Т.ғ.к.
Карсыбаева Ж.А., т.ғ.к. Кентбек С.К.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
1950-1980 жылдардағы
Қарағанды қаласындағы тұрғын үй
құрылысы тарихы
Н.С.Хрущевтің
билік еткен кезеңі (1953-1964 жж.) тарихи еңбектерде «ұлы
онжылдықтар» деп аталды. Н.С. Хрущевтің
бастамасымен қолға алынған қайта
құрулардың түрлі аспектілерінің
дұрыстығы өмірмен дәлелденген керемет жұмыстар
ретінде бағаланды. Саяси аренадан Н.С.Хрущев кеткен соң
тарихи-партиялық зерттеулерде осы коньюнктуралық сипаттардан бас
тарту талпыныстары жүрді. Хрущевтік билік кезеңі қала
құрылысына да, қаланың сыртқы келбетіне де
өз әсерін тигізді.
Үйлерді
«хрущевтік» жоспарлаудың пайда болу тарихына келсек, 1-335 хрущевтік
сериялық ірі панелдік жоспарлауы 50-60 жылдардағы кеңес елі
аумағындағы үйлерді жоспарлаудың ең танымал
түрі болған. Үйді 1-335 хрущевтік сериялық ірі панелдік
жоспарлауы сыртқы келбеті жағынан 1-507 сериялық, үйді
барынша сәтті жоспарлауы және шамамен 7 шаршы метр болатын
асүй бөлмесі бар, халық арасында «брежневка» деп
аталған үйлерге ұқсастығы бар. Бір
қызығы, 1959 жылы басталған «хрущевтіктердің»
құрылысы кеңес елінде ең алдымен Петербург пен
Мәскеуге арналғанымен, 1966 жылы климаттық жағдайларға
сәйкес болмағандықтан тоқтатылған. Бір
таңқаларлығы, бұл фактор үйлердің осы
серияларын жаңғыртуға және 1980-ші жылдардың
соңынан дейін климаттық жағдайлардан тәуелсіз,
кеңес елі бойынша оларды салуға кедергі болмады. Шаршы болып
көрінетін терезелі үйлер, темір 4 скаттық төбелер
(техқабат сияқты), сонымен қатар үйдің үсті
мүлде жазық және қоймасыз (техқабат мүлде
жоқ) болуы мүмкін немесе жазық скаттық болуы
мүмкін. Үйдің жоспары алаңқайда төрт
пәтерді орналастыруды қарастырады. Пәтерлердің жоспары: төбенің
биіктігі шамамен 2,55 метрлік болатын бір бөлмелі, екі бөлмелі,
үш бөлмелілер болады. Пәтерді жоспарлау келесідегідей
қарастырылған, «хрущевтік» үйдің орталық
бөлмесі әрқашан өтпелі болады, яғни осыдан
басқа бөлмелерге шығасыз. Су беру мен жылумен қамтамасыз
ету орталықтандырылған. Үйдің жоспары қоқыс
шығару жолы мен лифтіні қарастырмаған. «Хрущевтік»
үйлердің қабаттары -5 қабаттыдан басқа 7
және 9 қабаттықтар болады, 3 және 4 қабаттылар
сирек кездеседі. Бұл үйлердің бір артықшылығы деп
балконнан басқа үй ішінде қойманың болуы табылады [1, 127 б.].
Үйдегі подьездердің саны үшеуден басталады. Хрущевтік
үйлердің панельді болуына байланысты қысты күндері ауа
–райының қатты суытуына байланысты үй
қабырғаларының іштегі жылуды сақтауы төмендейді,
ал керісінше жаз уақытында ыстықты үнемі сақтап
тұруы адамдардың тұрмысында қолайсыздық
туғызатыны рас.
Кеңестік
кезеңде, 1961 жылы «хрущевтік» жоспармен ірі панельдік каркасты
үйлерді салудың өзіндік құны тарихтың
өне бойында ең төменгісі болды және әр шаршы метрге
96 сомды құрады. Жалпы алғанда, өз уақытында
бұл сұранысқа ие және маңызды тұрғын
үй болды, себебі тұрғындардың көп бөлігі
ағаш барактар мен коммуналдық үйлерде тұрып жатты.
Қазір де, аз болса да сондай жағдайда тұрып жатқандар
бар. Тұрғын үйге деген сұраныс әлі де
жоғары.
1970 жылдан
бастап қалада жайлы тұрғын үйдің 2 млн. шаршы
метр, 19760 оқушы орнына есептелген жалпы білім беретін мектептер, 9,8
мың орындық мектепке дейінгі балалар мекемелері, 3400 орындық
кинотеатрлар мен клубтар, 1095 кереуеттік ауруханалар, коммуналдық
шаруашылық пен тұрмыстық қызмет көрсету, сауда
обьектілерінің бірқатары салынды. Тек оныншы бесжылдықта
ғана шамамен 100 мыңдай қарағандылықтар өздерінің
тұрғын үй жағдайларын жақсарта алды. 1961 жылы
қалада бірқабатты үй салуға тыйым салынды.
Сондықтан 70 жылдары көпқабатты үйлердің
үлестік салмағы пайдалануға берілетін тұрғын
үйдің жылдық көлемінің 35 пайызын
құрады. Дәл осы тоғыз және он екі қабатты
үйлер қаланың сыртқы келбетін біршама өзгертті.
1981 жылдың басында Қарағандыда 7500 шаршы
метрден
асатын пайдалы аумағы бар он алты қабатты үй
тұрғындарға берілді [2, 114 б.].
Қаладағы
құрылысы жаңа бас жоспарға сәйкес
жүргізілді, онда 5 ірі аудандар жоспарланған болатын: соған сәйкес 1985 жылы қала территориясын 4 ірі тұрғын
үй массиві құрады: Жаңа қала (250 мың
адам), Оңтүстік-Шығыс 70 мың адам),
Майқұдық (200 мың адам), Пришахтинск (50 мың
адам) [3,
159 б.].
Қорыта келе,
Қарағанды қаласындағы тұрғын үй
құрылысының дамуында 1950-1980 жылдары көлемді
өзгерістер орын алды. Қала тұрғындар санының
өсуі тұрғынжайға деген сұранысты арттыра
түсті. 1950-1960 жылдары салынған хрущевтік үйлердің
салынуы қала тұрғындарының баспанамен қамтамасыз
етілуін біршама жақсарды, бірақ тұрғын үй
құрылысында қиындықтар да орын алды. Қала
аумағында салынған тұрғын үй массивтері
қаланың дамуындағы 1930-1940 жылдармен салыстырғанда
тұрғындар үшін барынша қолайлы етіп салынды.
Әрине, қала құрылысы өз дамуының жаңа
кезеңіне шықты және көптеген жетістіктерге қол
жеткізген табысты кезең болды.
Әдебиеттер:
1
Хавин А.Ф. Караганда - третья угольная база СССР. Алма
–Ата: Казгосиздат, 1954.-240 с.;
2
Караганда. Серия: История городов Казахстана./под. ред.
Елагина А.С.-Алма-Ата: Наука, 1989.-192 с.
3
Досмагамбетов С.К. Центральный Казахстан: природа и
природные ресурсы, события и люди, реформы и развитие. - Алматы : Желтые
страницы, 2003. - 562с.
4