ҚОРҚЫТ АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА
ОҚЫТУШЫСЫ
БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ТӨМЕНДЕТУДІ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде
нақты еңбекті
үнемдеудің экономикалық дамуы
қоғамдық
еңбекті үнемдеумен салмақты нәтиже береді.
Қазіргі таңда өндірісті
ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі материалдық –
техникалық
жабдықтармен
қамтамасыз ету, экономикалық жағынан ынталандыру және
т.б. көптеген жүйелер.
Өндіріс
шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми –
техникалық прогресс
жөніндегі бағдарламалары
мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын
алады [1, 179 б.].
Өнімнің
өзіндік құнын
арзандату - еңбек өнімділігін арттырудың
шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық
заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес
өндірістік болып отырады. Өзіндік құнның
арзандау көрсеткіштері
өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен
және кәзіргі еңбектің үнемделу дәрежесін
бейнелейді.
Өзіндік
құнды кемітудің басты
факторлары:
-өндірістің
техникалық денгейін көтеру;
-өндірістің
материал, отын энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
-басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-технологиялық
процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды
жақсарту, т.б.
Шығындарды
жүйелі түрде төмендету –
кәсіпорындардың
жұмыс істеу тиімділігін
арттырудың негізгі құралы
болып табылады.
Нарықтық экономика
жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау
қағидаға жатпайды.
Ұлттық
экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына
төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми –
техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-
экономикалықпроцестерді мемлекет
тарапынан реттеу.
Ғылыми –
техникалық прогрестің
жетістіктерін іске асыру – бұл
бір жағынан өндіріс
қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде
отын – энергия ресурстарын көп пайдалану, ал екінші жағынан
тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық прогрестерді іске
асыру.
Кәсіпорынның
шығындарын талдаудың логикалық жалғасы –
кәсіпорын қызметінің шығындарын ықшамдау жолдарын
іздеу болып табылады.
Жағымсыз
жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын
жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі
анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы
қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни
ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын
үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағдарыс
жағдайы қаржылық жағдайды
тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы
механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы
аппаттық деңгейге жеткенде табыстылықты арттыруды
жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған
жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға
мәжбүр болады.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі
механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы
төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталуы тиіс.
Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында
кәсіпорын табыстылықты жетілдіру бойынша оперативтік шаралар
жүргізу, яғни ағымдағы шығыстарды азайту
және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін алдағы
кезеңде кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған тактикалық шаралар
жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық
қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол –
ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтамасыз
ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық
шаралары қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімде
уақытқа дейін сақтап тұруға бағытталуы
тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін
қаржылық жағдайды тұрақтандырудың ішкі
және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан
құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар
жасалынады.
Жүргізген
талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз
екенін анықтады. Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген
уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе
кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін
айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын
активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және
оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді
арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін
бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен
қатар кәсіпорын:
-өнімнің
өзіндік құнының құрылымын қайта
қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап,
оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға
саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына
қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің
өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің
маңызды көрсеткіші болып табылады.
Соңғы
жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі
байқалады. Өзіндік құнның өсуіне
шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне
тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен
байланысты негізгі құралдардың амортизациялық
аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың
артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады
[2, 184 б.].
Кәсіпорын
қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы
- өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің
өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы -
өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады,
өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін
тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім
өндірудің қандай көлемінде, өткізуден
түскен табыс өнімнің толық өзіндік
құнына тең болатын және табыс та, шығын да
болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай
қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді
өткізуден алынған нақты табыс, оның толық
өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпорын
ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің
тиімділігін арттыру мақсатында көптеген кәсіпорындарда
«рентабельділік шегі» деген атпен белгілі әдіс қолданылады.
Оның негізгі
мақсаттары:
-
Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім
өткізуден түскен табыстың қауіпті көлемін
анықтау;
-
Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін
есептеу;
-
Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
«Рентабельділік
шегі» – кәсіпорынның қаржылық жағдайын
оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі болып
табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін
қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға
саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл
іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін
өндірістің қауіпті көлемін анықтауға
және өткізудің қауіпті бағасын есептеуге
өте қажетті болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Анализ
хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник / И.А. Богдановская, Г.Г.
Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред. В.И.
Стражева. – Минск: Высшая школа, 2005. – 179с.
2.
Грузинова
В.П. Экономика предприятия. Москва: ЮНИТИ, 2003 г. – 184с.