, ғылыми еңбектері
мен адал еңбегін ынталандыру мақсатында «Жылдың ең
үздік оқытушысы» атағы берілетін конкурсын
ұйымдастырады.
Кафедра доценты
Исакова С.А. «2013 жылдың ең үздік оқытушысы»
конкурсының лауреаты атанды. Жыл сайын кафедраның
оқытушы-профессорлар құрамы алуан түрлі
бағытт-бағдарда ҚР
БҒМ-мен мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісім негізінде қаржыландырылатын
қолданбалы әрі іргелі зерттеулеріне қатысады.
2010-2011 оқу
жылынан бастап кафедрада мемлекеттік бюджет негізінде «Ауылшаруашылық
құрылымның қаржы есептемесін жетілдіру пробелмалары»
атты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде (2011-2015 ж.ж.).
(Қоғамдық
сектор қаржылық есептілігінің халықаралық
стандарттарынасәйкес (ҚСХҚЕС) ҚР бюджеттік
ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің даму проблемалары)
(2013-2015) (Қоғамдық сектор қаржылық
есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша
(ҚСХҚЕС) бюджеттік ұйымдардағы қаржылық
есептілікті құру ерекшеліктері) (2013-2015).
ҒЗЖ бірінші
кезеңі – «Әлеуметтік экономика» (01.09.2010г.-01.06.2011ж.)».
ҒЗЖ екінші кезеңі – «Халықтың әлеуметтік
жағдайының қаржылық бағалау әдістері» (01.09.2011-01.06.2012жж.). ҒЗЖ
үшінші кезеңі – «Халықтың сервисі, тауарлары және
тұрмыстық қызмет көрсетулері»
(01.09.2012-01.06.2013жж.). ҒЗЖ төртінші кезеңі –
«Халықтың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі»
(01.09.2013-01.06.2014жж.). ҒЗЖ бесінші кезеңі –
«әӘлеуметтілікті дамыту мемлекеттік қолдауы»
(01.09.2014-01.06.2015жж.). Жетекші болып профессор, экономика
ғылымдарының докторы Әуелбаев С.Ш. табылады.
2012-2013 оқу
жылынан бастап екінші мемлекеттік бюджет негізіндегі «Жамбыл облысының
2010-2015 жж.индустриалды-инновациялық дамуын жетілдіру механизмі» атты
ғылыми-зерттеу тақырыбының дайындалуы жоспарланып отыр.
ҒЗЖ бірінші
кезеңі – «Жамбыл облысындағы индустриалды-инновациялық даму
саясатының жағдайын зерттеу» (01.09.12-01.06.13жж.). ҒЗЖ
екінші кезеңі – «Жамбыл облысындағы инновациялық
жобалардың инвестициялық мүмкіндіктерінің анализі»
(01.09.13-01.06.14жж.). ҒЗЖ үшінші кезеңі – «Жамбыл облысы
бойынша инновациялық жобаларды жетілдіру жолдарының механизмі»
(01.09.14-01.06.15жж.). Жетекші болып профессор, э. ғ. д. Тажибаев С.Д.
табылады.
ҒЗЖ-на
кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, сонымен
қатар, мамандықтың студенттері мен магистранттары ат салысуда.
Жұмыстың
барлық кезеңдері жетекшілермен орындалып, кафедра отырысында
талқыланатын аралық есеп беруде көрсетілген (28.05.2011ж. №11
хаттама; 13.06.2012ж.№10 хаттама).
2010-2011 жж.
Және 2011-2012 жж. оқу жылдарында шаруашылық субъектілермен
орындалатын зерттеулер жүргізілген жоқ. 2012-2013 оқу
жылында 01.01.2013жылдан 31.12.2014
жылына дейін «TARAZ-JIRON»ЖШС-мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына
келісім-шарт жасалды (25.12.2012ж. №1 келісім-шарт). Жұмыс бағыты;
«TARAZ-JIRON» ЖШС-нің стратегиялық даму перспективалары мен
қаржылық нәтижелерінің тиімділігін бағалау
және сараптау. ҒЗЖ-на бөлінген сома 2 500 000 (екі
миллион бес жүз мың теңге) құрайды.
Сонымен қатар,
кафедраның Жүсіп Баласағұн атындағы
Қырғыз Ұлттық Университетінің «Экономика
және қаржы» институтымен 04.01.2011ж.-31.12.2013ж. (01.01.2011ж.
келісім)аралығында қолданылу мерзімі бойынша келісімі бар.
2011-2012 лқу
жылында кафедраның ҒЗЖ-ның нәтижелері э.ғ.д.
Исакова С.А. «ҚР бухгалтерлік есеп пен аудиттінің дамудағы
қазіргі проблемалары», «Есеп пен аудиттің халықаралық
стандарттары», «Аудит» атты еңбектерінде көрсетілген. Сонымен
қоса, бұл еңбектер университет, факультет, кафедра
студенттері, магистранттары мен оқытушыларының кең пайдаланылатын
оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Және де,
бұл еңбектер 6N050800 «Есеп және аудит»
мамандығының магистранттары үшін «Тереңдетілген
қаржылық есеп», «Практикалық аудит» атты таңдау бойынша
ашылған жаңа пәндердің ендірілуіне түрткі болды.
Кафедраның
ғылыми семинарларында Қазақстан экономикасын модернизациялаудағы
көкейтесті проблемалары талқыланады, атап айтқанда: Ұлт
көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан білімді
қоғам жолында» (21.09.2012ж. №1 хаттама) атты интекрактивті
лекцияларының негізгі бағыттары; кафедраны
қышқтықта оқытудағы электронды базамен
қамтамассыз ету (23.11.2012ж. №2 хаттама); студенттердің
курстық жұмыс пен дипломдық жұмыстарды орындау сапасы
және студенттердің оқу мен өндірістік тәжірибеден
өту сапасын арттыру (22.02.2013ж. №3 хаттама); кафедраның
оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін
өндірістен қол үзіп және қол үзбей
жоғарылату нәтижелері (18.04.2013ж. №4 хаттама).