Педагогические  науки/ 2.Проблемы подготовки специалистов

 

Мектептегі информатика курсының алатын орны жайлы мәселелер

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Есеналиева М.К., Құрманалиева Д.М., Сулайманова А.А.

 

 

Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте жалпыбілім  берудің  мақсаттарын,  өзінің  заңды  қоры  негізіндепедагогикалық саясатының жалпы принциптерін қалыптастыратынмемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудіңгуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғарытұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы,азаматтық тәрбие және отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұрады. Сондықтан, мектеп алдына төмендегідей үш негізгі мақсатқойылады:

1) білім беру;

2) тәрбиелік;

3) практикалық.

         Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсаттарға, яғни нақты тақырыптарды оқыту мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан, ол даму үстінде. Оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасуда. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді. [1]

Мектепте оқытуда оқу пэнінің алатын орны (оқу жылдары бойынша басқа пәндермен салыстырғандағы сағат көлемі және оқытумерзімі) мектептің оқу жоспарымен анықталады. Бурынғы кезде ұзақуақыт бойы біздің мектептер барлық мектептерге арналған бірдеймазмұнда оқу жоспары бойынша жұмыс жасады. Оқу пәндерініңтізімі мен ережелер жиынтығы орталық білім беру басқармасындақатаң түрде белгіленіп, аймақтық жэне мектептік деңгейде оныңешбір бөлігі өзгертілмейтін болды. Мүндай жағдай (факультативтікпәндер тобын оқу жоспарының бөлігіне енгізілуіне байланы-

сты 1960 жылдардың ортасына қарай бір ғана ерекше құбылысболған вариативтіліктің аздаған факторларын есептемегенде) өткенғасырдың 1980-1990 жылдарына дейін сакталып келді.Сонымен, 1985 жылы жүзеге асырылған «Информатика жәнеесептеуіш техника негіздері» жаңа оқу пәнін мектепке енгізу кезінде бүл пәннің «қатаң» оқу жоспарында (яғни, ешбір бүкпесізбілгірлікпен оқу пәнінің аты, оған тиісті оқыту мерзімі мен сағат

көлемі нақты белгіленген) алатын орны жэне белгілі болғандай мектепте соңғы екі жылда (ол уақытта 9 жэне 10 сыныптарда) оқытуанықталды. [2]

Жалпы білім беретін орта мектептерде 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың  негізгі түрі – сабақ. Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады.

         Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс – әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.

        Кез – келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс - әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс - әрекетін түрлендірііп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс - әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.

Осы орайда Л.Н. Толстойдың «... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақта жан – жақты ойластырса және оны оқушының шама – шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой - өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалы.[3]

 

 

Әдебиеттер

 

1.     Т.Қ. Қойбағарова, Р.А. Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі.Павлодар қаласы2013 ж. 18-19 бет //e-mail: rio@ ppi .k.

2.     Е. Ы. Бидайбеков, М. П. Лапчик, Ж. К. Нұрбекова,А. Е. Сағымбаева,

Г. С. Жарасова, Н. Н. Оспанова,Д. Н. Исабаева. Информатиканы оқыту

әдістемесі.99-бет//Алматы, 2014.

3.     А.Бочкин.   Методика   преподавания   информатики.  //Минск "Высшая школа"  1998.